Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет15/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қазіргі мұғалімнен күтілетін түйінді құзіреттіліктер:

  • оқушылардың өзіндік оқу әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білу;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктерімен, қызығушылықтарын ескере отырып, әр түрлі оқыту формалары көмегімен оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білу;

  • оқушылардың құзіреттіліктерін бағалай білу;

  • зерттеушілік қабілетке ие болу, оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алу;

  • оқушылармен үнемі диалогта бола отырып, оларға өз ойларын, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік жасау;

  • компьютерлік технологияларды меңгеріп оқыту процесінде қолдана алу.

Педагогикалық әдістер, тәсілдер мен технологиялар:

  • «сыни ойлау» технологиясы;

  • жоба-зерттеу әдісі;

  • диалог пен дискуссияның әр түрлерінің қолданылуы;

  • ұғымдарды қалыптастыру әдістері т.б.

Мұғалімнің негізгі қызметтері:

  • әрекетті ұйымдастырушы;

  • кеңесші;

  • көмекші;

  • тьютор;

  • рефлексияны ұйымдастырушы;

  • эксперт.

Келешек азаматтарды сапалы әрі жоғары деңгейде даярлау жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған үлкен міндет. Бұл міндетті жемісті түрде жүзеге асыру әрине оқыту мазмұнымен анықталады. Келешек шет тілі мұғалімдерінің бойында болуы тиіс кәсіби құзіреттіліктерді төмендегідей топтастыруға болады:
Мәдениетаралық қатысым құзіреттілігі жалпы білім беретін теориялық дайындық, кәсіби дайындық, дүниетанымдық-әдіснамалық дайындық сияқты циклдарда жүзеге асады және жалпы оқыту жоспарындағы пәндер оқытылады (информатика, экология, әлеуметтану, саясаттану, құқық негіздері т.б.)[94].
Мәдениетаралық коммуникацияға бағытталған құзіреттілік тілдік дайындыққа бағытталады және базалық пәндер оқытылады (қазақ тілі, шет тілі, екінші шет тілі).
Мәдениетаралық коммуникацияға негіздеуші құзіреттілік теориялық кәсіби дайындық кезеңінде қалыптасады, болашақ мамандыққа бағыттаушы пәндер оқытылады (өлкетану, тілі оқытылып отырған өлкелердің тарихы, міндетті және таңдау пәндері).
Ал, кәсіби айқындаушы құзіреттіліктер практикалық кәсіби дайындық сатысында қалыптасады (педагогикалық практика, дипломдық жұмыс).
Оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практика жүзінде эксперименттен өткізу үшін біз Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің он бірініші сыныптарынан төрт сыныпты алдық. Осы экспериментке барлығы елу оқушы тартылды. Эксперименттік – тәжірибелік оқыту барысында мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:

  • оқушылардың мәтіндермен жұмыс атқаруы кезінде берілген білім мазмұнын меңгеру деңгейін байқау;

  • мәдениетаралық құзыреттілікті дамытып, қалыптастыратын технологиялардың тиімділігін тексеру.

Жоғарыда аталып өтілген ғылыми зертеулер мен технологияларды қолданудан кейін оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігінің деңгейін, білік, дағдыларын байқау жолға қойылды. Оқу жылы бойы атқарылған тәжірибелік оқытудан кейін сыныптарда эксперименттік байқау тестісі алынды.
Тәжірибелік байқау жұмысы барысында алынған сандық және сапалық мәліметтер жаңа технологиялар арқылы мәдениетаралық коммуникация құзыреттілігін қалыптастыруға тиімді екендігі дәлелденді. Жаңа технологияларды қолдана өтілген сабақтардың сапасы жай дәстүрлі тәсілмен өтілген сыныптағыға қарағанда қырық, қырық бес пайыз жоғары болды.
1-кесте. Экперимент алдындағы сыныптардың білім нәтижесі

Сыныптар

Оқушылар саны

Жіберілген қателер % коэфицентті (эксп. алды)

Жіберілген қателер % коэфицентті (эксп. кейін)

Жіберілген қателердің % деңгейі

1 сынып
2 сынып

16
15

53,7
52,5

22,3
37,2

31,4
15,3

3 сынып
4 сынып

18
16

50
47,8

23,4
35,5

26,6
12,3

Мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруға қолданылған мәтіндерге проблемалық тапсырмалар беру, диалогтар дайындау, жоба жұмысын орындау, ұжымдық ойлау тапсырмалары т.б. тәсілдердің тиімділін экперимент жұмысы көрсетті. Яғни, бағылау сыныбындағы оқушылар тест қорытындысында 56,3%, ал экперименттік сыныптар оқушылары 86,2% оң нәтиже көрсетті. Бұл зерттеуіміздің нәтижесі тиімді болғанын, болжамымыздың дұрыс екенін дәлелдеп берді. Атқарылған зерттеу нәтижесінде төменгідей тұжырым жасалды:

  1. Мәденитеаралық құзыретілікті қалыптастыру мақсатында мәтіндердің түрлі жаңа технологияларарқылы түрлендіре оқыту оң нәтиже береді.

  2. Мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында мәтіндердің түрлі жанрда болуы, ситуациялар жүйесі арқылы өзге елдің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қамтуы тиімді болады.

  3. Түпкі оң нәтижеге қол жеткізудің негізі ретінде мәтіндік материалдарды мәдениетаралық құзыреттілікке бағыттай оқыту үшін үйренетін шетел тілінің реалияларын, мәдени-ұлттық жүйесін де белсенді түрде пайдалану.

  4. Мәдениетаралық құзыреттілік біліктілікті қалыптастырудың зерттеу арқылы белгіленген әдістемесі мен алынған нәтижесі шетел тілі пәнінің мамандарына, болашақ мұғалімдеріне т.б. қолдануына болады.

Сонымен, оқушының мәдениетаралық коммуникацияға құзіреттілігі оның теориялық және практикалық біліктіліктерінің ұштасуы, қарым-қатынастық шеберлікті дамытудың басты факторы болып табылады. Педагог іс-әрекеті әр түрлі кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Ал, сыни және шығармашыл ойлау, жоғары әрі жемісті нәтижеге жетуді ғылыми тұрғыдан даярлықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет