1.2 Шиналар мен резина-техникалық бұйымдар конструкция- сындағы армирлеуші материалдар
Резина өндірісінде резинамен қатар оларды құрылымды күшейтетін құрал ретінде пайдалана отырып әртүрлі материалдар қолданылады. Мұндай материалдарға әртүрлі тоқыма бұйымдары — иірілген жіп, маталар, трикотаж және басқа материалдар, сондай-ақ әртүрлі металл бұйымдары - сым, өрілген сым, сым арқандар жатады.
Қасиеттері жағынан әр түрлі осы материалдарды ең тиімдісі үйлестіре қолдану — бұйымның конструктивті элементтерін түзетін материалдардың ерекшеліктерін білуге және ескеруге міндетті конструкторлар мен резина жасаушы технологтардың алдында тұрған мәселе.
Армирлеуші материалдарды келесі жағдайда қолданады:
а) жеңұштар, жетекті белдіктер, аэростат қабықшаларын және т.б. дайындағанда берілген габариттегі берік қаңқаларды жасау үшін; осы мақсатта иірімжіп, мата және сым қолданылады (белдіктер мен таспалардағы тоқыма мөлшері кейде бұйым салмағының 60-70%-ына жетеді);
б) резина-металды төлкелер мен салпыншақтарда, резина мойынтіректерде, біліктердің резина қоршауында және т.б. белгілі бір конфигурацияларды қамтамасыз ету үшін; ол үшін металл төлкелер, оқсауыттар, өзектер қолданылады;
в) резина бөлшектерді - буферлер, салпыншақтар және басқа бөлшектер орнатуды жеңілдету үшін: металл негіздерді, штуцерлерді және т.б. пайдаланады [17].
Ең жауаптысы – армирлеуші қаңқа материалдарын таңдау және қолдану болып табылады.
Резина-кордты қабықшада (РКҚ) келесі қарапайым буындарды бөліп көрсетуге болады, олардың жұмыс жасау қабілеті тұтастай алғанда өнімнің беріктігіне байланысты. 1-суретте РКҚ қарапайым буындары көрсетілген [18].
Шина корды талшықтарды, жіптерді және маталарды қамтитын тоқыма армирлеуші материалдарға жатады. Тоқыма талшығы - ұзындығы оның қалыңдығынан 3-5 есе асатын икемді созылған дене. Моноталшық - бұл бір саңылауы бар фильерден қалыптау арқылы алынған белгісіз үлкен ұзындықтағы денені білдіреді. Белгісіз үлкен ұзындықтағы жұқа талшықтар шоғыры жіп деп аталады. Шектеулі ұзындықтағы талшықтарды бұрау арқылы иірілген жіп алынады, ал бірнеше жіптерді бұрау арқылы - бірінші иірім жіптері (кешенді жіптер немесе стренгтер) алынады. Иірілген жіптерді немесе бірінші иірілген жіптерді бұрап, екінші иірілген жіптерді алады, оларға шина кордының жіптері жатады.
1 – бұйымның ішкі элементтерін сыртқы агрессивті ортаның әсерінен қорғайтын көмкеруші резиналы қабат; 2 - бұйымның герметикалығын қамтамасыз ететін герметизациялаушы резиналық қабат және термо-қабат (термокамера) жағынан агрессивті ортадан қорғайтын күштік қаңқа; 3 - негізгі механикалық жүктемелерді қабылдайтын резина-кордты күштік қаңқасы; 4 - кейбір конструкцияларда фланецті қосылыстардың қажетті тығыздалуын қамтамасыз ететін борттық аймақтар (егер бар болса); 5 - конструкцияның жекелеген элементтерінің адгезиялық қосылыстары: 5.1 – резиналанған корды бар көмкеруші және герметизациялаушы қабаттар; 5.2 – скордтың бір-бірімен резиналанған қабаттары; 5.3 - металы бар резиналар.
Сурет 1 – РКҚ қарапайым буындары
Кордтық мата - негіз ретінде кордтық жіптерден және жіңішкелеу және беріктігі төмендеу арқаулық жіптерден тұратын жайма тоқымалы мата [16]. Кордтық маталардың пайдалану қасиеттері негіз жіптерімен анықталады. Арқаулар кордты өңдеу процесінде матаның ені бойынша белгілі бір орналасуды сақтау үшін негіз жіптеріне қызмет етеді. Арқаудың негізгі түрлері – мақта мата және жоғары созылымды арқаулар. Соңғысы жеңіл радиалды шиналар қаңқасын қалыптау процесінде негіз жіптерінің ені бойынша біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Жоғары созылымды арқау бикомпонентті болуы мүмкін. Мұндай арқау құрамында жоғары жоғары созылымды, мысалы, нейлон немесе анидті жіптен өзекше және мақта мата жіптерінің негізгі жіптеріне қатысты жоғары үйкеліс коэффициентіне ие қабықшасы бар. Жоғары созылымды арқауды толығымен егер мұндай арқау жібі негіз жіптеріне қатысты өте жоғары үйкеліс коэффициентіне ие болса синтетикалық мысалы, ілмекті талшықтан қолдануға болады.
Мақсатына байланысты корд матасы әртүрлі тығыздыққа ие, оның сипаттамасы арқауы бойынша 10 см және негізі бойынша жіптер саны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |