Жалғыз оқитын əйелдiң намазы
Мысалы таң намазының сүннетi былай оқылады:
1. Дене мүшелері бастан - аяқ жабылады. Тек қана алақандары
мен жүзi ашық болады. Намазда оқитын сүре жəне дұғаларды
жоғарыда айтылып өткен жалғыз еркектiң оқығаны сияқты оқиды.
Айырмашылықтары төмендегiдей:
а) Қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармайды, иығына дейiн
көтерiп ниет етiп, тəкбiр алып қолдарын көкiрек үстiне бір-бірінің
үстіне қояды.
б) Рукуде еркектердей түзу иілмейді.
в) Сəждеде шынтақтары жерге тиеді.
г) Ташаһудта отырғанда сол жағымен отырады. Яғни аяқтар оң
жаққа шығарылып сол санының үстіне отырады.
Əйелдер үшін намазда ең ыңғайлы хижаб - қолдарын да жаба-
тындай үлкендеу орамал мен аяқтарын жабатын ұзындау юбка кию.
Намаздың уəжiптерi
Фатиха сүресiн оқу.
1.
Фатихадан кейiн бiр сүре немесе ең кемінде үш қысқа аят
2.
оқу.
Фатиханы зəм сүреден бұрын оқу.
3.
Фатиханы жəне фатихадан кейiн оқылатын сүренi, парыз
4.
намазының бiрiншi жəне екiншi рəкатында, ал уəжiп жəне сүннет
намаздарының барлық рəкаттарында оқу.
Сəжделердi бiр-бірінің артынша жасау.
5.
Үш немесе төрт рəкатты намаздардың екiншi рəкатында ат-
6.
тахияту оқылатындай уақыт отыру. Соңғы отыру парыз.
Екiншi рəкатта аттахияту мөлшерiнен көп отырмау.
7.
Сəждеде маңдай мен мұрынды бiр жерге қою.
8.
Соңғы отыруда
9.
аттахияту дұғасын оқу.
Намазда тадили əрканға амал ету.
10.
- 90 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 91 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Намаздың соңында
11.
«Ассаламу алейкум уə рахматуллаһ» деп
сəлем беру.
Үтiр намазының үшiншi рəкатының соңында
12.
Құныт
дұғасын оқу.
Айт намаздарында тəкбiр алу.
13.
Имамның таң намазы, жұма, айт, тарауих, үтiр намаздарында
14.
жəне ақшам мен құптан намазының алғашқы екi рəкатында дауыстап
(басқаларға естіртіп) оқуы.
Имамның жəне жеке оқыған кiсiнiң бесiн, екінді, ақшам,
15.
құптан парыздарының үшiншi жəне төртiншi рəкаттарында дауыс
шығармай іштен (тек өзіне естіртіп) оқуы уəжiп. Имамның дауыстап
оқуы уəжiп болған жерлердi жеке оқыған кiсiнiң дауыстап та, iштен
де оқуы жаиз.
Құрбан айттың арафа күнiнiң таң намазынан, төртiншi күннiң
екінді намазына дейiн 23 парыз намазының артынан Ташриқ
тəкбірін оқу уəжiп.
Сəһу (жаңылу не ұмыту) сəждесi: Намаз оқыған кiсi намаздың
парызынан бiреуiн бiле тұра немесе ұмытып тəрк етсе, намазы
бұзылады. Егер бiр уəжiптi ұмытып тəрк етсе, намазы бұзылмайды.
Бiрақ сəһу сəждесiн жасау керек болады. Сəһу сəждесін бiле тұра
жасамаған немесе намаздың уəжiптерiнен бiреуiн бiле тұра тəрк
еткен кiсiнің сол намазды қайтадан оқуы уəжiп, оқымаса күнəһар
болады. Сүннеттi тəрк еткен кiсiге сəһу сəждесi қажет емес. Сəһу
сəждесi, парыздың не уəжiптің бiреуi кешіктірілгенде немесе бір
уəжіп тəрк етілгенде жасалады.
Намазда бiрнеше жерде сəһу сəждесiн жасау қажеттiлiгi туса
бiр мəрте жасау жеткiлiктi болады. Имам жаңылса, оған ұйыған
жамағаттың да сəһу сəждесiн жасауы керек. Имамға ұйыған кiсi
жаңылса, оған сəһу сəждесiн жасаудың қажетi жоқ.
Сəһу сəжде жасау үшiн, əттахият оқылып бiр жаққа сəлем
берiледi де екi рет сəжде жасалынып, отырылады. Отырған кез-
де əттахият, салауаттарды, раббана атина дұғаларын оқып намаз
аяқталады. Бiр немесе екi жаққа сəлем беріп немесе мүлде сəлем
берiлмей де сəһу сəждесін жасауға болады.
Сəһу сəждесін қажет ететін жағдайлар
Отыруы қажет болған жерде тұру, тұру керек болған жерде оты-
ру. Дауыстап оқылуы уəжiп болған жерде iштен оқу, iштен оқу уəжiп
болған жерде дауыстап оқу. Дұға оқылуы керек болған жерде Құран
Кəрiм оқу немесе Құран Кəрім оқылатын жерде дұға оқу. Мəселен:
Фатиха сүресiнiң орнына əттахият дұғасын оқу, Əттахият оқылатын
жерде Фатиханы оқу. Бұл жерде Фатиха тəрк етiлген болады. Намазды
аяқтамастан сəлем беру. Парыз намаздарының үшiншi жəне төртiншi
рəкаттарында Фатихадан кейiн зəм сүре оқу. Парыздардың алғашқы
екі рəкатында фатихадан кейін зəм сүре оқымау. Айт намазының
тəкбiрлерiн тəрк ету. Үтiр намазында құныт дұғасын тəрк ету.
Тилəует сəждесi
Құран Кəрiмде он төрт жерде сəжде аяты бар. Бұлардың бiреуiн
оқыған немесе естiген кiсiнің мағынасын түсiнбесе де бiр сəжде жа-
сауы уəжiп. Сəжде аяттарын жазған, буынға бөлiп оқыған кісі сəжде
жасамайды.
Таулардан, шөлдерден жəне басқа жерлерден қайтқан
жаңғырықты естiгендердiң сəжде етуi уəжiп емес. Адамның дауысы
болуы қажет. Радиодан, микрофоннан естiлген дауыстың адам дауы-
сы еместiгi, оқығанның дауысына ұқсас жансыз құралдың дауысы
екендiгi жоғарыда айтылды. Сол үшiн радиодан жəне магнитофон-
нан оқылған аяттарды естiген кiсiге тилəует сəждесiн жасау уəжiп
болмайды.
Тилəует сəждесiн жасау үшiн дəреттi болып, қыблаға қарап
тұрып, қолдарын көтерместен «Аллаһу əкбар» деп сəждеге барады.
Үш мəрте «Субханə раббиал аъла» делiнедi. Содан соң «Аллаһу
əкбар» деп сəждеден тұрумен тiлəует сəждесi аяқталады. Ең алды-
мен ниет етiлуi керек. Ниет болмаса қабыл болмайды.
Сəжде аяты намаз ішінде оқылғанда, дереу бөлек рүку мен сəжде
жасап қайта тұрады. Намазын жалғастырады. Сəжде аятын оқып,
екi-үш аяттан соң намаздың рүкуын жасаса жəне тилəует сəждесiне
ниет етсе, намаздың рүку жəне сəжделерi, тилəует сəждесiнiң ор-
нына жүредi. Жамағатпен оқыған адам, имам сəжде аятын оқыған
кезде, имамның оқығанын естiмесе де, имаммен бiрге бөлек бiр рүку
жəне екi сəжде жасайды. Жамағаттың рүкуде ниет етуi керек. Намаз
сыртына кешiктiруге болады.

- 92 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 93 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Шүкiр сəждесi
Шүкiр сəждесi тiлəует сəждесi сияқты орындалады. Өзiне
нығмет берiлген немесе бiр аурудан жазылған адамның Аллаһу
та’алаға шүкiр сəждесі жасауы мустаһаб. Сəждеде алдымен
«Əлхамду–лиллаһ» дейдi. Содан кейiн сəжде тасбихын оқиды. Бiрақ
əр бес уақыт намаздан кейiн бір шүкір сəждесі жасап орнынан тұру
мəкрух.
Намазда тадили əрканды орындамағандардың бүкіл жаратылысқа
зияны тиедi. Өйткені ол адамның күнəсiнiң кесiрiнен жаңбыр жау-
майды, егiн шықпайды, беймезгiл уақытта жауын жауып, пайда ор-
нына зиянын тигiзетiндiгi айтылған.
Намаздың сүннеттерi
1. Ифтитах тəкбiрiнде қолды құлаққа дейiн көтеру.
2. Қолдың iшiн қыблаға бағыттау.
3. Тəкбiрден кейiн қол байлау.
4. Оң қолды сол қолдың үстiне қою.
5. Ер кiсiнiң қолдарын кiндiктен төмен ұстауы, ал əйелдердiң
қолдарын көкiрекке қоюы.
6. Ифтитах тəкбiрiнен кейiн «Субханəкə» оқу.
7. Имамның жəне жеке оқыған адамның «Аузу» оқуы.
8. Бисмиллаһ айту.
9. Рукуде үш мəрте «Субханə раббиал азым» деп айту.
10. Сəждеде үш рет «Субханə раббиал аъла» деп айту.
11. Соңғы отырыста Салауат дұғаларын оқу.
12. Сəлем бергенде екi жаққа қарау.
13. Имамның жұма жəне айт намаздарынан басқа, əр намазда
бiрiншi рəкатта, екiншi рəкатта оқитынынан екi есе ұзын оқуы.
14. Рукуден тұрарда имамның жəне жеке оқыған адамның «Сəми
Аллаһу лимəн хамидəһ» деп айтуы.
15. Рукуден тұрғаннан кейiн «Раббəнə лəкəл хамд» деп айту.
16. Сəждеде аяқ саусақтарын бүгiп қыблаға бағыттау.
17. Руку жəне сəжделерде иiлiп жатқанда жəне тұрып жатқанда
«Аллаһу əкбар» деп айту.
18. Қолдарын жəне тiзелерiн жерге тигiзу.
19. Қиямда тобықтардың арасы төрт елі болу. Рукуде, қавмəде
жəне сəждеде тигізіп ұстау.
20. Фатихадан кейiн өзі еститіндей амин деп айту, рүкуден бұрын
тəкбiр алу, рүкуде саусақтарды ашық ұстап тiзенiң үстiне қою, сəжде
үшiн тəкбiр алу, отырғанда сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тiк
қойып отыру, екi сəжде арасында отыру.
Ақшам намазында қысқа сүрелер оқылады. Таң намазында
алғашқы рəкат екiншiге қарағанда бiраз ұзағырақ оқылады. Имамға
ұйыған адам фатиха жəне зəм сүре оқымайды субханəкə оқиды.
Тəкбiрлердi айтады, əттахияту, салауат шəрифтердi оқиды.
Намаздың мустаһабтары
Намазда сəжде ететін жерге қарау.
1.
Рукуде аяқ ұштарына қарау.
2.
Сəждеде мұрнын қойған жерге қарау.
3.
Əттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.
4.
Фатихадан кейiн оқылатын аят мөлшерi, таң жəне бесiн намазда-
5.
рында ұзын, ақшам намаздарында қысқа болуы.
Имамға ұйыған адам тəкбiрдi iштен айтуы.
6.
Рукуде саусақтарды ашып, тiзенiң үстiне қою.
7.
Рукуде бас пен мойынды бiрдей түзу ұстау.
8.
Сəждеге барарда алдымен оң тiзенi кейiн сол тiзенi жерге қою.
9.
Сəжденi екi қолдың аралығында жасау.
10.
Сəждеге мұрнынан кейiн маңдайын қою.
11.
Намазда есiнегенде қолдың сыртымен аузын жабу.
12.
Еркектердiң сəждеде шынтақтарын көтерiп жоғары ұстауы,
13.
əйелдер қолдарын жерге төсейдi.
Еркектердiң сəждеде қолдарын жəне аяқтарын қарнынан бөлек
14.
ұстауы.
Руку жəне сəждеде үш мəрте тəсбих айтатындай уақыт тұру.
15.
Сəждеден басын көтергеннен кейiн қолдарын жерден көтеру.
16.
Қолдарын көтергеннен кейiн тiзелерiн көтеру.
17.
Əттахиятуда қолдарын санның үстiне қойып, саусақтарын
18.
қыблаға қарай түзу ұстап бүкпеу жəне ойнатпау.
Оңға жəне солға сəлем берерде басын бұру.
19.
Сəлем берерде иықтарына қарау.
20.

- 94 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 95 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Намаздың мəкрухтары
Киiмдi кимей, иығына тастап қойып намаз оқу.
1.
Сəждеге барарда шалбардың балақтарын көтеру.
2.
Көйлектiң етегiн жəне жеңдерiн түрiп қойып намаз оқу.
3.
Пайдасыз əрекеттер жасау.
4.
Іс киімі жəне үлкендердің алдына шыға алмайтын киiммен
5.
намаз оқу.
Аузында қыраатқа кедергi болмайтын бiр нəрсе болу. Кедергi
6.
болса намаз бұзылады.
Жалаңбас намаз оқу.
7.
Үлкен не кiшi дəрет немесе жел қысып тұрғанда намаз оқу.
8.
Намазда сəжде жасайтын жердегi тас немесе топырақты
9.
қолмен сыпыру.
Намазға тұрарда, намаз iшiнд
10.
е саусақтарын шықырлату.
Намазда қолын бүйiрiне таяу.
11.
Басын жан-жаққа бұру, жан-жағына қарау. Кеудесi бұрылса
12.
намаз бұзылады.
Ит сияқты отыру.
13.
Сəждеде еркектердiң шынтақтарын жерге төсеуі.
14.
Адамның жүзiне қарсы немесе көтерiңкi дауыспен
15.
əңгiмелескендердiң артында намаз оқу.
Бiреудiң сəлемiне басымен, қолымен жауап беру.
16.
Намазда жəне намаздан тыс уақытта есiнеу.
17.
Намазда көздерiн жұму.
18.
Имамның миһраб iшiне кіріп тұруы.
19.
Имамның жалғыз өзi жамағаттан жарты метр биiкте тұруы
20.
тəнзиһəн мəкрух.
Имамның тек өзi төменде тұруы да тəнзиһəн мəкрух.
21.
Парыздарда алдыңғы сапта бос жер бар кезде артқы сапқа
22.
тұру жəне сапта бос жер жоқ болған кезде, саптың артында жалғыз
тұру.
Үстінде жанды нəрсенің суретi бар киiммен оқу.
23.
Жанды нəрсенiң суретi, намаз оқығанның жоғарысында,
24.
басында, алдында, оң жəне сол жақ тұсында дуалға немесе матаға,
қағазға салынып iлiніп қойылған болса мəкрух болады. Крест суретi
де жанды нəрсенiң суретi сияқты.
Жалыны бар отқа қарсы намаз оқу.
25.
Намазда аяттарды, тəсбихтердi қолмен санау.
26.
Басынан аяғына дейiн бiр матамен оранып намаз оқу.
27.
Жалаң басына сəлде орап намаз оқу.
28.
Аузын жəне мұрнын жауып оқу.
29.
Себепсiз қақыру.
30.
Қолын бiр-екi мəрте қозғауы.
31.
Намаздың сүннеттерiнiң бiреуiн тəрк ету.
32.
Себепсiз, баласы құшағында тұрғанда намазын бастауы.
33.
Жүректi мазалайтын, тыныштықты бұзатын нəрселердiң,
34.
мəселен əсем нəрселердiң жанында, ойын, шудың жанында немесе
жақсы көретiн тамағының жанында оқу.
Парыз оқып жатқанда, үзiрсiз дуалға не бiр тiрекке сүйену.
35.
Рукуға иiлгенде жəне тұрарда қолдарын құлағына қарай
36.
көтеру.
Қыраатты рүкуға иiлгенде бiтiру.
37.
Сəждеге жəне рүкуға имамнан бұрын бару жəне имамнан
38.
бұрын басын көтеру.
Нəжіс болуы мүмкiн болған күмəндi жерде намаз оқу.
39.
Қабiрге қарап намаз оқу.
40.
Ташаһудте сүннетке сай отырмау.
41.
Екiншi рəкатта бiрiншiсіне қарағанда үш аят ұзын оқу.
42.
Намаз сыртында мəкрух болған нəрселер
Кез-келген жерде дəрет бұзғанда немесе истинжа қыларда
1.
қыблаға арқасымен немесе алдымен қарап отыру.
Күнге жəне айға қарап дəрет бұзу.
2.
Кiшкентай балаларды қыблаға қарсы ұстап дəрет бұздырту
3.
мəкрух болады. Сол үшiн үлкендерге харам болған нəрсенi
кiшкентайларға жасату үлкендерге харам болады.
Қыблаға қарай үзiрсiз аяқтарын ұзату.
4.
Мусхафқа (Құран Кəрім) жəне дiни кiтаптарға қарай аяғын
5.
ұзату. Биiк жерде болса, мəкрух болмайды.
Намазды бұзатын нəрселер
Үзiрсiз жөтелу немесе қақыру.
1.
Намаз оқып жатқан кiсiнiң, басқа бiреу түшкiргенде
2.
«Ярхамукаллаһ» деп айтуы.
Намазын жеке оқып жатқан кiсi жанындағы жамағатта
3.
имамның жаңылғанын байқап, ескертсе немесе жөндесе, өзінің
- 94 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 95 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Намаздың мəкрухтары
Киiмдi кимей, иығына тастап қойып намаз оқу.
1.
Сəждеге барарда шалбардың балақтарын көтеру.
2.
Көйлектiң етегiн жəне жеңдерiн түрiп қойып намаз оқу.
3.
Пайдасыз əрекеттер жасау.
4.
Іс киімі жəне үлкендердің алдына шыға алмайтын киiммен
5.
намаз оқу.
Аузында қыраатқа кедергi болмайтын бiр нəрсе болу. Кедергi
6.
болса намаз бұзылады.
Жалаңбас намаз оқу.
7.
Үлкен не кiшi дəрет немесе жел қысып тұрғанда намаз оқу.
8.
Намазда сəжде жасайтын жердегi тас немесе топырақты
9.
қолмен сыпыру.
Намазға тұрарда, намаз iшiнд
10.
е саусақтарын шықырлату.
Намазда қолын бүйiрiне таяу.
11.
Басын жан-жаққа бұру, жан-жағына қарау. Кеудесi бұрылса
12.
намаз бұзылады.
Ит сияқты отыру.
13.
Сəждеде еркектердiң шынтақтарын жерге төсеуі.
14.
Адамның жүзiне қарсы немесе көтерiңкi дауыспен
15.
əңгiмелескендердiң артында намаз оқу.
Бiреудiң сəлемiне басымен, қолымен жауап беру.
16.
Намазда жəне намаздан тыс уақытта есiнеу.
17.
Намазда көздерiн жұму.
18.
Имамның миһраб iшiне кіріп тұруы.
19.
Имамның жалғыз өзi жамағаттан жарты метр биiкте тұруы
20.
тəнзиһəн мəкрух.
Имамның тек өзi төменде тұруы да тəнзиһəн мəкрух.
21.
Парыздарда алдыңғы сапта бос жер бар кезде артқы сапқа
22.
тұру жəне сапта бос жер жоқ болған кезде, саптың артында жалғыз
тұру.
Үстінде жанды нəрсенің суретi бар киiммен оқу.
23.
Жанды нəрсенiң суретi, намаз оқығанның жоғарысында,
24.
басында, алдында, оң жəне сол жақ тұсында дуалға немесе матаға,
қағазға салынып iлiніп қойылған болса мəкрух болады. Крест суретi
де жанды нəрсенiң суретi сияқты.
Жалыны бар отқа қарсы намаз оқу.
25.
Намазда аяттарды, тəсбихтердi қолмен санау.
26.
Басынан аяғына дейiн бiр матамен оранып намаз оқу.
27.
Жалаң басына сəлде орап намаз оқу.
28.
Аузын жəне мұрнын жауып оқу.
29.
Себепсiз қақыру.
30.
Қолын бiр-екi мəрте қозғауы.
31.
Намаздың сүннеттерiнiң бiреуiн тəрк ету.
32.
Себепсiз, баласы құшағында тұрғанда намазын бастауы.
33.
Жүректi мазалайтын, тыныштықты бұзатын нəрселердiң,
34.
мəселен əсем нəрселердiң жанында, ойын, шудың жанында немесе
жақсы көретiн тамағының жанында оқу.
Парыз оқып жатқанда, үзiрсiз дуалға не бiр тiрекке сүйену.
35.
Рукуға иiлгенде жəне тұрарда қолдарын құлағына қарай
36.
көтеру.
Қыраатты рүкуға иiлгенде бiтiру.
37.
Сəждеге жəне рүкуға имамнан бұрын бару жəне имамнан
38.
бұрын басын көтеру.
Нəжіс болуы мүмкiн болған күмəндi жерде намаз оқу.
39.
Қабiрге қарап намаз оқу.
40.
Ташаһудте сүннетке сай отырмау.
41.
Екiншi рəкатта бiрiншiсіне қарағанда үш аят ұзын оқу.
42.
Достарыңызбен бөлісу: |