Өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылығын танытуы.11-13 жас аралығында балаға оның қиялын өрлетіп, күйзелу мен эмоциясының дамуында сыртқы әлем үлкен роль атқарады. Жасөспірімдер күйзелісі барысында, бала өзінің мәселелеріне көңіл бөліп, қабілеттеріне көзі жетіп, ішкі дүниесіне үңіле бастайды.
Сыни ойлаудың қарқынды дамуы.Жасөспірімнің ойлау қабілеті ойға қонымды, формальды қатаң ой сияқты қасиеттерге ұласа түседі.Ол кез келген сұраққа шындық немесе өтірік, иә немесе жоқ деген бір жауапты талап етеді. Адам өмірі әр түрлі қисындардан тұрғандықтан баларларда бұндай жаста кез келген жағадайларда көңілдері түсіп, терең ойларға шомып, асыра сілтеп кейбір кезде достарымен және ата-аналарымен келіспеушіліктер туындауы мүмкін.