Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет3/10
Дата14.06.2022
өлшемі355 Kb.
#36821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Терминалдық құндылық сапасына В. А. Ядов мыналарды жатқызады: шығармашылық махаббат, еркіндік, әдемілік, таным, ақыл-ой, жұмыс, достар, жанұя, белсенді өмір сүру, өз-өзіне сену, өзіндік қабілет, денсаулық, қоғамдық жауапкершілік, бейбітшілік.
Құрал-жабдьщтық құндылықтың сапасы көтеріңкі көңіл-күй, тапқырлық, тәрбиелік, шыдамдылық, шыншылдық, ой өрістің кеңдігі, жоғары талғам, бақылау, жауапкершілік, ұқыптылық, шешім қабылдаушылық, нақтылық, оның құралы болып табылады.
В. П. Тугаринов құндылықтың бірінші топтамасын белгілейді: өмір құндылығы (өмір, денсаулық, өмір қуанышы, адамдармен қарым-қатынас); мәдени құндылық, материалдық (техника, тұрғын үй, тамақ, киім); саяси -әлеуметтік (шыншылдық, бейбітшілік, әлем, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, адамгершілік) және рухани құндылық (білім, ғылым, өнер) болып беледі.
С. Ф. Анисимов көзқарасы бойынша құндылық жіктемелерінің топтары: тұрмыстың жоғарғы құндылықтары - адам және адамзат; адамдардың материалдық өміріндегі құндылық; әлеуметтік құндылық; қоғамның рухани өміріндегі құндылық.
Құндылықтың негізгі қызметінің аймағы экономикалық, биологиялық, эстетикалық, этикалық, саяси қажеттіліктерге ие болады.
Құндылық жіктемесінің топтарына қарай ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас пайда болды: құндылық - индивиді мән беретін «психологиялық мінездеме» құндылығы; құндылық - индивидінен тыс «құндылықтың әлеуметтік маңызы».
Біздің ойымызша құндылық ол қарым-қатынас, қоғамдық деңгейдегі құбылыс, ол қоғам мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани байлығы, қоғамның жеке тұлғамен қарым-қатынасы.
Қорытындылай келе құндылық мәдениеттің, ғылымның, әдебиеттің, этиканың негізгі өзегі бола келіп, жоғарғы құндылық деңгейін көрсетеді:
адамгершілікте - мейірімділік; танымда - шындық, этикада - эдемілік, құқық пен саясатта – шыншылдық. Сонымен педагогикалық құндылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты қарастырамыз. Педагогикалық құндылыққа мыналарды да жатқызуға болады: окушыны оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен қорытындының идеалы; білім, қабілет пен дағдылар, оқу -тәрбие процесінде мақсатқа жетудің негізі; еңбектегі, адамгершіліктегі, саясаттағы тэрбиенің жеке басындағы қасиеті; дүниетаным мен сендіру жеке тұлғаның мінез құлқына байланысты болады.
Құндылық бағдары ішкі дүниетанымға негізделе отырып, мынандай белгілермен құрылымдық, жеке тәжірибелік көңіл-күй жиынтығымен анықталады. А. Г. Здравомыслов өзінің еңбегінде, барлық құндылық бағдарының жиынтығы, жеке тұлғаның өзіне тән ой орталығының тұрақтылығы мен белгілі бір қабілет-қасиетімен қамтамасыз етіледі» Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғаты езінің құрамымен көрініс береді. Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғатын И. Кон былай деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша құндылықтар бағдары «... бір мезгілде әлеуметті және жеке болып табылады». Олардың әлеуметтік болу себебі: қоғамдық тәрбие, жедел даму және т.с.с. қоғамдық жүйелердің жағдайына негізделген құндылықтар бағдарының жиынтығы, берілген қоғам мүшесіне тән әлеуметтік мінезге ие. Сонымен қатар олар жеке, себебі онда адамның өмірлік қайталанбас тәжірибесі, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзіндік ерекшеліктері көрсетілген.
Құндылықтар бағдарының әлеуметтік табиғаты оның езін тұрақтандыру функциясында көрінеді.
Затқа тікелей қызығушылық затқа құндылық қатынастың көрсеткіші болып табылмайды, себебі ол адам ушін бұл заттың маңыздылығымен байланысты емес, тек адаммен сыртқы қасиеттерімен ғана байланысты: жаңалығы, т.т.
Айтылғандарды жинақтай отырып, ескертеміз: адамның затқа деген құндылық қатынасы адамның жеке тұлға ретіндегі бағытын білдіреді, осы заттың өзі үшін жекелей мәніне сәйкес әрекет жасауға дайындығын білдіреді және объектіге қызығушылығымен бірлестік пен оны қажетсінуінің бірлігінде көрінеді. Осыдан барып оқушының білімге құндылықпен қарауының қалыптасуы оның тұлғалық бағыттылығының қалыптасу барысын, білім алуға дайын екендігін, білімді қажетсінуі мен оған кызығушылығының бірлігін сипаттайды.
Осымен байланысты білімді оқушы тұлғасының таңдап коңіл бөлуін сипаттайтын психологиялық-педагогикалық түсінік ретінде білімге деген құндылық қатынастың мазмүнына талдау жасау қажет. "Құндылық қатынас" түсінігінің мазмұнына талдауға сүйене отырып, оның құрылымын былайша көретуге болады:
Білім құндылығы және білімді қажетсіну оқушының білімге таңдап көңіл бөлуіне екі жақтап жағдай туғызады. Білім құндылығы білімнің оқушыға объективтік қатынасының субъективтік көрінісі болып табылады. Білімге деген қажеттілік - оқушының білімге объективтік қатынасының субъективтік көрінісі. "Білімге кұндылық қатынас" түсінігін осы қатынастардың бірлігі сипаттайды және біз схема түрінде былайша корсете алатын таңдап кеңіл бөлу байланысы шығады:
Ғалым-педагогтар, құндылық бағдарын оқушының тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де ескерген.
Құндылық бағдарын қараған кезде «құндылық» түсінігін жоғарғы ғылыми деңгейде қарау керек.
Адам қызметінің алуан түрлеріне қарай, құндылық - мейірімділік псн жамандылық, шындық пен жалған, әдемілік пен сүйкімсіздік, істеуге болады және болмайды деген негіздерде бағаланады.
«Құндылық» түсінігінің мазмұнынан ғалымдар Л.М. Архангельский, С.Ф. Анисимов, А.Г. Здрамыслов, М.С.Каған, В.М Момов, В.И.Сагатовский, В.П.Тугаринов, В.Т.Харчева, З.Н. Чавчавадзе, В.А.Ядов және басқалар қоғамдық сананың барлық түрлерінің мынадай белгілерін айқындайды: маңыздылығы, пайдалылығы, қажеттілігі, анық мақсатқа ие болуы.
В.Т.Тугаринов адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп анықтайды. Ол - зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық үрдістер, адамның іс-әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін.
И.С.Нарский, И.Н.Попов, В.Н.Сагатовский кұндылықтарды жалны болжау және баға беру деп біледі.
А.Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті, рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі.
В.С.Бакиров құндылықты қоғам дамуындағы қажеттілікпен сәйкестендіреді.
Сонымен, ғылыми әдебиеттер сараптамасы құндылықты философияда, социологияда, психологияда, педагогикада қолданады. Оның объектісі мен құбылысын көрсетеді. Қажеттілік эталоны болып табылатын құндылықтың пайда болуы бірінші жағынан зат, құбылыс, олардың қасиеті; адам - қоғамның қажеттілігін қанағатғандыру болса, екінші жагынан қоғам - адам, құбылыс, зат, талгам және талдау болып табылады.
Құндылық бағдары ішкі дүниетанымга негізделе отырып, мынадай белгілермен анықталады: құрылымдық, жеке тәжірибелік, көңіл-күй жиынтығымен.
Құндылық бағдарының ендігі бір белгісі оның функциясы болып саналады. Бұл әйгілі философ А.Г. Здравомыслов еңбектерінде көрінеді. «Барлық құндылық бағдарының жиынтыгы өзіне тән жеке түлғаның ой орталығының тұрақтылығы мен белгілі бір қабілет-қасиетімен қамтамасыз етіледі».
Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғатын И.Кон былай деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша құндылықтар бағдары «... бір мезгілде әлеуметті және жеке болып табылады». Олардың әлеуметтік болу себебі: қоғамдық тәрбие, жедел даму және т.с.с. қоғамдық жүйелердің жағдайына негізделген құндылықтар бағдарының жиынтығы, берілген қоғам мүшесіне тән әлеуметтік мінезге ие. Сонымен қатар олар жеке, себебі онда адамның өмірлік қайталанбас тәжірибесі, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзіндік ерекшеліктері көрсетілген.
Әлеуметтік-психологиялық ұғымдар сөздігінде «ұжым, тұлға, қарым-қатынас» үғымдары құндылықтар бағдарында жеке тұлганы қарастырудағы негізгі 2 аспект ретінде көрсетілген: субъективті қоғамның әлеуметтік құндылықтары ретінде белгілі бір тарихи кезеңнен өткен адамның ойындағы жеке көріністер; функциональды процесс ретінде адамның материалдық және рухани құндылықтарға деген таңдап алынған қарым-қатынасын анықтайды. Адам ойындағы құндылықтар идеалдар, бағдарлық құндылықтар, өмірлік мақсаттар және өмір сүру нормалары арқылы керініс табады, осыдан құндылық бағдары арқылы жеке түлғаның сапалық мінездемесінің түрлерін корсетуге болады. Құндылық бағдарының сапалы мінездемссін анықтауға болады. Жағымды құндылық бағдары жағымды іс-әрекетті тудырады. Жағымсыз құндылық бағдары зиянды да қауіпті жағымсыз іс-әрскетке шақырады.
Атақты кеңестік психолог К.К. Платоновтың айтуы бойынша жске тұлғаның құндылық бағдары - жеке тұлғаның әлеуметтік тепе-теңдігінің мазмұны мен адам өмірінің эмоционалды дүниесімен де байлаиысты.
К.К. Платоновтың құндылық бағдарын қарастыруда қарым-қатынасқа онымен қоса әлеуметтік құндылықтар құрылымына, оның ең негізгі факторы ретінде - өз ара қарым-қатынаста жске тұлғаның ойлауы, эмоционалды компоненттері, адамгершілік және нақты сөйлеу қабілеттері беріледі.
В.А. Ядов бойынша құндылық бағдары жеке түлға қарым-қатынасының неғұрлым күрделі иерархиялық ұйымдасқан қүрылым компоненттерін көрсетеді.
Құндылық бағдарының психологиялық табигаты қажетті қатынас, қызығушылық, бағытталу мотиві арқылы ашылады. Психологиялық әдебиеттерде берілген анықтамаларда негізгі орынды көбінесе компоненттердің бірі алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет