Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
8
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


Жақсы жаңалық!
Әрине, жақсы жаңалықтарымыз да бар. Егер де 
жоғарыда айтылғандардың біреуі де болса саған 
қатысты болса, мұңайма, сен жалғыз емессің! 
Әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандар Рамазан айы 
сайын жоғарыдағы мәселелермен бетпе-бет жүздеседі. 
ProductiveMuslims 
оқырмандарынан 
қаншама 
хат 
алдым. Қай-қайсысы да Рамазан айындағы күш-жігерінің 
аздығы жайлы, ең керемет, ерекше айды тиісінше өткізе 
алмай жатқандары жайлы мұң шағады. Сол себепті, сен 
жалғыз емессің және бұл мәселенің шешімі бар! 
Бір қадам артқа… 
 
Шамалы ғана кейін шегініп, ойланайықшы: біз не жайлы 
әңгіме қозғап отырмыз? «Шықпа, жаным, шықпа» деп, 
тағы бір Рамазан айын өткізіп, Ақырет күні жақсылыққа 
үміттене салудың не қиындығы бар? 
Елестетші, сені “алтынға кенел” деп қымбат металдың 
кен орнына бір айға жіберді делік. Ал сенің алып 
шыққаның бар болғаны арзан мыс қана. Көңілің қалып, 
өзіңді ақымақ сезінбес пе едің? Бұл мысал дәл 
осылайша қасиеті көп Рамазанға жетіп тұрып, ақырында 
иеленгені мардымсыз адамдарға арналған. 
 
 
 
 
Рамазан айы - рухани байлыққа толы сандық, алтын 
көмкерілген табаққа салынған сансыз сауап көзі. Ол 
тек біздің тарапымыздан шамалы еңбек пен 
құлшынысты талап етеді.
Расында, Аллаһ Тағала бізге үлкен жеңілдік берді 
емес пе? Лағынеті шайтандарды кісендеп, олардың 
сыбырлауынан сақтап, Рамазан айында өз-өзімізге 
жаманнан тосқауыл қоймады ма? Бұдан артық не 
қалауымыз мүмкін? 
Бәрін былай қойып, жалпы алғанда, мұсылман Үмметі 
ретінде тұтас жамағат болып Рамазан айында 
жасағанымызға көңіліміз тола ма?
Шындығына келгенде, мұсылмандардың Рамазан 
айын өткізгеніне көп жағдайда көңіл толмайды. Біздер 
ораза кезінде еріншектікке басып, еңбек өнімділігіміз 
төмендей 
түседі. 
Күндіз 
жұмысымыз 
бен 
дүкендеріміздегі қызмет тоқтағанымен, түнде қайнап 
кететіні бар. Рамазанды “түнгі дүкен аралау мен 
күндізгі ұйқының уақыты” деп түсіну қате. Рамазан 
айының қасиеттілігіне қиянат еттік, сол себеп 
мұсылман емес елдің Рамазан жайлы ойлары теріс. 
Бұл, әрине, насихаттың жақсы үлгісі емес! Сол үшін
кешіре көр бізді, Аллаһ Тағала!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет