Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
5
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


Ұқсас жағдай ма?
Жоғарыдағы бұл мысал шартты түрде алынған. 
Алайда біздің көпшілігіміздің басымыздан дәл 
осындай оқиғалар өтеді. Рамазанды соншалықты 
ынтыға күткенімізбен бірнеше күнге ғана жеткен 
жігеріміз артынша-ақ жасып шыға келеді. Сөйтіп, 
басталмай жатып Рамазанымыз аяқталады да өзімізді 
іштей айыпты сезінеміз. Сонсоң өзімізді «Келесі жылы 
оразаны жақсылап ұстап, келесі Рамазанды дұрыстап 
өткіземін» деп жұбатамыз. Бірақ бәрібір осыны 
қайтадан бастан кешеміз. 
Мен мұны «Айыпқа толы Рамазан сапары» деп атаймын. 
Мәселенің байыбына бармай тұрып, саған бір сұрақ 
қойсам деймін: Өміріңде қанша Рамазан бар? 
40 
Рамазан? 60? Бұл соншалықты көп пе? Егер біз өзімізге 
берілген осы аз ғана Рамазандарды Ақіретіміз үшін 
пайдаланбайтын болсақ, әрбір тозаңдай сауапты амалға 
мұқтаж болғанымызда, Сұрақ-Жауап күнінде құдіреті күшті 
Алланың алдында қалай тұрамыз? 
Ойланғайсың!
6
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


Рамазанда өзіңді айыпты
сезінудің 10 себебі
Сонымен, әр Рамазан сайын өзіңді айыпты 
сезінудің сыры неде? Мен оның 10 себебін таптым: 
1. 
Шектен тыс бір мүмкіндіктерді күту
:
Жыл сайын 
Рамазан айында шектен тыс мүмкіндіктер күтеміз. 
Қанша рет адамдардың «осы Рамазан айында Құранды 
толығымен 5 рет оқып шығам», «Рамазан айының әр 
түнінде тарауих пен тахаджуд оқимын» деп өз-өздеріне 
сөз бергенін естідің? Биік шыңдарға ұмтылудың еш 
сөкеттігі жоқ, алдымызға асқақ мақсаттар қойып, өз 
өзімізді жетілдіре түсуіміз керек. Алайда, өзіңді біле 
тұра, орындалуы мүмкін емес мақсаттар қоймау керек. 
Бұлайша өзіңе психологиялық қысым жасауға әсте 
болмайды. Сол себепті, жолдан сәл тайған сәтте-ақ, 
үлкен үмітіміз күлге айналғанда, мақсаттар мен 
талпыныстарымызды шамалы өзгертудің орнына, 
«жарайды.., мүмкін келесіде.., келесі жылы…» деген 
синдромға шалдығамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет