Кіріспе Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі



бет10/14
Дата21.10.2023
өлшемі332 Kb.
#120280
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
б) синонимдермен жұмыс;
Қандай тіл болсын, оның лексикалық байлығы мен оралымдығы синонимдер арқылы көрінеді. Ал қазақ тілі синоним сөздерге ең бай тілдің бірі болып табылады. Оған дәлел: «Синонимдер сөздігін» жинақтап, қазақ тілінде алғаш шығарған белгілі ғалым, профессор Әсет Болғанбаев «Шыдамсыздану» сөзіне 13 синоним, «бұлғақтау» сөзіне 12 синоним, «аласа» сөзіне 15 синоним, т.с.с. берген. Осы кітапта ғалым: «Жас буындарды тілге жетік етіп тәрбиелеу үшін, оларды тіліміздегі синонимдерді дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.Олүшін, ең алдымен, мектептерде оқушыларда білетін сөздерінің мағыналарын дұрыс танып, дәл жұмсай білуге дағдыландыру қажет. Әсіресе, синониом сөздерінің нәзік мағыналарын қалай ажыратып, қалай қолданатындықтарынша қатты зер салып, қадағалап отыруды тілейді. Мұғалімдер... оқушылардың сөздерді қалай болса солай, жауапсыздықпен теріс қолдана салуына төзулшеріне болмайды», - (102-б) деп көрсетті.
Бастауыш сыныптарда синонимдермеұн жұмыс былайша ұйымдастырылуы тиіс:

  • оқылған мәтіндердің ішінен мағынасы жағынан бір-бірімен жақын сөздерді табу және ол сөздердің мағыналарының реңктерін түсіндіру;

  • осы сөздердің әрқайсысына мағыналары жақын келетін сөздер табу.

Синонимдермен жұмыс әрбір сөздің дәлме-дәл мағынасын талдау арқылы анықтау болып табылады.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін синонимдермен жұмыс жүргізудің негізгі түрлері:

  1. мағынасы бір-бірімен жақын сөздерді іріктеу және бір топқа жинақтау. Мысалы: жүгіріп келеді, қарап тұр, ұйықтап жатыр, шауып келеді, көріп тұр, зытып келеді, көзін алмайды т.с.с.Бұл жағдайда балалар мәтінді түгел, тиянақты оқуға тырысады.

  2. синонимдерді заттың немесе құбылыстың бір белгісін көрсетуге бірте-бірте күшейте түсу я болмаса азайта түсу жағына қарай іріктеу. Мысалы, құла дала, көл-көсір, үлкен; кішкентай, құртақандай, титімдей.

  3. мәтіндегі сөзге синонимдер табу. Мысалы, қорқу сөзіне зәресі ұшу, жүрексіну, құты қашу т.с.с. Бұл оқушылардың тіліндегі синонимдерді арттырады.

  4. синонимді ауыстыру немесе алмастыру. Мысалы, (2-сынып, ана тілі, 22-б). Ақырында, еңбегі зая кетпей, күзде бір дорба бидай алады.Зая – құр босқа, бекерге (Ш.Құдайбердиев).

  5. Оқушыларға әр тапсырманы өткен соң оқулықтағы синонимдерді және сабақ барысында өздері тапқан синонимдерді,қолданылған синонимдерді «синоним сөздігі» дәптерлеріне жаздырып отыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет