Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы


Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938) –



бет27/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938) – татардың аса көрнекті жазушысы және драматургі. Жас шағынан шығармашылықпен айналыса бастаған ол ел арасындағы әр түрлі топ өкілдерінің мінез-құлқын шынайы суреттеп типтік бейнелерін жасаған. Өзінің «Батырақ шал» (1911) сияқты өлеңінде табан ет маңдай терімен күнін көріп жүрген бейшара шалдың бейнесін жасаса, «¥ры молда» (1911) деп аталатын өлеңінде шариғаттың ақ жолын адал ұстамай, Алланың алдында ұрлық жасап күнәһар болған молданың жиіркенішті бейнесін нанымды суреттеген.
Ғ.Ибрагимовтің баса назарда ұстаған тақырыбы – татар әйелдерінің бас бостандығы. Ол «Татар әйелдерінің тағдыры» (1911) атты шығармасында әйелдердің кұқықтарының тапталуын, олардың ерлерден кем саналуын тебірене отырып жазады. Шығыс және Батыс классиктерінің шығармаларынан төл сусындаған Ғ.Ибрагимов XIX ғасырдың 20 жылдарында эстетиналық талғамы жоғары қаламгер дәрежесіне көтерілген. Осындай саяси және әдеби биік өресінің арқасында ол татар әдебиетінде сыншылдық тәсілмен жазылган прозалық шығармалардың негізін салушысы бола білді.
Ғ.Ибрагимов 1912 жылы жазған «Жас жүрек» деп аталатын романында татар жастарының адал махаббаты жолындағы қилы тағдырларын суреттейді. Сонымен қатар ол тарихи-төңкерістік тақырыпта жазылған «Біздің күндер» атты романында (1914) XX ғасыр басындағы дүрбеленді кезеңнің сан түрлі оқиғаларын нанымды бере білген.
Ғ.Ибрагимов татар әдебиетінің кеңестік кезеңінде де қаламын ұштай түсіп, «Жаңа адамдар» романын жариялаған. Бұл романында автор «Ақ», «Қызыл» деген ұғымдар тайталасып жатқан алмағайып заманда дәуір тынысын адаспай бағдарлай алған жаңа адамдардың келбетін сомдаған. Сонымен қатар ол «Қызылгүл жайлы баяндау» (1922), «Терең тамырлар» (1928) атты кең тынысты шығармалардың да авторы.
Ғ.Ибрагимов 1924 жылы жазған өзінің «Қазақ қызы» атты романында өзіне етене жақын қазақ халқының меймандостығын, бауырмалдығын, адалдығын тілге тиек еткен. Шығармада автор ақылына көркі сай, парасатты қазақ қызының әсем бейнесін сүйіспеншілікпен бере білген. Ғ.Ибрагимов татар халқының басқа да түркі халықтарның тарихын терең зерттеген зерделі тарихшы. Оның «Татарлар 1905 жылғы революцияда» деп аталатын ғылыми еңбегі ерекше маңызға ие. Сонымен қатар Ғ.Ибрагимов татар әдебиетінде драмалық жанрдың қалыптасуына да ерекше үлес қосқан.
Ғ.Ибрагимов әдеби қызметін ұстаздық жолымен шебер ұштастытра білген ойшыл қаламгер. Сол ойшылдығының арқасында ол тек татар жазушыларына ғана емес, басқа да түркі халықтарының әдебиет өкілдеріне игі әсер еткен. Татар әдебиетінде көркем прозаның майталман шебері, татар, башқұрт, қазақ халықтарының ортақ мақтанышы Ғ.Ибрагимов 1938 жылы дүние салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет