Өнердің түрлері
Музыка
Кескінд
еме
Мүсін
Кино
Сәулет
өнері
Би
Театр
Көркем
әдебиет
Әлемге эстетикалық қатынас және
эстетикалық іс-әрекет
• Әлемге эстетикалық қатынас – адам мәдениетінің маңызды қыры. Оның
құрамына эстетикалық іс - әрекет, эстетикалық сезім, қабылдау, қажеттілік,
идеалдар кіреді.
• Эстетикалық іс - әрекет – бұл дүниені материалдық – практиалық негізге
сүйеніп, рухани, әлеуметтік, психологиялық игеру және өзгеру.
Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-
қимылы, жан тебіреністерінің себептерін
ашудағы өнердің мүмкіндіктері
• Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды
күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан
ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік
береді. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін
ашудағы өнердің мүмкіндіктері өте жоғары. Өнер туындысы адам сезіміне
қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске,
кейіпкердің
қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі,
эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі
арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол
табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта
дамып, ол өнердің түрлері, тектері,
жанрлары
ретінде таратылады.
Өнерді зерттеудің заманауи философиялық
тәсілдері
• ХХІ ғасыр заманауи кескіндеме өнері - жаңаша визуалды қабылдау
өнері. Заманауи өнер суретшіні қоршаған ортасын объективті қабылдап,
оған субъективті жауап беру. Заманауи бейнелеу өнері заттың объективті
мәнін ашуға ұмтылады. Бүгінгі кескіндеме өнерінің табиғаты күрделі,
ол интеллектуалды түйсікке негізделе құрылады, сондықтан заманауи
өнер түсінуді емес түсіндіруді қажет етеді. Бүгінгі ХХІ ғасырдың
кескіндеме өнері ХХ ғасырдың жетістіктері мен нәтижелерін заманауи
кескіндеменің көркем тілін, бейнесін құруда қолданады. Заманауи өнер
әр дәуірдің кезеңнің қабылдау ерекшелігіне көркем сананың дамуына
байланысты ерекшеленіп отырады.
• Бүгінгі постмодернистік өнердің шығу көзі модернизммен сабақтас
дамуда. Модернизм өзінің алдындағылардың барлығына қарсы шықса,
постмодернизм өзіне дейінгі көркем өнердегі стильдік, тақырыптық,
жазу тәсілін, жалпы барлық көркем құндылықтарды өз бойына жинады.
Заманауи өнерде постмодернизм бағыт ретінде қалыптасты және оның
ағымдары пайда болды. Өнерде екі полюс те бірдей кездеседі, мысалы:
пішінді, пішінсіз, объектілі, субъектілі, интровертті, экстровертті және
т.с.с. Заманауи кескіндеме өнерінің қайнар көзі ұлттық дүниетаным мен
түсініктердің, қабылдаудан туған бейнеленуші объектінің жаңаша
визуалды интерпретациялануы.
|