ПІРІМҚҰЛ ҚАДЫРОВ (1928-199)
П.Қадыров 1928 жылы Тәжікстанның Ұратөбе ауданы Кеңкөл қыстағында дүниеге келген. Болашақ жазушының әкесі өмірінің көпшілігін тауда мал бағумен өткізген адам болған. Жазушы өзінің «Қара көздер» деп аталатын романында малшының ауыр тұрмысы мен қарлы шыңдардың, аршалы ормандардың, балалық шақтағы есте қалған көріністерін көркем тәсілмен суреттеген. П.Қадыровтың балалық шағы соғыстың ауыр күндеріне сәйкес келіп, оған өз оқуын 8 сыныптан соң тастауға тура келеді. Жасөспірім Пірімқұл өзінің туған ауылында соғысқа кеткен ересек адамдардың орнына шаруашышық жұмыстарын атқарады. Отан соғысы аяқталғаннан кейін Ташкент қаласына келіп оның дайындық бөлімінде білімін толықтырып, кейін Ташкент мемлекеттік университетінің Шығыстану фақулытетіне оқуға түседі. Жас қаламгер «Студенттер» деп аталытын кітабын 1950 жылы өзі студент бола жүріп баспадан шығарады. Жас жазушының ерекше қабілеті Абдулла Қаһардың назарына ілігіп, сол кісінің ақылымен ол Мәскеу қаласына оқуға кетеді. Өзбекстан жазушылар одағының ұсынысымен 1951 жылы П.Қадыров Горыкий атындағы әдебиет институтының аспирантурасына оқуға түсіп, ғылыми диссертациясын сәтті қорғап шығады. Тоғыз жыл бойына КСРО жазушылар одағының өзбек әдебиеті бойынша кеңесшісі болып қызмет істейді. Сол кезеңде ол өзінің алғашқы «Үш ат» атты алғашқы романын жазады. Романда зиялы қауым өкілдерінің қоғамдық өзгерістерге байланысты белсенді қызметі жан-жақты сөз етіледі. Романның негізгі кейіпкерлері Сталиннің жеке басқа табынаушылығына, тарих ғылымдарындағы демагогтар мен догматиктерге қарсы күреседі.
П.Қадыровтың жұмысшылардың ерен еңбегін дәріптеген «Менің қазыналарым» атты повесі бойынша «Сенің іздерің» атты көркем филым түсірілген.
Университеттік білімі бойынша тарихшы П.Қадыров Өзбекстанның тарихи өткелдерін көркемдік тәсілмен шебер суреттей білген. Ол 1969-1978 жылдар аралығында әдеби ортада пікірталас туғызған «Жұлдызды түндер» атты романын жазып айтылған әдеби сындарға байланысты қайта өңдеп бастырған. Роман қазақ, қырғыз, карақалпақ және хинди, урду тілдеріне аударылған. 1981 жылы «Жұлдызды түндер» романы үшін П.Қадыровқа Хамза атындағы мемлекеттік республикалық сыйлық берілген. «Жұлдызды түндер» романында қаламгер көрнекті түркі ойшылдарының бірі, белгілі қоғам қайраткері, ақын, жазушы – Захиреддин Мұхаммед Бабырдың көркем бейнесін тарихи деректермен өрнектей отырып жасаған.
Сонымен қатар П.Қадыров өзбек әдебиеттану ғылымына да өзіндік үлес қосқан. «Әдебиет теориясы» атты өзбек тіліндегі 2 томдық ақадемиялық басылымда оның әдеби тіл мен шығармашылық процесс туралы пікірлері көрініс тапкан.
Достарыңызбен бөлісу: |