Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы
• Қайта өрлеу дәуіріндегі өнер теориясы мен философиясында Ченнино
Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи оқыту жүйелері
қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеу өнері теориясын
қайтадан жетілдірді. Суреттеу
проблемасымен мына шеберлер: Ченнино
Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи жұмыс істеді.
Суретшілер алдыңғы кезеңдегі жұмыс әдісін түсіну үшін антикалық
мәдениетке көңіл бөлді. Олар табиғат көрінісін ғылыми түсіндіріп, ғылым
мен өнер арасындағы байланысты бекітуге талпынды. Пропорция,
перспектива, анатомияны білу өнер теоретиктері мен практиктеріне
маңызды болды. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері суреттің негізінде нұсқадан
сурет салу болуы керек деген. Бұл ой барлық трактаттарда жазылды.
Ченнино Ченнини «Байқа триумфальды арка арқылы өнерге апаратын
жоғары жетекшің-ол нұсқадан сурет салу» деді. Леон Батист Альберти
«Кескіндеме туралы үш кітап» кітабында кескіндеме, бояулар, бейненің
кеңістікте орналасуы туралы айтты. Альберти суретті тура математика
сияқты өзінің нақты заңдылықтары мен ережелері бар ғылыми пән ретінде
қарастырды. Суретті оқыту әдістемесіне үлкен үлесті Леонардо да Винчи
қосты. Леонардо да Винчи көп уақытты бейнелеу өнерінің ғылыми
проблемаларына бөлді, анатомиялық зерттеулермен айналысты, адам
фигурасының пропорционалды бөлшектену заңдылықтарын бекітті.