Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі


Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары



бет4/10
Дата14.06.2022
өлшемі355 Kb.
#36821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.2 Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары


Педагогика ғылымының даму және қалыптасу тарихына көз салсақ казақ педагогикасында гуманистік сипатта білім және тәрбие беру мәселелері ерте уақыттан бастап-ақ зерттеу нысанасына айналғанын байқаймыз. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие жүйесіндегі ізгіліктік тәрбие мәселесі оқу-тәрбие мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылатындығы елімізде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ ағартушыларының еңбектерінде атап көрсетілген болатын. Онда адамгершілік тәрбиесінің ізгіліктік компоненттерінің жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру потенциалының жоғары екендігін және қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген педагог-ғалымдардың оқу-тәрбие процесін гуманитарландыруда адамгершілік тәрбиесінін. теориялық базасын күшейтумен айналысып жатқандығына ерекше назар аударылған еді. Бұл зерттеулерде болашақ педагог мамандардың құндылық бағдарды қалыптастыруда еліміздегі құндылық бағдарды қалыптастыру теориясы мен мазмұнының дамуына жан-жақты талдау жасамай нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі төмен деп саналғаны айқындалды. Осы тұрғыда құндылық бағдарды қалыптастыру адамгершілік тәрбиесінің нәтижелі көрсеткіші ретінде қабылдануы тиістігі, тек адамгершілік тәрбиесінің теориялық және эмпирикалық мазмұнын талдау, қорытындылау арқылы құндылық бағдардың құрылымдық мазмұнын айқындау мүмкін болады деп саналады. Осы ұстаным негізінде жеке адамның құндылық бағдарды қалыптастыруды ұйымдастыру мазмұны мен әдістемесін дайындау міндеті анықталып, аталған міндетті жүзеге асыру үшін қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік жүйесіне тарихи-педагогикалық зерттеу ұйымдастырып, олардың жас ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастыруда алатын
Осыған байланысты, тәрбиеленуші мен сыртқы әлем арасындағы шынайы қарым-қатынастар жүйесінен педагогикалық зандылықтар сипатына ие болатын объективті себеп-салдарларын айкындап, атап өтуге тиістіміз деп санаймыз. Бұл орайда жалпы педагогикалық процестегі тәрбие қызметі мен даму заңцьшықтары арасынан бастысын жеке атап көрсету қажет, ол - жеке тұлға дамуына бағытталған бағдар. Жеке тұлғаның жалпы мәдени, әлеуметтік-адамгершілІк және кәсіби дамуы неғұрлым өзара үйлесімді болса, адам мәдени-гуманистік қызметін жүзеге асыру барысында соғұрлым еркін және шығармашыл болмақ. Бұл зандылықтан білімнің құндылық метақағидалары жүйесіндегі жетекші қағида - жеке тұлғаның үздіксіз жалпы және кәсіби дамуы қағидасы келіп туындайды. Оның жетекші болу себебі, басқа қағидалардың негізінде де осы заңдылық жатады және олар осы жетекші қағиданың жүзеге асырылуының ішкі және сыртқы жағдайларын жасай келе, оғаы бағынышты болады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, білім беруді жеке тұлғаның үйлесімді дамуының басты шарты болып қарастырылады. Тәрбие болу үшін, Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, ол "дамудың жакын аймағына" бағытталу керек. Бұл бағыт кез-келген жас кезеңінде жеке тұлғаның дамуы үшін міндетгі түрде жан-жақты емес, бірақ міндеггі түрде объективті қажетті қасиеттермен қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын қоюды талап етсді. Бүгінгі таңда адамға тек негізгі кәсіби білім беріп қана коймай, жалпы адамзат мәдениетін игертуге, осының негізінде, жағымды субъективті (жеке тұлға қажеттіліктері) және білім берудің материалдық базасы мен кадрлар мүмкіншілігімен байланысты объективті жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаның барлық жағынан дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Яғни, жағымды субъективті қасиеттері – құндылық бағдардың рухани заңдылықтарын қажетсінуі, оларды пайдалы әрекеттерде колдану және соның нәтижесінде гуманды әрекеттерді таңдау мүмкіндіктері дамиды. Таңдау мсн талғам әрекеттері даралық қасиеттерге ие болғандықтан оларда құндылық бағдардың "тұлғалық -даралық" сапалары қалыптасады.
Олай болса, осы арада - құндылық бағдарды әр уақытта гуманитарландырудың қажетті шарты болмайтындығын есте сақтау қажет. Құндылық бағдарды гуманитарландырудың қажетті құрастырушысы болуы үшін ең кем дегенде оның адам бойында ізгі ниет пен ізгіліктік қасиеттерді қалыптас-тыруы міндетті болып саналады және жоғары мәдениет түрінде іске асырылуы қажет. Егер біз оқу-тәрбие процесін гуманитарландырсақ, аксиологиялық тұрғыдан алып қарасак, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде "адамдардың мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрекет жүйесі деп санауға болады (саяси, экономикалық, психологиялық, педагогикалық және т.б.) деп тұжырымдай аламыз. Осыған сәйкес, тұлғалық-бағдарлаушы көзқарастардың жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы болып табылады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама сипатына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды. Сондықтан оның ізгіліктік бағытталуы негізінде ғана ортаның сапалық тәрбиеленуі жүзеге асады. Бұл тұрғыда «құндылық бағдар» адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа, өзіне қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің дамуын көрсететін сипаттама ретінде беріледі. Сол себепті ізгіліктік бағыттылық құндылық бағдар құрылымдық мазмұнын анықтаушы басты әлемент болып саналады.
Екінші назар аударатын мәселе - жеке тұлғаның құндылық бағдар қалыптастыру гуманистік тәрбие жүйесінің бағыттаушы нәтижесі ретінде ізгіліктік ұмтылыстардың өзара әрекеттесуіне тәуелді болатынын, яғни жеке адам психикасының ерекшеліктерін ескеруді қажет ететінін көрсету.
Бұл пікірге психологиялық-педагогикалық зерттеулерден көптеген дәлелдемелер табуға болады. Жеке алып қарастыратын болсақ, Ресей психологы А.Н.Леонтьевтің "адам қоршаған әлем алдында жалғыз өзі тұрған жоқ, оның әлемге деген қатынасы барлық кезде адамның басқа адамдарға деген қарым-қатынасымен байланысты болып келеді, ол өз қызметі барысында адамдармен өзара қарым-қатынаста болады" деген тұжырымын есепке алу қажет екенін байқаймыз. Қарым-қатынас өзінің әуелгі сыртқы формасына (бірігіп әрекет жасау, ауызша немесе ойша қарым-қатынас) сәйкес адамның қоғамда дамуының қажетті және ерекше шартын құрайды. Материалдық және рухани мәдениет жүйесін игеріп, оларды өзінің қажеттілігіне, "өз даралығының органдарына" айналдыруы үшін адам өзін қоршаған әлем құбылыстарымен қарым-қатынасқа басқа адамдар арқылы, яғни басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы түседі. Сондықтан түрлі жас ерекшеліктеріндегі ізгілік тәрбиесінің, түрлеріне байланысты. Құндылық бағдар қалыптастырудың мазмұны өзгереді. Жас және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты ізгіліктік ұмтылыстары бағытты және мақсатты болады, сондықтан олардың құндылық бағдар қалыптастыру нақты бағдарланған мазмұнға бейімделуі тиіс. Олай болса, құндылық бағдарды қалыптастыру арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процестерге және шарттарға тәуелді болады. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімділігі окыту процесінің екі жақтылығының қызметтік қатынасы мен тұлғаны қалылтастыру әрекеттерін басқару стиліне байланысты. Құндылық бағдардың мақсат-міндеттерінің бұрмаланбауы және олардың сезімдік деңгейде шсшілмеуі педагогикалық өзара әрекеттесудің дұрыс қойылуына тікелей қатысты. Сондықтан бүгінгі күні педагогика ғылымында құндылық бағдар метақағида - жске тұлғаның дамуына бағытталған құндылық бағдарды қалыптастырудың теориялық және практикалық мазмұнын анықтауда тәрбие процесінің тұтастық принципі мен әрбір халықтың ұлттық-рухани құндылықтар мазмұнына бағдарлануы күн тәртібіне қойылуы дұрыс деп санаймыз.
Осындай дараланбаған педагогикалық өзара әрекеттесуде әркімге қатаң түрде бөлініп берілетін рөлдерді ұсынуға болады. Олар басқа құндылық бағдарды метақағида - полисубъективті (диалогтік) әдіске қарама-қайшы келеді Бұл қағидаға сәйкес тек "субъект - субъект" қатынастары, оқуда тең құқылы бірігіп әрекеттесу жағдайларында ғана жеке тұлғаның үйлесімді дамуы мүмкін. Педагогтің суперпозициясы мен құндылық бағдары субординациялық позициясы жеке тұлғалық тұрғыдан тең кұқықты, өзара бірігіп әрекеттесуші адамдардың позицияларына айналу керек. Мұндай өзгеру педагогикалық процеске қатысушылардың рөльдері мен қызметтерінің өзгеруіне тікелей байланысты. Педагог мұнда тәрбиелемейді, оқытпайды, ол тұлғаның өз бетімен дамуға деген талпынысын өзектендіреді, колдайды, онын белсенділігін зерттейді, өз бетімен әрекет етуіне жағдайлар жасайды, яғни өз мүмкіндігін қабілетіне сәйкес бағалау еркіндігін қалыптастырады.
Алайда, педагогикалық процесті диалогизациялауды - бұл "жұп педагогикаға" кайта оралу деп түсіну емес, өйткені мұнда бірігіп әрекеттесу формаларының толық жүйесін қолдану талап етіледі. Оларды енгізерде оқу мәселелерін шешуде педагогтің барынша жәрдем беруінен бастап, олардың біртіндеп өз белсенділіктерінің өсуіне дейін, одан оқуда өзін-өзі тәртіпке келтіре алатын жағдайға жетіп, олардың арасында серіктестік қатынастар пайда болғанша белгілі бір тәртіп, динамика сақталу керек. Педагог позицияларының өзгеруіне байланысты бірігіп әрекеттесу формаларын қайта құру өзін-өзі дамыту жолына дербес бет алған окыту субъектісін өзін-өзі өзгертуіне мүмкіндік береді, атап айтқанда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың демократиялық стилін қолдайды. Демократиялық басқару стилі жеке адам бойында сенім қатынасына негізделген құндылық бағдарды қалыптастыруға себепкер
болатыны белгілі. Құндылық бағдарды қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың және басқарудың альтернативті (балама) формалары мен стильдерін колданған жөн деп есептейміз.
Сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы арқылы құндылық бағдарды құндылық бағдарды қалыптастыру процесі онын даралану дәрежесі мен шығармашылық бағыттылығына байланысты. Бұл заңдылық тәрбиенің даралық-шығармашылық әдісі деген метақағидасына негіз болады. Ол тұлғаға өзінің қаншалықты өсіп дамығанын сезініп, қойған мақсатына жеткенде қуануына мүмкіндік береді. Даралық-шығармашылық әдістің, негізгі мақсаты жеке тұлғаның өз қабілеттерін көрсете білуі үшін, оның шығармашылық мүмкіндіктерін анықтап (диагностикасын жасау), дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Дәл осындай әдіс құндылық бағдарды қалыптастырудың жеке тұлғалық деңгейін де қамтамасыз етеді.
Гуманистік тәрбие құндылық бағдарды жалпы адамзаттық құндылықтарының әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі ретінде қарастырылады. Гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан жеке тұлғаны көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Мұның негізінде жатқан заңдылыққа сәйкес педагогикалық процесс қатысушыларының адамдардың тағдырына, коғамның болашағына деген жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстанып, педагогикалық этика нормаларын сақтайтындарын көрсетеді. Бұл қағида жеке тұлға педагогикалық процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете бермей, керісінше бұл жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып, саналы және жоспарлы түрде өзік-өзі кемелдендіре алатындай іште орныққан белсенділікті талап етеді.
Сондай дәстүрлі қоғамның құрылымының ғасырлар бойы шаңырағын шайқалтпай ұстап тұрған, халық мұраларының тарихи процесінде жоғалып кетпеуіне себепші болған құдірет - адамгершілік принциптеріне негізделген руханилық болатын. Қазіргі модернизациялану заманында қазактың рухани кұндылықтары сақталуы мумкін бе? Әлде жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығын мойындап қана алға жылжуымыз керек пе? Оған елбасымыздың "...бүгінде қазақ санасына ұялаған әлемдік ахуалдың қаншалықты маңыздылығына қарамастан, ең "басты діл" діни де емес, өркениеттік те емес, ұлттық діл болу керек", - деген пікірін келтіруге болады.
Өйткені, құндылықтар жүйесінің әртүрлі элементтері болып есептелетін жеке, топтық, кауымдастық, жалпы адамзаттық құндылықтар иерархиясы бүгінгі Қазақстан жағдайында белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік мәселе. Одан адамның жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық құндылықпен сәйкес келіп жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал қалыптасар еді деген ой қалыптасады. Себебі, жалпы адамзаттық құндылықтар, шынайы діни құндылықтар сияқты (оларды дін атын жамылып адамдарды алалауға, бір-біріне қарама-қарсы қоюға шақырып жүрген іс-әрекеттермен шатастырмау қажет) адамдардың "Эгосына", өзімшілдігіне қызмет етпейді. Олар моральдық жағынан тазаруға, тәубаға келуге, гуманистік іс-қимылдарға шақырады. Ал жеке бастық немесе топтық құндылықтар (оның этникалық, әлеуметтік қауымдар, ұйымдар түріндегі формалары болсын) көбінесе өзінің шектеулі мүдделерін қорғау мақсатында қалыптасады. Сондықтан олар өздерінің кейбір жағымсыз іс-әрекеттерін алалауға бейімділік танытумен болады.
Міне, құндылықтар теориясының классикалық түсініктерінде де жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру онын рухани дамуының мазмұнына байланысты екендігі анықталып отыр. Олай болса, зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің ең бастысы халқымыздың рухани кұндылықтарының мазмұнын анықтау болып табылады. Олардың ішінде қоғамдық формациялардың ауысу кезеңдеріне төтеп беретін бұлжымас, өзгермейтін құндылықтар болады. Сондықтан рухани кұндылықтарды - адамның шынайы болмысының нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын ақиқаттың түрлі құбылыстары деуге болады. Рухани кұндылықтардың материалды құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциалын ашуға көмектеседі, жалпы рухани үйлесімдікке қызмет етеді. Ол әлеуметтік дүниеден әділетсіздікті, үйлесімсіздікті күшпен емес, ыстық ықыласпен, жүрек жылуымен, нұрымен орнына келтіруге, түзеуге тырысады. Сондықтан оларды жалаң Зердемен, қарапайым логикамен түсіндіріп беру мүмкін емес болады.
Бұл ойдың негізгі түптамыры Қазақстандағы халықтар арасындағы "өзара кірігу үрдісінің іргетасы ұлттық мемлекеттілік болып табылады", -деген тұжырымда жатыр. Әрине, енді ғана тәуелсіздігін алған ел үшін бұндай бағдардың тарихи-әлеуметтік қажеттілігі зор. Дегенмен де ұлттық кейпін, мазмұнмен қоғам дамуы. діннің өрістеуі шектелмейтіні де белгілі. Сондықтан ұлттық діл жалпыадамзаттық құндылықтардан сусындап, акиқаттың шынайы рухани дамуымен астасып жатса ғана үнемі жаңғырып отыратынына күмән келтіруге болмайды. Бұл орайда адамзат тарихында өздерінің қайталанбас ізін қалдырған ғұлама ойшылдардың рухани мұрасын зерттеу және олардың тәлімдік ойларын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану үлкен маңызы бар әрекет болып табылады. Өйткені, Қорқыт, Асан Қайғы, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұд Қашқари, Абай, Шәкәрім сияқты т.б. тұлғалар өз заманының рухани байлығын өз дүниетанымдарында қордалайды, жүйелейді, халқына паш етеді.
Түрлі тәрбие жүйелері арқылы қазақ этнопедагогикасындағы ізгілікті ойларға негізделген қазіргі уақытта оқу мекемелерінің тәрбиелік потенциалдарын күшейту, қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық, рухани құндылықтар туралы білімдік мазмұнын анықтау, халық педагогикасының рухани-ізгіліктік құндылықтарын тұтас қабылдау; адам бойындағы ізгі қасиеттерді құрметтеу және дұрыс бағалай білу; ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтармен үйлесімділігін сақтау, ұлттық мәдениет пен гуманистік тәрбиенің үйлесімділігін қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет