Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы


Ғалиасқар Камал (1879 - 1935)



бет28/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Ғалиасқар Камал (1879 - 1935) татар әдебиетінде дарамтургия жанрын алғаш қалыптастырған қаламгер. Ол шығармашылық жұмыспен жас кезінен айналыса бастаған. 1898 жылы он тоғыз жасында «Бақытсыз жас» атты драмалық шығармасын жазады. Пьесада махаббат жолында, өз бас бостандығы үшін күрескен жастардың арманына жете алмай қайғы қасірет шегуі суреттеледі.
Ғ.Камал журналистік-жазушылық қызметке белсене араласады. Сонымен қатар ол мәдениет майданына араласып, татар театрын ұйымдастыруға ат салысады. Сол кезенде үстемдік еткен жүйенің татардың әдеби тілін жойып жіберу үшін жасап отырған айла-шарғыларына қарсы татардың әдеби тілін сақтап қалу, дамыту үшін жанқиярлықпен күреседі. Татардың кейбір тоғышарлыққа шалдыққан өкілдерінің тұрмысын, өмірін бейнелейтін «Банкрот» сияқты комедияларын жазады. Төңкерістен кейінгі жылдарда да Ғалиасқар Камал шығармашылығы ұштала түседі. Ол өзінің «Үш өмір» атты пьесасында адам өмірінің үш түрлі кезеңін бейнелейді. Сондай-ақ ол «Хафиз еркем» атты музыкалық драмасында махаббатқа, қуанышқа толы шат-шадыман өмірді суреттейді.
Татар әдебиетінің кемелденуіне өзінің драмалық шығармаларымен үлес косқан Ғалиасқар Камал 1935 жылы дүниеден озды.
Шариф Камал (1884-1942) татардың белгілі жазушысы және қоғам қайраткері. Ол жас шағынан прозалық шығармалар жазумен айналыса бастаған. Шариф Камал татар әдебиетінде новелла жанрының негізін салушы болып есептеледі. Оның «Әпенде қожаның үйленуі» деген шығармасы жылы юмор мен күлкілі сатираға құрылған. Шариф Камал Октябры төңкерісінен кейін кезде қаламын одан әрі ұштай түсті. Оның «Таң алдында» романы дәуір тынысын кең құлашты суреттеген татар әдебиетіндегі үздік шығармалардың қатарына жатады. Бұл романда дәуір талабыша орай татар жұмысшылары мен зиялыларының бейнелері толық қанды суреттеледі.
Ш.Камал тек көркем прозада ғана емес, сонымен қатар татар әдебиетінің драматургия саласына да мол үлес қосқан қарымды қаламгер. Оның «Жылдар», «От», «Қарғаның ұясы» сияқты туындылары татар әдебиетіне кең тыныс ала келді.
Татардың кеңестік әдебиетін дамытуға өзінің новеллалық және драматургиялық шығармаларымен мол үлес қосқан жазушы – Ш.Камал 1942 жылы қайтыс болды.
Татар әдебиетінің белгілі ақыны Нури Арсланов 1912 жылы дүиеге келген. Ол жас кезінен өлең жазумен шұғылданған. Шығармаларының негізгі тақырыбы – өз еңбегінің жемісін терген қарапайым жандардың қуанышын жырлау болып табылады.
Н.Арсланов ұлты татар болғанымен, қазақ даласында туып-өскендіктен, оның поэзиясы әрқашан қазақ еліне деген сағынышқа толы болған. Сондықтан да оны замандастары мен әдебиеттанушылар «қазақша ойлап, татарша жазатын» татар ақыны деп бағалаған.
Н.Арсланов өзінін «Мен жауларға қараймын», «Тозбайды екен» деген өлеңдерінде өскен жері – қазақ еліне деген сағынышын сыршыл лиризммен жырлайды. Сонымен қатар ол «Қазағым-ай», «Теңіз жағасында» деген өлеңдерінде де түркі халықтарының арасындағы достық пен бірлікті паш етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет