Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет26/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Дәріс мақсаты: Студенттерге татар халқы мен татар әдебиетінің басты ерекшіліктері туралы ұғым-түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1. Татар халқы туралы қысқаша мәлімет.
2. Татар ауыз әдебиеті туралы шолу.
3. ҒабдоллаТоқай шығармашылығы.
4. Мұса Жәлил шығармашылығы.
5. Ғалымжан Ибрагимов шығармашылығы.


Дәрістің мазмұны. Татарстан Республикасы Ресей Федерациясының субъектісі болып есептелетін демократиялық, құқықтық мемлекет. Татарстан – Волга және Кама өзендерінің жағалауларында орналасқан түркі тілдес ел. Халқы – 4 млн. адам. Астанасы – Қазан. Мемлекеттік тілі татар және орыс тілдері. Ақша бірлігі – Ресей рублі.
Татар халқы Татарстан Республикасында, бұрынғы Кеңес Одағының барлық аймағында, сонымен қатар алыс шет елдерде тұрады. 1995 жылғы халықаралық санақ мәліметі бойынша дүниежүзіндегі татарлардың саны – 7,2 млн. болған.
Түркі халықтары көркем сөз өнерінің алтын қорынан кең орын алған татар халқының ауыз әдебиеті тұрмыс-салтқа байланысты туған өлең-жырларға бай болып келеді. Осы алтын қордың ішіне ертегінің сан алуан түрлері, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар т.б. енеді.
ХПІ ғасырдағы татар халқының алғашқы жазба жәдігері болып саналатын «Идегей» («Едіге») поэмасы 1941 жылы баспаға даярланып жатқанда тоталитарлық жүйенің қысымына ұшырап, қолжазбалары өртеліп, оны даярлаушылар қуғын-сүргінге ұшыраған. Дегенмен халық ол қолжазбаның бір данасын сақтап қалып, «Едіге» поэмасы 1990 жылы жарық көреді.
Көптеген түркі халықтарына ортақ сюжетке кұрылған «Шора батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты халық ауыз әдебиетінің үлгілері XIX ғасырда энциклопедиялық жинақта жарияланған. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінен тұратын бұл жинақ көп мөлшердегі данамен Қазан қаласында басылған. Сондай-ақ авторлары бізге беймәлім «Кесікбас» және «Сопыларға өсиет» деп аталатын діни-дидақтикалық сарындағы шығармалар.
Татар халқының жазба әдебиеті көне дәуірлерден басталады. Төрт жүз елу жылдық тыйым мен қысым жасалғанына қарамастан, татар халқы көптеген халықтық дастандары мен эпостарын көз қарашығындай сақтай білген. Шығыс классикалық поэзиясының дәстүрлі сюжеттеріне татар ақындары да нәзира үлгісінде шығармалар жазған. Солардың бірі – ХІІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Қүл Ғали ақынның «Қиссан Юсаф» («Жүсіп туралы аңыз») (1210) дастаны.
Махмұт Бұлғаридің «Хателы-Фарабис» (XIV ғасыр) өлеңдер жинағы және Мұхамедияр ақынның «Жомарттың сыйы» (XV ғасыр) атты жыр-дастаны татар әдебиетінің інжу-маржандары болып саналады.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда сопылық бағыттағы және дидақтикалық сарындағы көркем туындылар белең алды. Бұл кездегі татар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Мавля Құли (XVII ғасыр), Утыз Имяни (1754 - 1834), Хивахулла Салихов (1794-1867), Г.Кандали (1797-1860), Шамсетдин Зақи (1825 -1865).
ХVІІІ ғасырда татар әдебиетінде Шығыстың классикалық әдебиетінен бастау алатын жаңа әдеби үлгі – «саяхатнамалар» жазу дәстүрі пайда болды. Исмоил Ағанидің «Үндістан мен Арабстанға саяхат» деген шығармасы сол озық үлгінің көрінісі болып табышады.
ХVІІІ ғасырдағы татар әдебиетінде ағартушы-демократиялық бағыт кең өрістеді Әбунасыр Курсави (1776-1818), Шигабутдин Маржани (1813-1889), Қаюм Насыри (1825-1902), т.б. түркі әлемінде бұл әдеби бағыттың негізін салды. Загир Бигеев (1870-1902), Ғабдірахман Иляси (1856-1896), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан адамгершілік, ізгілік, инабаттылық, имандылық, т.б. гуманистік идеялар дәріптелді. Әсіресе, Қаюм Насыридің новеллалары, Загир Бигеевтің «Сұлу Қадиша» романы, Ғабдірахман Илясидің «Бақытсыз» деген атпен шыққан пьесалар жинағы тек татар әдебиетіне ғана емес, бүкіл түркі жұртшылығына соны серпін туғызды.
Қаюм Насыри - XIX ғасырдың екінші жартысында аса ірі ағартушысы, ғалымы және әдебиетшісі, татар прозасының негізін салушысы, татар балалар әдебиетінің ірге тасын қалаушысы, татар халық әдебиеті нұсқаларын жинаушысы болып табылады.
Қаюм Насыридың «Наху кітабы» (1860), «Бос уақыт» (1860); «Қырық уәзір» (1868), «Әбуғалисина» (1872), «Әдебиет жөніндегі әңгімелер» (1884) атты еңбектері татар әдебиетінің дамуына мол үлес болып қосылды. «Қабуснама» (1886), «Қазан татарларының наным-сенімдері мен ырым-салттары» (1880), «Қазан татарларының халық әдебиетінің үлгілері» (1896) деген шығармалары кезінде орыс тілінде жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет