Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну және көркем талғам, • Өнер – қоғамдық сананың эстетикалық сезім тудыратын формасы. Суретші, жазушы
шындық құбылыстарына тән эстетикалық сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан
көркем шығармаларда өмір белгілі бір эстетикалық идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни
өнер шындық нәрселері мен құбылыстарын көрікті немесе көріксіз, көңілді немесе
көңілсіз, қайғылы немесе күлкілі деген сияқты категориялар формасында бейнелеп,
баға береді.
• Эстетикалық сезімдер- жоғарғы сезімдердің түріне жатады, яғни адамның
шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты түсінуінен пайда болады. Мұндай
сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе
табиғаттағы
, көркемөнердегі әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу
кездерінде байқалады.
• Эстетикалық (көркем) талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй
сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу
жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары
бағаланатын эстетикалық талғам деп көркемдік талғамды айтады. Эстетикалық талғам
шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта,
өнерде әсемдікті қабылдап, жасау қажеттілігін білдіреді. Керісінше, нашар эстетикалық
талғам адамның шындыққа эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа
балайды, ал кейде адамның сұрықсыз нәрселерден ләззат алуына апарып соғады.
Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді
қаншалықты терең және жан-жақты танып-білуімен сипатталады. Дамыған эстетикалық
талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.