Араб-мұсылмандық эстетика
• Орта ғасыр эстетикасында діни, құдайшылық сарындар жетекші орын алды.
Ислам философтары құдайға қандай да бір келбет беруге қарсы болды.
Олардың ойынша, “құдайда дене де, рухта, түр де, субстанция да жоқ. Ол
бөлінбейді”.
• Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі — адаб. Ол антик.
білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді.
Жалпы алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын — ол жоғары
құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу
қасиеттер пендешілік пен
құштарлық арқылы мінсіз
мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғары
пайдакүнемдіктен арылуға себін тигізеді және
жетілуге әкеледі.
• Араб-мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен
әуендер сұлулығынан
ләззат алу — сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп
түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері — ибн Хазм (994 — 1064) және ибн
әл-Хайсам (965 — 1039).
• Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды (әл-
Фараби, ибн Сина, Омар һайям, ибн Рушд).
• Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластикалық
формалардың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан
қаралды. “Риясыз ағайындылар” энциклопедиясының авторлары, сопылық
бағыттағы ойшылдар мен ақындар (ибн әл-Араби, 1165 — 1240, Руми, 1207 —
73) болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем
құбылыстардың
ұштастырылуын эстетикалық тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар
зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді.