Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


  Рамазанды қиындатып жібереміз



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

2. 
Рамазанды қиындатып жібереміз: 
Қасиетті айдың 
алғашқы күндерінде өз бойымыздағы керемет өзгерістерді 
бақылаймыз – таң намазынан бір сағат бұрын оянамыз, 
әдетте бұлай ерте тұруға дағдыланбасақ та алдында тек 
қана сүннет намазын оқып жүрген біз, тарауих намазының 
20 рәкағатын оқимыз, аптасына бір-екі бет Құран оқып 
үйренгенімізбен, енді болса күніне 10-20 бетін оқып 
жүрміз. Осыншама құлшыныстың соңы 
не? Мұндай қарқынмен тек алғашқы күндерді өткізіп, 
сосын қарқынымыз азайып, күн сайын бұлай жасау 
тым қиын екенін ұғынған сәтте, бәрі де бәз баяғы 
қалпына кеп оралады.
3. 
Реттіліктің жоқтығы: Рамазан айының ортасына 
жеткен кезде, сонша күш салып, ынталанып бастаған 
күн тәртібі өзімізге ауырлық түсіре бастайды. Таң 
намазынан кейін оқылатын 10 бет Құран да 
оқылмайды, тарауих намазына жығылу әр түннен 
келесі түнге ысырылып, тахаджудқа оянудың орнына 
таң намазының нақ алдында, сәл ертерек ауыз 
ашарға ғана ояну басталады. Осылайша өзіміздегі 
реттілік жойылады. 
4. 
Білімнің аздығы: Ораза жайлы білім қорымызды 
арттырмау – Рамазан кезінде өзіңді айыпты сезінудің 
алғышарттарының бірі. Сондай-ақ қасиеттің айдың 
бар қуатын сезінбеу, толыққанды ораза ұстаудың 
психологиялық, рухани, физикалық байланысын 
түсінбеу де Рамазанда өзіңді ішіңнен айыпты сезінуге 
итермелейді. 
5. 
Жамағат қолдауынан тыс қалу: Рамазан - өз 
өзіңмен күрес айы іспетті. Ешкім өзінің рухани 
тәжірибесі жайлы сөз айтпайды, Рамазандағы жай-
күйі туралы бөліспейді. Талқылап, барыңмен 
бөлісетін, қолдау көрсетіп, демейтін жан жоқ. Тек қана 
сен, өзің және жеке басың ғана. 
7
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


6. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет