Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет30/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

М¥СА ЖӘЛИЛ (1906-1944)


Татар әдебиетінің аты аңызға айналған ақыны Мұса Жәлил Мұстафаұлы 1906 жылы 15 ақпанда қазіргі Орынбор облысы, Мұстафа елді мекенінде туған. Болашақ ақынның отбасы 1913 жылы Орынбор қаласына қоныс аударып, ол «Хусаиния» медресесінде оқиды. 1917-1919 жылдары өткен төңкеріс салдары Орынборда оқып жүрген Мұса сияқта жастарға да әсерін тигізеді. Төңкеріс халыққа бақыт әкелетініне қалтқысыз сенген ақын «Бақыт», «Халыққа», «Қызыл армияға» т.б. өлеңдерін жазады.
1921-1925 жылдары ол Орынбордағы педагогикалық курста, кейін оқуын Қазан жұмысшылар фақулытетінде (рабфақта) жалғастырып, біраз уақыт «Татарстан» газетінде қызмет істейді. Бұл кезеңде жас ақын Қазанның әдебиетші кауымымен танысып, біраз өлеңдер жазады. 1927 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуга түсіп, оны 1931 жылы бітіреді. 1931-1939 жылдары Мәскеуде татар тілінде шыққан «Жас достар» және «Октябры перзенттері» журналдарының редақторы.
Ол «Бостандық ақынының сөзі» (1920), «Көңіліме» (1921), «Ағайынға айтар ақын» (1922), «Тоқайды сағыну» (1923) сияқты өлеңдерінде махаббат пен достықты жырлап, туған халқыныңның бақыты үшін күресуді өз алдына бағдарлама етіп қойды.
1930 жылдары М.Жәлил күрес жолынан, қызмет сынынан өткен тамаша журналист, белгілі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Осы кезеңде ол «Сәулем» (1935), «Шіркін, жастық» (1936), «Сағыну» (1936, әні бар), «Арайлым» деген сияқты мөлдір сезімдерге толы кіршіксіз махаббатты жырлаған тамаша жырлар жазған.
Қанды қырғынға толы зұлмат заманның тынысын сезінген нәзік жанды ақын «¥лым өскенде» (1937), «Туған ел» (1937), «Бесік жыры» (1937), «Гүлдерім» (1938), «Қызыма» (1938) сияқты өлеңдерін өзінің ұлдары мен қыздарына арнағанымен, оны бүкіл татар халқының жастарына да аманат етіп қалдырған сыңайлы. Сонымен бірге ол татар әдебиеті туралы әдеби-сын пікірлердің дұрыс бағыт алып, әдебиетану ғылымының дамуына, мол үлес қосты. Мәдени, әдеби өмірдегі танымалдығына байланысты 1939 жылы ол Татарстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы болып сайланып, ¥лы Отан соғысы басталғанға дейін сол қызметте болады.
Осы кезеңде Мұса Жәлил көптеген өлеңдерімен қатар «Сәруар», «Еділден хат», «Джим» атты поэмалар да жазды. Ақын өзінің «Еділден хат» поэмасында туған жерге деген сағыщышын елде қалған Сибғат ағасына бағыштайды. Поэма 6-7 буынды өлең өлшемімен көркем тіл шеберлігімен ерекшеленеді.
Татар өнері мен мәдениетіндегі ерекше кұбылыс болып есептелетін алғашқы «Алтыншаш» операсына арнап М.Жәлил либретто жазған. Шығармада татар халқыныңның парасатты да аскақ аналарының жиынтық бейнесі – Тоғызақ ананың келбеті арқылы сомдалады.
М.Жәлилдің шығармашылығына Шығыстың классикалық әдебиетінің, оның ішінде Омар Хайям, Шерази, Хафиз, Саади сияқты шайырларының әсері мол болған. Оның өлеңдерінің көпшілігі осы шайырлардың ізімен ғазал, касида жыр үлгілерінде жазылған. Сонымен қатар М.Жәлил татар әдебиетінің жыр дүлдүлдері Ғ.Тоқай, М.Ғафури сияқты ақындарды өзіне ұстаз түтқан.
Ел басына күн туып, ер етігімен су кешер сәт туғанда – Отан соғысы басталғанда М.Жәлил майданға аттанады. 1942 жылы майданда жүріп тұтқынға түсіп калған Мұса Жәлил онда азап атаулының бәрін басынан кешіреді. Тұтқында жүріп ол жүзден аса туған елге, жерге деген сағынышқа, патриоттық сезімдерге толы өршіл рухтағы жырларын жазады. Сол жырлары үшін КСРО Жоғары Кеңесінің 1956 жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен неміс фашистерімен күресте көрсеткен ерекше ерлігі мен табандығы үшін М.Жәлилге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ақынның «Моабит дәптері» кітабы 1957 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.
Тұтқындарды неше түрлі азапқа салып аштан қатырып, көнбегендерін көз аддында қырып, «Туркістан легионын», соның ішінде «Татар легионын» кұрды. Сол мақсатқа олар абырой беделі зор Мұса Жәлилді пайдаланбақшы болып оған Насихат министрлігінің шығыс бюросында қызмет істеуді ұсынды. Түркі тектес бауырлас халықтардың өкілдерін аман алып қалу үшін М.Жәлил бұл ұйымға жұмыс істеуге келіседі. «Туған еліме қайтсем себімді тигізем, жаумен қалай күресем» деген асқақ мұратты М.Жәлил өзіне ту етіп ұстанады.
М.Жәлилдің «Моабит дәптеріндегі» өлеңдері биік керкемдік шеберлікпен жазылған өрлікке, қайратқа, оптимизмге толы жырлар. «Басымда тек ерік болса» деген өлеңін ақын желдей жүйрік арғымақ болып ұшып туған еліне, жарына, жалғыз қызы – Шолпанға жетсем деген арманының жетегінде жазады. Сондай-ақ «Қиял», «Тұтқын», «Күзетші», «Жендетке» сияқты өлеңдерінен де ақынның тұтқында басынан сан түрлі азаптарды кешсе де мойымағандығы айқын аңғарылады. «Моабит дәптерінің» бірінші бөлімі түрмеден аман-есен босатылып 1944 жылы Францияға жөнелтілген Ғаббас Шарипов арқылы 1946 жылы Татарстан жазушылар одағына табыс етіледі. Ал «Моабит дәптерінің» екінші бөлімі Мұса Жәлилдің түрмедегі бельгиялық досы Андре Таммермонс арқылы Татар еліне жеткізіледі. Ресми емес деректерге қарағанда, оның «Моабит дәптерінің» үшінші бөлімі болған көрінеді. Әзірше оның тағдыры бізге белгісіз.
М.Жәлилдің қазақ тілінде «Жырларым» (1955), «Соғады жүрек» (1966), «Жыр ерлігі» (1976) сияқты өлең жинақтары басылған.
Өлмес рухтың иесі М.Жәлилге қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев өзінің «Жыр туралы жыр» атты поэмасын арнаған. Жырлары ерлік пен өрлікке толы татардың күрескер ақыны Мұса Жәлилді 1944 жылы тамызда фашист жендеттері дарға асып өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет