Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет16/18
Дата05.12.2022
өлшемі326,5 Kb.
#55083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қорытынды

Әдеби байланыс заңдылықтарын зерттеу және олардың түрлері мен жолдарын анықтаудың тек ғылыми-теориялық қана емес, сонымен бірге саяси және практикалық маңызы да болмақ. Өйткені, мұның өзі халықтар достығының тарихи тамырларын анықтауға, бұл достықтың түрлері мен жолдарын айқындауға, олардың заңдылықтарын ашып, болашағын белгілеуге, сөйтіп, халықтар достығын нығайтуға елеулі септігін тигізеді. «Әдебиеттер достығыхалықтар достығы» деген ұғым бекерден-бекерге тумаған.


Жоғарыда айтылғандай, қазақ-татар әдебиеттері өздерінің көп ғасырлық тарихында үнемі бір-бірімен туыстық байланыс жасап, өзара тығыз қарым-қатынаста болып келген. Бұл байланыс пен қарым-қатынас өзінің даму барысында негізінен төрт кезеңді өз басынан кешірген. Әдеби байланыстың дәрежесі, түрлері мен сипаттары екі елдің саяси-экономикалық байланысына, әдебиеттердің өз даму процестерінің ішкі заңдылықтарына қарай, әр кезеңде әр түрлі болған және үнемі өзгеріп, өсіп, дамып отырған. Мәселен, қазақ-татар әдеби байланысының бірінші кезеңінде (Ү111-ХҮғасырлар арасы) екі ел әдебиетінде бір топырақта туып, бір әлеуметтік ортада пайда болған ортақ әдебиет үлгілері көптеп кездеседі. Ал екінші кезеңде (Х1Х ғасырдың екінші жартысы) өнер- білімге, азаттыққа ұмтылған қазақ-татар мәдениеті қайраткерлерінің өздеріне өнеге етіп алған ортақ үлгісі болды. Осыған байланысты олардың қоғамдық қызметтерінде ағартушылық,демократиялық тенденциялар кең орын алды. Соның нәтижесінде қазақ әдебиетінде жаңа идея, тың тақырып, соны мазмұндар пайда болды. Сөйтіп, әдебиетіміз өзінің идеялық-көркемділік дәрежесі жөнінен бұрынғысынан әлдеқайда байи түсті.
Қазақ-татар әдеби байланысының барынша бай да жемісті кезі – үшінші кезең (ХХ ғасырдың басы) болды. Бұл кезде қазақ әдебиеті идеялық-көркемдік жағынан толысып қана қоймай, жанр жөнінен де баии түсті. Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған повесть, роман, драматургия сияқты әдебиеттің күрделі жанрлары пайда болды. Олардың пайда болуына қоғамның ішкі қажеттілігінен туған себептермен бірге, әдеби байланыстың да елеулі әсері болды. Қазақ-татар әдебиеттерінің байланысы, әсіресе, Кеңес үкіметі кезінде арта түсті. Бұл кезде әдеби байланыстың жаңа жолдары мен түрлері пайда болып, әдебиеттер байланысының ескі формалары (айталық, көркем аударма ) жетілдіріле берді.Сөйтіп, қазақ-татар әдеби байланысы тарихында мүлде жаңа кезең төртінші кезең басталды. Бұл кезде екі ел әдебиеті арасында толық туысқандық байланыс пен тығыз достық қарым-қатынас орнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет