Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет9/10
Дата14.06.2022
өлшемі355 Kb.
#36821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды


Құндылық бағдары оқу танымдық әрекеттің сапалық мотивіне ыкпал ете отырып, білім беруді жандандырады; құндылық бағдары әрекеттің жиынтығымен байланысты және оның орындалуын анықтайды; құндылық бағдары оқушыларға өзінің әрекетін таңдауға мүмкіндік береді; құндылық бағдары жеке бастың дамуына ықпалын тигізеді; кұндылық бағдары оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде белсенділік мөлшерін анықтайды; «құндылық» және «құндылық бағдары» категориялары - бұл жалпы ғылыми категория; жақсылық, ақиқат, әдемілік және әділеттілік ө мәнділігіне қарай адамзат үшін тұрақты мінезбен ерекшеленеді, тұрақтылыққа қатысты жоғарғы құндылықты категорияға кіруі мүмкін; педагогикалық құндылықтарға: білім, біліктілік және дағды; жеке бас қасиеттері; оқу қызметінде қарым-қатынас мақсатына жету құралы ретінде; көзқарас жәнс сенім жүйесі; жеке мінездердің жиынтығы жатады; құндылықтар бағдарының объектісі ретінде өзін-өзі бағалауға және жеке өміріндегі және қоғамдық өмірдегі жаңа құндылықтар мен қажеттіліктерді білуге адамды тұрақтандыруға бейімдейді; тұлға қалыптасуында адамның сенімі мен идеалдары, қызығушылығы, мақсаттары құндылық бағдарымен анықталып, басты рөл атқарады; құндылык бағдары жеке түлғаның максаттық, үміткерлік, адалдық сапаларын, анықтаушы принциптер мсн идеалдарды ерікті істергс қабілеттілікті арттырудың белгілі типінде қызығушылық қажеттілігіне карай бағыттайды; құндылық бағдары күшіне жеке тұлғаны басқару, мотивациялау саласы кірсді. Окытудың мотивациясына саналы адамзатты ішкі және сыртқы қайта жасақтаудың нәтижесі және ең бірінші адамның бағалы құндылығы жатады.
Дипломдық жұмыста келесі міндеттер шешілді:
«Құндылық бағдар» ұғымын теориялық тұрғыдан нақтыланды және «оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру» түсінігінің мазмұнын және мәнін ашылды. Гуманистік тәрбие құндылық бағдарды жалпы адамзаттық құндылықтарының әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі ретінде қарастырылады. Гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан жеке тұлғаны көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Мұның негізінде жатқан заңдылыққа сәйкес педагогикалық процесс қатысушыларының адамдардың тағдырына, коғамның болашағына деген жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстанып, педагогикалық этика нормаларын сақтайтындарын көрсетеді. Бұл қағида жеке тұлға педагогикалық процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете бермей, керісінше бұл жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып, саналы және жоспарлы түрде өзік-өзі кемелдендіре алатындай іште орныққан белсенділікті талап етеді.
Жаңа типті мектептерде оқушыларда білімге құндылық бағдарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық» моделі жасалды.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласын сипаттайтын сараланған білімдердің жекелеген көрсеткіштері:
I. Жеке тұлғаның құндылық бағдары:

II. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі:
жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығы туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің механизмдері туралы (амалдары);

  • жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттері туралы;

  • жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің зандылықтары туралы;

  • жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің қайшылықтары мен оларды білу туралы;

- жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін жеке тұлғалық интегралдық қалыптасу екендігі туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттерінің өзара байланыстылығы туралы;
IIІ. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы:
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығы туралы;

  • жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының бағдарламасын жасау туралы;

  • жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының нәтижесін «көре білу» туралы;

  • жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының нәтижесіне қарап, тәрбие жұмысын жоспарлауы;

  • жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын компьютерлеу туралы;

  • тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтау туралы;

  • мұғалім мен бағдарламаны жасаушы (программист) арасындағы іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігін білу туралы;

ІV. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-өдістемелік жүйесі:
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемесінің маңыздылығы туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін қолдану туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми- әдістемесінің қажеттілігін сезіну, ұғыну туралы;
- жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемесін оқу процесінде тиімді пайдалану туралы білім негіздерін үйрену, саналы түрде меңгеру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет