Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға арналған жұмыстарды орындау барысында түпкі нәтижені бағыттай оқыту



бет9/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
2.2 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға арналған жұмыстарды орындау барысында түпкі нәтижені бағыттай оқыту

Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелі баяндайтын құрал. Оқулық оқу орындарының түріне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орындары) жасалады. Әртүрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарламаға сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдардың оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдылықтар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі[82]. Шетел тіліне оқытуда оқулықпен қатар қосымша оқу құралдары пайдаланылады. Оқулық – негізгі оқу құралы болса, қосымша оқу құралдары әртүрлі (оқушыға арналған жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік кітапша, жаттығулар жиынтығы, анықтамалық материалдар және т.б.)


Қазіргі таңда шетел тілдерін оқыту барысында өзекті мәселелердің бірі - оқу құралдарын, оқулықтарды дұрыс таңдау болып табылады. Қазақстандық нарықта отандық шетел тілінің оқулықтарымен қатар көптеген шетелдік шетел тілі оқу құралдары пайда болды [83]. Шетел тіліндегі оқу құралдарының баламаларының болуы оқытушыларға таңдау мүмкіншіліктерімен қоса өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін де көтеруге жағдай туғызады. Осылайша оқулықтар шетел тiлiн үйрету бағдарламаларының басты компоненті болып табылады. Олар оқушылардың тілді меңгеру барысында негiзгi тiлдік мәлiметi ретінде үлкен қызмет атқарады. Сонымен қатар шетел тiлiнiң оқулығына қойылатын негiзгi талаптардың бірі, біздің ойымызша, оқулықтың тіл үйренушілерге қаншалықты тартымды және олардың мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға үлесін қосатындығында.
Шетел тілі оқулықтарының тілді үйрену үрдісіндегі мотивация мәселесі, мотивация түрлері, аудиториядан тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру сияқты мәселелер әдіскер-ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылып, тіл үйренушілердің шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
Шетел тілін жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандық оқушыларіне оқытудың әдістемесі бойынша көптеген зерттеулерде оны тиімді ұйымдастыру және іске асырудың түрлі аспектілері қарастырылып, оның ішінде оқу пәні ретінде ағылшын тілінің мәні, осы пәнді оқытудың мақсаты, принциптері, мазмұны мен әдістемесі, ағылшын тілін мамандандырып оқыту әдістемесінің мәселелерін тілдік әрекет түрінде оқыту ашылып көрсетіледі.
Қазіргі таңда шетел тілі пәнінің басты міндеті оқушылардың мәдениетаралық коммуникативтік біліктілігін дамыту. Мәдениетаралық қатысым теориясы шет тілінен білім берудің қазіргі парадигмасын жүзеге асырушы концептуалды практикалық тұғырнама ретінде когнитивтік-лингвомәдени әдіснамаға негізделеді, түрлі кәсіби шынайы жағдаяттарда мәдениетаралық қатысымды қамтамасыз ете алатын «мәдениетаралық қатысым субъектісін» қалыптастырып әдіснамалық теория сипатына ие болады. Осы орайда оқушыларды жан-жақты терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оларға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру.
Жалпы орта мектепке арналған «English» пәні бойынша оқу құралы 2004 жылы жарық көрді. Оқулықтың мақсаты – оқушыларды мамандыққа сәйкес ағылшын тілінде дұрыс оқи білуге, туристік терминология және лексикалық, грамматикалық материалдар негізінде құрылған кәсіби мәтіндерді түсіне алуға үйрету, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастыру. Аталмыш оқу құралы арнайы кәсіби қатысым аясы бойынша оқушыларды күнделікті қоршаған ортаға байланысты тақырыптарды қамтиды:

  • Достасу;

  • Саяхат жасау;

  • Кәсіп таңдау, т.б.

Әр тақырып бойынша сөз әрекеттерін (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу) дамытуға арналған материалдар қамтылған. Сондай-ақ, сөз әрекеттерін меңгерту мақсатында ұсынылған грамматика және лексикаға арналған жаттығулар кешені, әртүрлі тапсырмалар оқушылардың дағдыларын, іскерліктерін жетілдіре түседі. Арнайы жаттығуларды орындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері артып, өз беттерінше жұмыс істеу ынталары дамиды. Оқу құралында мәтіннің мағынасына сараптама жасау, мәтін тілімен жұмыс істеу, мәтінге аннотация жасау, оқылған мәтін негізінде болашақ мамандыққа сәйкес жағдаяттарды шешу тәрізді тапсырмалар кешені де енгізілген. Оқушылардың сөйлеу біліктілігін жетілдіру мақсатында типтік жағдаяттар берілген. Олар өз кезегінде оқушылардың мамандыққа бағытталған ауызша сөйлеу шеберліктерін қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді.
Алайда, аталмыш оқу құралында иллюстративті материалдар, яғни сурет, схемалардың аз қолданылуы оқушылардың оқулыққа деген қызығушылықтарын төмендетеді. Сондай-ақ, тақырып аясында тыңдап түсінуге арналған арнайы мамандыққа бағытталған мәтіндер және оларға негізделген жаттығулар мен тапсырмалар кешені кеңірек қолданыс тапса, онда олар оқушылардың танымын жетілдіретін еді: таныс материалды бекітіп, жиі кездесетін терминдер мен тілдік орамдарды меңгеріп, әрі қарай мәтіндегі студент үшін ерекше қызықты ақпаратты тезірек және сапалы игеруге ықпал жасауға мүмкіндік туғызу қажеттігі туындайды.
Мамандыққа бағыттап оқыту барысында оқу құралдарының сапасы да оқу бағдарламасына қойылатын талаптарға сай жасалуы қажет [84]. Сондықтан, жоғарыда келтірілген кемшіліктерді жоюдың тиімді жолы негізгі оқулыққа қосымша аутенттік оқулықтарды пайдалану деп түсінеміз. Себебі, аутенттік оқу құралдары оқу әдістемелік кешенін, яғни оқушыға, оқушының өзіндік жұмыс істеуіне арналған оқулық және мұғалімге арналған оқулықты қамтиды. Сонымен қатар, CD дискілері, видео материалдары, CD ROMдар оқушылардың мамандықты жан-жақты меңгерулеріне жол ашады.
Шетел тілінде мамандыққа сәйкес оқытуды қамтамасыз ету барысында оқушылардың тілді жете меңгерулері үшін сөз әрекеттеріне арналған тапсырмалар кешені тең көлемде беріліп, тиімді прагматикалық тапсырмалар, яғни ролдік ойындар, проблемалық жағдаяттарды шешу, кейс-тапсырмалар және оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған тапсырмаларды қолдану. Аталған арнайы тапсырмалар түрлеріне тоқтала кетуді және тиімді технологияларды атауды жөн көрдік.
Жоғарғы сыныпоқушыларын мамандыққа бағдарлап оқытуда кейс технологиясын пайдалану тиімді әдіс болып саналады деп ойлаймыз. Себебі, бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Сонымен қатар, оқушылардың аналитикалық, тәжірибелік, шығармашылық, коммуникативтік, әлеуметтік және өзіндік саралау сияқты дағдылары қалыптасады[6].
Шетел тілінде білім беруде пікірталас әдісі оқушылардың аудитория алдында сөйлеу дағдысымен коммуникативтік компетенциясын қалыптастыруда тиімді құрал болып табылады.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында оқушыларға мамандыққа сәйкес өзіндік жұмыс тақырыптарын құрастырып және оны ақпараттық технологияны пайдалана отырып даярлауға үйрету маңызды. Өзіндік жұмыс оқушылардың өз беттерінше білім алып, алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданып, атап айтсақ, сараптама жасау, еркін шешім қабылдай алатын кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал етері даусыз.
Сонымен, мамандыққа сәйкес шетел тілін оқыту барысында оқу құралдарының алатын орны ерекше. Олар оқушылардың тіл үйрену мен тіл меңгеру үрдісінде мамандыққа қатысты терминдерді дұрыс айту, сөздік қорларын дамыту, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну, жазу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыруда және мәдениетаралық қатысымды дамытуда септігін тигізетін құрал.
Шетел тілі оқу құралдары, әсіресе мұғалімге арналған құрал оқытудың тиімді әдістемелік әдіс-тәсілдерін толық қамтып, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру жолдарын қамтамасыз етуі шарт [67].
Ал, оқытудың жаңа технологиясы мен белсенді әдіс-тәсілдері мамандыққа бағытталған арнайы шетел тілін меңгеруде болашақ мамандық иелерінің жан-жақты және бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуларына үлкен үлесін қосады деп сенеміз.
Тілді мәдениетпен қатар үйрету қазіргі ғаламдану ғасырында өзекті мәселе. Интернет желілерінде шетелдік достар тауып, солармен қарым-қатынасқа түскен кезде де, болмаса шетелдік компаниямен серіктес болып қатар жұмыс істесе де, түрлі кеңістіктегі шекаралар бұзылып, еркіндікке қол жеткізілген кезеңде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға әлемде сұраныс пен қажеттілік артып келеді. Қазіргі уақытта оқушылардың шетелде білім алуларына үлкен мүмкіндіктер бар. Оларға шетелге барғанда сол елдің адамдарымен тіл табыса алу, тыныс-тіршілігін түсіну, мәдени-аралық қарым-қатынас орнату. Шетелде туындайтын келеңсіз жағдайлардың барлығы мектептерде мәдени түрліліктің тілді үйрету барысында ескерілмейтіндігінен туындайды. Сондықтан да, шетел тілін үйретуші ұстаздарға, әсіресе мектеп мұғалімдеріне бұл жағдайға баса көңіл бөліп, мектеп қабырғасында тапсырмалар түрін ойластырып берген жөн. Бұл өз кезегінде тіл үйренушілерді мәдениетаралық түрлілікті көруге, басқа халықтың қалыптасқан құндылықтарын есепке алуға, өзге мәдениет пен өз мәдениетін салыстыруға, өз мәдениетіне сыни көзқараспен қарауға үйретеді. Сонымен, шетел тілінде қатынас жасауға оқыту барысындағы әлеуметтік-мәдени қатысым мәдениеттер диалогына айтарлықтай көмегін тигізеді.
Әрине, оқушылар басқа тілдің, ұлттың мәдениеті тіл үйрену барысында кеңірек біле түседі, дегенмен мектеп бағдарламаларында ағылшын тілі сабағында мұндай мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрететін тапсырмалар жеткіліксіз деп ойлаймыз. Сол себепті жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған «Ағылшын тілі» оқулығына қосымша әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруға, оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындауға арналған тапсырмалар жиынтығын ұсынуды жөн көрдік. Мысал келтіретін болсақ, 8 тараудың тақырыбы “Describing places and directions” деп аталады. Оқулықта бірінші сабақ бойынша қалалар мен баратын орындарды сипаттауға материалдар берілсе, екінші сабақ баратын жерлерді сипаттауға арналған, ал үшінші сабақ үй мен пәтер жайлы. Оқулықта сол мемлекетте, қалада тұратын тұрғындар жайлы, олардың қандай жерлерге баруды ұнататыны жайлы мәліметтер ескерілмеген. Сол себепті де оқулықта берілген тақырыптар бойынша қосымша әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруға бағытталған материалдарды дайындап әкеліп, оқушыларды басқа ұлттың құндылықтары мен ерекшеліктері, наным, сенімдері жайлы мәтіндермен рухани байытып отыру керек деген ойға келдік. Сонда ғана оқушылар болашақта шет елге шыққан кезде немесе шет елдіктермен араласқан кезде мәдениетаралық түсінбеушілікке тап болмайды.
Мәдениетаралық коммуникацияға шәкірттерді неғұрлым жақсы дайындау үшін жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған «Ағылшын тілі» оқулығындағы тақырыптарды қосымша Herbert Puchta und Jeff Stranks, «English in mind» оқулығындағы жаттығулармен толықтыру жолдарын қарастырдық.
Оқулықтың бірінші тарауы «Мектептегі алғашқы апта», ал бірінші сабағы «Мектептегі алғашқы күн» деп аталады. Мысалы, оқушыларға бірінші тараудың атына сәйкес, британдық оқушының мектептегі бір күні жайлы ақпараты бар мәтінді таратып беріп, жаңа сөздерді қарастырып, мәтінді оқығаннан кейін тапсырмалар легін орындатуға болады. Сондай-ақ, егер оқушылардың деңгейі төмен болса, онда тапсырмаларды жеңілдетуге болады. Ал егер оқушылардың білім деңгейі жоғары болатын болса, онда тапсырмаларды да қиындатуға болады, бұл жағдайда рөлдік ойынды да енгізуге болады. Жалпы тапсырмалар сөйлеу әрекеті мен ойлау әрекетін дамытуға арналса, сабақ өз нәтижесін береді. Тек білім деңгейін ескеру керек екенін ұмытпау керек. Ұсынылатын тапсырмалар жиынтығы төмендегідей:


A school in Britain.



1

I get up at 7.30 and get dressed for school. My school has a uniform – black trousers and shoes, a white shirt and a black and gold tie. The girls wear the same, or they can wear a black skirt. We also have a black sweatshirt or we can wear a black jacket. Not all British schools have a uniform, but it’s common here.



2

I don’t live far from the school, so I walk there with my friends, Brian and Gemma. Lots of students catch the school bus or their parents drive them to school. On Mondays we all start the day with Assembly in the school hall at 8.50. the headteacher talks to us and gives us information about school events.



3

This year I’ve nine subjects. We all study English, Maths and Science, and then we choose other subjects. My favourites are IT and Art & Design. Brian likes Spanish and Japanese. Gemma is brilliant at Maths, so she goes to an Advanced Maths class.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет