Уақытыңды тиімді қолдана алмау: «Уақытты
тиімді қолдану? Ол не? А, сен анау, белгілі бір істі
белгілі бір уақытта жасау туралы айтып отырсың ба?
Оу, бауырым, не деп кеттің? Бұл деген РАМАЗАН!
Рамазанда бәрі де өзгеше... Рамазан кезінде уақытты
тиімді пайдалану мүмкін емес! Ұйқыны бір қандырып
алсам екен, бауырым... ». Демалуым керек.
7. Күш-қуатты тиімді пайдаланбау: Рамазан айы
бойы біз тамақ пен ұйқыдан қағыламыз –
ауқаттануымыз шектеулі, ұйқымыз қанбай жүреміз. Сол
себепті дұрыстап әрекет те жасай алмаймыз. Бұл да
Рамазан айында өзіңді іштей айыпты сезінудің бір
факторы.
8. Шынықпаған дене: «Есіңнен тандың ба? Рамазанда
кім шынығады? Қай ғаламшардан тап болдың өзің?»
Шындығында, Рамазан айында спортпен шұғылдану
әбден мүмкін және бұл да өте маңызды дер едім.
9. Рухани байланысты үзіп алу: Рамазан айы -
рухани даму мен Аллаһ Тағалаға тақуалық ету
айы.Рамазан айының рухани жаңару айы екенін
белгісіз себептермен естен шығарып ала береміз.
Қасиетті айдың дәл ортасында үмітіміз жойылып, тағы
да сол баяғы «Рамазан айында айыпты сезіну» атты
арбаға жайғасып отырып аламыз.
10. Жаттығудың аздығы: Біз (мұсылмандар) Рамазан
айына жоспар құрмаймыз. Біз Рамазан айына
дайындаламыз яғни жаттығамыз. Қасиетті ай
имандылардың сахнасы, бар күш-жігерін салып,
мүмкіндіктерін көрсетіп, сауап жинайтын ай. Алайда,
бұл үшін жыл бойы дайындалу керек. Кез келген
Олимпиада жеңімпазының айтатын сөзі: жаттығу
керек, өзіңді сайысқа дайындауың шарт! Жәй ғана
сайыс күні келіп алып, жеңіл жеңіске дәмеленуге
болмайды.
Білемін, бәрін де жалпылама айттым және жоғарыда
атап өткен 10 себептің еш қайсысы да саған қатысты
емес шығар. Алайда өткен ораза айларын еске алып,
өз-өзіңе былай сұрақ қойшы: «Жоғарыда аталған 10
себептің бірі Рамазан айында өзімді айыпты
сезінуімнің түп тамыры болды ма екен?».