Ақпаратты диалогқа партнерлер арасында қатынас басында болатын білімдегі үзілулері бар жағдаяттар тән.
Интерпретациялы диалогта партнерлер білімі шамалап алғанда бірдей, десекте олар әртүрлі интерпретация алады. Сондықтан, диалогты қатынастың негізгі шарттарының бірі болып білімдегі үзілулер болып табылады. Яғни, егерде партнерлер бір - біріне диалог тақырыбына сай жаңа, анығырақ айтқанда бейтаныс ақпаратты хабарламай, бәріне мәлім ақиқатпен алмаса бастаса, диалог құрылмайды. Сөйлеу қатысымы ретінде қатынас мүлде құрылмайды.
Е.Н.Соловьева диалогтың келесідей негізгі сипаттамаларын анықтап, атап өтеді, олар:
реактивтілік;
жағдаяттылық.[64]
Диалог сөзінің реактивтілігі оқушылар үшін шет тілінде қатынастың аталған түрін меңгеруде объективті қиыншылықтарына себепші болады. Ол қиыншылықтардың негізі болып келесідей себептер табылады:
қатынасатын партнер реакциясы мүлдем бөлек болуы мүмкін;
оқушыларда шет тілінде ғана емес, ана тілінде керекті әлеуметтік машықтардың болмауы кездейсоқ жағдай емес, сондықтан шет тілінің мұғалімі аталған машықтарды басынан қайта қалыптастыруы қажет.
монолог сөзіне қарағанда, диалогта біз әрдайым партнерге тәуелдіміз.
Жағдаяттылықты - монологта да, диалогта да атап айтқанда, жағдаят айтудың түрткісін, яғни сөзді жарыққа шығаратын негізі етіп анықтайды.
Ал, тіл білімі сөздігінде диалог, репликалармен алмасуды ұсынатын, ауызша - сөйлесуге арналған байқаусыз сөздің түрі болып сипатталады. Диалог сөзінің ауызша - сөйлесу түрі тыңдаушы мен сөйлеушінің тура контактісімен негізделген қатысымның вербалды емес құралдарының рөлін үлкейтуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, диалогты сөзге репликалар арасындағы байланыс пен ақпаратты емес құрылымды толық еместік тән (сұрақ /жауап, келісім/ қарсылық, сөз этикетінің формулалары, қосу, қайталау және т.б.). Диалогты қатынас өзіне қатынастың тура жағдайында, біреуі екіншісінен туып отырған репликалардың қатарын немесе айтылымдардың топтамасын қосады. Сонымен қатар, диалог екіжақты мінезбен, тыңдаушы мен айтушының өзара байланысымен, өзара стимуляциясымен, жағдаяттылығымен, мазмұны мен түрінің қысқалығымен, ойламаған жерден болуымен, жоспарланбауымен, эмоционалдылығымен, сөйлеу фразалары мен клишелерінің қорымен сипатталады. Мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілік -коммуниканттардың мәдениетаралық қатысымға қосылуына себепкер.
И.И. Халеева мәдениетаралық қатысымды әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен тілдерге жататын адамдардың өзара әрекеттесу барысындағы ерекше үрдістер жиынтығы деп анықтайды. [68]Мәдениетаралық қатысым тек түрлі мәдениет өкілдеріне жатып қана қоймай, әрқайсысы “басқа” екендігін түсінетін және партнердің “басқа” елдікі екенін қабылдайтын, партнерлер арасындағы өзара әрекет арқылы іске асады. Мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастырудың мақсаты болып, өзіндік мәдениеттік ұқсастығын жоғалтпай, мәдениет медиаторының қасиеттерін меңгере отырып, өзіндік мәдениеттің шектеулерінен шығуға мүмкіндік беретін тілдік тұлғаға қол жеткізу табылады.
Қорытындылай келе, шеттілдік білім беру мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру болып мәдениетаралық қатысымның тиімді факторларының бірден-бірі, өзіндік мәдениеттік ұқсастығын жоғалтпай, мәдениет медиаторының қасиеттерін меңгеріп, өзіндік мәдениеттің шектеулерінен шығуға мүмкіндік беретін тілдік тұлғаға қол жеткізу табылады. Диалог сөзі адамзат қарым-қатынасының маңызды құралдарының бірі, сондай-ақ шетел тілдік мәдениетті танудың құралы. Адам әрекетінің барлық саласындағы қызметтестіктердің кеңеюіне байланысты шетел тілін мәдениетаралық қатысымның құралы ретінде, сәйкесінше, диалог сөзі қатысымның түрі ретінде меңгеру талаптары күшеюде. Осыған байланысты, мәдениетаралық- қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыруда диалог сөзінің маңыздылығы арта түседі.
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процесін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. [42]
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процесіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шетел тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты өткізуге көмектеседі.[71] Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық түрде оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер – адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процесі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Дегенмен, оқыту процесіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиалық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды.
Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі осы электрондық оқулықтар болып табылады. Электронды оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстары мен тесттерді, яғни бір мезгілде білім беру мен бақылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады.
Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханаларымен толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек», - деп Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтып өткен болатын, сондықтан да қауымының негізгі міндеті – тәуелсіз қазақ елінің күні ертең тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты білімді де білімді етіп өсіру жолында тиянақты жұмыс істеу.
Әлеуметтену – жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі әсер ету процесі. [69; 24] Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.
Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіспен, яғни ұрпақтан-ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид)әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды үрдісті ғылымда – «жеке тұлғаның әлеуметтенуі» деп атайды. Әлеуметтену – тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яғни адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы.
Әлеуметтену – қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады, өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. [60]
Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан н/е жаңа әлеуметтік нормаларды игерген тұлға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді [21]. Тәрбиелеу мен білім институттарынан өткен тұлғаның одан әрі жетілуі, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Тұлғаның өзін-өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда - сыртқы ықпалдың деңгейі мол.
Өзін-өзі игерген, яғни өзін басқара білген әлеуметтену үдерісінде адам өзіндік мақсаттарын жүзеген асырады. Дәл осы орайда тағы да жастарға үңілсек, өзін басқара білген жас өзін жетілдіруге бағытталады. Үздіксіз білім алу, отбасы құру, қоғамға қызмет ету т. б. ортақ классикалық құндылықтарды жүзеге асырады. Әрине, жастардың өзін-өзі басқаруы мен сыртқы орта ықпалына түсуі әсерінің салдары – бұл бүгінгі жастардың әлеуметтенуін ашатын тек бір ғана өлшем.
● Әлеуметтену әрқашан да сәтті бола бермейді. Адамның тұлғалық деңгейінде, бойында пайдаланбай қалған немесе дұрыс бағытталмаған мүмкіндіктер резерві қалып қояды.
● Әлеуметтенудің мынадай түрлерін көрсетуге болады: сәтті, нормативті, кризистік, ауытқыған, уақытынан бұрынғы, жеделдетілген, кешіккен түрлері т. б.
● Жастардың әлеуметтенуі барысында ХХІ ғ. төмендегідей құндылықты бағдардың болуы нәтиже береді. Себебі, жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
● Бәсекеге қабілеттілік – жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.
● Іскерлік креативтілік – мақсатты түрде қалыптасқан және дәстүрлі нормалардан тыс жаңа идеяларды жаратуға жаны жақын индивидтің шығармашылық қабілеті. Демек, креативті жас тәрбиелеу, шығармашыл, сыншыл болып жетілу адам әлеуетінің жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Жаңа білім парадигмасы 1-ші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.