Классного руководителя


«Жылдың үздік туристік фирмасы»  тақырыбындағы  сабақ үлгісі



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата31.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#10757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Жылдың үздік туристік фирмасы»  тақырыбындағы  сабақ үлгісі.
Сабақ  «Дүниежүзінің  экономикалық  және  әлеуметтік  географиясы»  курен­
ный  шеңберінде,  «Халықаралық  экономикалық  байланыстар  географиясы» 
тақырыбын  өткеннен  кейін  жүргізіледі.
Дайындық кезеңі
Өткен  сабақта  оқушылар  5  аралас  (білімділік  деңгейлерін  ескере  отырып) 
топтарға  бөлінген  болатын.  Бір  туристік  фирма  болып  табылатын  әрбір  топ 
өзінің  атауын,  логотипін  және  ұрансөзін  ойластырып,  президенты  сайлайды 
(ол  команда  капитаны  болады).  Соған  қоса  команда  халықаралық  туризм 
жоғары  деңгейде  дамыған  бес  елдің  бірі  бойынша  туристік  маршруттарын 
анықтайды  (Франция,  АҚШ,  Испания,  Италия,  Венгрия),  таңдап  алынған  елдің 
неғұрлым  белгілі  көрнекті  жерлері  туралы  кроссворд  құрастырады  (7  сөзден 
аспайтын).
Туристік  маршрут  көрнекілік  түрінде  безендіріледі.  Мен  қандай  да  бір  ел 
бойынша  маршрут  жасау  үлгісін  ұсынамын,  ал  команда,  осыған  қарап,  өз 
нұсқаларын  даярлайды.
Кроссворд  жасау  үшін,  топ  «өз»  елінің  көрнекті  жерлерін  жақсы  білуі  тиіс, 
сондықтан  мен  оқушылар  осы  тапсырмаға дайындалуда  қажетті  материал  жи- 
най  алатындай тиісті  әдебиетті  атаймын.
Күшті оқушылар  құрамынан  3 адам  әділқазылар  құрамына сайланады,  олар 
сөйлеу уақытын  бақылап,  топтар жұмысына  баға  береді.
Тапсырма берілгенде  қағазға  басылған  талаптар таратылады.
Проблеманы  ашу  мазмүнына  қойылатын талаптар:
-   материалды  баяндау дәлелділігін  көрсету;
-   талдау жасау,  жалпылау және  қорытынды  жасай білу біліктерін  көрсету;

СЫ НЫППЕН  Ж¥МЫС  ЖАСАЙМЫЗ
-   дүниежүзінің саяси картасын жэне алдын ала дайындалған көрнекіліктерді 
пайдалану.
Үсынылатын  жүмысқа  қойылатын талаптар:
-   баяндау  нақтылығы;
-   уақыттан  шықпау;
-   өз  проблемасын  безендіру ж эне  баяндау ерекшелігі.
Жәрмеңкеге  қатысушылар тәртібіне  қойылатын  талаптар:
-   презентацияға  барлық  фирма  қызметкерлерінің  қатысуы;
-   проблеманы  талқылау  кезінде  сыпайылық танытуы.
Ең басында  фирма  өкілдері  таныстырылады.
Ойын  мақсаты  -   негізгі  мәселелерді  шешу:  әлемнің  қай  аймақтары  негізгі 
халықаралық туристер  ағынын  қабылдайды?  Бұл  неге  байланысты?
Ойын  барысы
Жүргізуші: 
Біздің  сабағымыз  елдер  арасындағы  экономикалық  байла- 
ныстың  бір  түрі  ретіндегі  халықаралық  туризмге  арналады.  Халықтардың  жағ- 
дайы,  мәдени  сүраныстары  өсіп  отырған  қазіргі  кезеңде  туризм  көлігі  кеңінен 
дамып  отыр.  Бірқатар  елдерде  ол  мемлекетке  айтарлықтай  табыс  әкелетін 
халықаралық  мамандану  саласына  айналды  (Австрия,  Швейцария,  Франция, 
Италия,  Ватикан,  Греция,  Испания,  Монако жэне т.  б.  елдерде).
Бүгінгі сабағымызды біз жәрмеңке түрінде өткіземіз. Жәрмеңке -  жылдың бір 
мезгілінде,  белгілі  бір  жерде,  белгілі  мерзімде  өткізіліп  түратын  мерзімдік  ба­
зар. Ж әрмеңкенің мақсаты -  оның қатысушылары-экспоненттерге өз өндірісінің 
үлгісін  көрсету,  сауда және  басқа  мәмілелерін жасау мақсатында жаңа жетістік- 
терін  жайып  салу.
Біздің жәрмеңкемізде  өз  қызметкерлерімен  бірге үш жетекші туристік фирма 
шығып  отыр.
Біз  жылдың  үздік  туристік  фирмасын  анықтауымыз  керек.  Түсаукесерде 
барлық  фирмалар  белгілі  бір  талаптарды  сақтауы  тиіс  (қағазға  басылып,  жү- 
мысшы  топтар  мен  әділқазылардың  қолдарына  берілген  талаптар  о к ­
лады).
«Визит  карточкасы»  конкурсы
Әрбір  топ  өз  туристік  ф ирмасының  президентін,  оның  атауын,  логотипі  мен 
ұрансөзін  таныстырады.
Таныстыру  мерзімі  -   3  минут.  Ең жоғары  балл  саны -  5.
«Туристік  маршрут»  конкурсы
Топтар  өздерінің таңцап  алған  елі  бойынша  ерекше  маршрутын  өз  қолдары- 
мен  жасаған  көрнекі  материалдарды  пайдалана  отырып  таныстырады.
Мерзімі  -   7  минут.  Ең жоғары  балл  саны  -   10.
Н И І І Ш
Я М
В Д М
І И И И И і

СЫНЫППЕН 
Ж ¥М Ы С  Ж АСАЙМ Ы З
«Бізге  бейтаныс,  ал  мүмкін  ...»  конкурсы
Командалар  алдын  ала  жасалған  кроссвордтарын  алмасады.
Шешу уақыты -  5  минут.  Ең жоғары  балл  саны -  7  (әрбір дұры с жауап үшін -  
1  балл).
«Жарнама»  конкурсы
Берілген  сөздерден  жарнама  құрастыру.
Сөздер:  қала,  бақыт,  шөп,  автомобиль,  шу,  палатка.
Жұмыс уақыты  -   5  минут.  Ең жоғары  балл  саны -   7.
Қорытынды  кезең
Ойын  соңында  әділқазылар  алқасы  қатысушы  командаларға  санаттар 
бойынша  1,  2  және  3-орындарды  үлестіреді.  Сабақ  бойынша  әрбір  оқушыға 
қорытынды  баға  шығарылған  кезде  оның  топтағы  жұмыс  дәрежесі  ескеріледі 
(бул  бағаны  топ  болып  талқылап,  өздері  қояды)  және,  тиісінше,  осы  топтың 
ойында  алған  орны  анықталады.
Сөйтіп, ойынның көмегімен оқушылардың ш ығармашылық әлөуөтін анықтап, 
дамытуға  болады,  өйткені  оқытудың  ойындық  түрі  арқылы  ойлау  әрекеті 
қалыптасады  және  қосымша  ақпарат  іздестіру  бағыты  анықталады.  Топтық 
ойында оқытудың көптөген  принциптері жүзеге асады.  Сонымен  қоса,  ойынның 
эмоциялық  әсері  арқасында  оқушылар  өздерінің  өмірлік  тәжірибөсін  байыта 
түсетін ашылулар жасайды.
Жазылу индексі
74133
«Сынып жетекш ісінің аныктамалығы» журналы 
қазақ жэне  орыс тілдерінде  шығады
Тел. +7 (727) 32-36-212, skr@mcfr.kz
'  

KAZAKHSTAN
I  
№   1 0   ( 2 2 ) - 2 0 1 0
27 
т

ЭКОНОМИКА ПӘНІ  БОЙЫНША САБАҚТАН 
ТЫС Ж¥МЫС
■  ■
 
ШШШШвЁви.
____________ САБАҚТАН  ТЫС  ҚЫ ЗМ ЕТТІ  Ү ЙЫ МДАСТЫРУ
В.  С.  Пак,
М М №  2 мект еп -  балабаңш а -  гимназия  кеш ені директ орының 
б е й ін д і оцыту ж ө н ін д е г і орынбасары,  Өскемен  қ.
D/Іа қ а л а д а   экономика  пәні  бойынша  сыныптан тыс жұмыс  арқылы 
оқушылардың  дарынын  жетілдіруге  ықпал  ететін  мектеп  білім  кеңіс- 
тігін қалыпт аст ыру т әжірибесі берілген.
Ақпараттық  (постиндустриалдық)  қоғамның  негізгі  сипаты  адам  баласы- 
ның  өмірлік  мақсаттар  мөн  міндеттер  қоюда,  өздігінен  шешім  қабылдауда 
жауапкерш ілікке  және  алуантүрлілікке  дайын  болу,  сондай-ақ  өз  әрекетте- 
рінде,  бағалау  мен  пайымдауларында  еркін  болу  қажеттілігі  болып  табыла- 
ды.  Постиндустриалдық  қоғам  әр  қилы  қызмет  түрлерінде  өз  қабілеттерін 
аша  білетін  жауапты,  өздігінен  өркендеп,  өздігінен  дамуш ы  тұлғаны  қажөт 
етеді.
Оқушы  қабілетін  дамыту  мәселесі  Қазақстан  Республикасының  жалпы 
білім  беретін  мектептерін  жаңғыртуға  бағытталған  нормативтік  құжаттарда 
да  белгіленген.  «Ж алпыүлттық деңгейде  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру- 
дің  басты  мақсаты  -   Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік,  экономикалық 
және  саяси  әмірінө  тиімді  түрде  араласуға  сақадай  сай,  әрі  бәсекегө  қабі- 
летті  тұлға  даярлау»  делінген  аталмыш  қүжаттарда.  Сонымен  қатар  тиімді 
қызмет  етуге  дайын  жетік,  белсенді,  шығармашыл  тұлға  қалыптастыруға 
ықпал  ету  қажет.
Оқушылардың  дарындылығын  анықтау  жэне  дамыту  үшін  мазмұнды  және 
өнімді  білім  кеңістігі  болуы  шарт.  Ол  қалыптасқан  және  қалыптасушы  ортаның 
түйісетін,  олардың  бірлескен  қызмет  пәнін  бірігіп  жобалап,  құратын  және 
олардың арасында  белгілі  бір  байланыс  пен  қарым-қатынас орныға  бастайтын 
жерден  басталады.
28
ШЯЁІМЁЯЁШЁШЁЯЁЁЁЁВШШЁЁШЁвЁЁЁШШ

САБАҚТАН  ТЫС  ҚЫЗМЕТТІ  ҮЙЫ М Д АСТЫРУ
Оқу  үрдісі  -   оқуш ылар  әрі  қарай  табысты  түрде  қоғамға  кірігуі  үшін  қа- 
жетті  білім,  білік,  дағдыларды  игеретін  орта.  Алайда  белгілі  бір  тәртіпке  кел- 
тірілген  оқу  үрдісінің  қатаң  шеңберлөрі  көбінесе  қағаздағы  бақылау  елшем- 
деріне  бағытталады,  жеткілікті  түрдө  оқуш ылардың  қабілетін  дамытумен 
шүгылдануға  мүмкіндік  бермейді.  Бүл  жағдайда  білім  кеңістігі  сыныптан  тыс 
жумысты  жетілдіру  есебінен  молыға  түседі,  онда  қалыптасуш ы  және  қа- 
лыптасқан  түлғаның өнімді өзара байланысына  қажетті  мүмкіндіктер басқаша 
сапалы  сипатқа  ие.
Оқушылардың  білім және  білік деңгейі,  оның жетіктігі  сабақта  қалыптасады, 
субъектілік  тәжірибені  жүзеге  асыру,  оқушылардың  пәндік  білімге  құнды  қа- 
тынасын дамыту  мұғалімнің  сыныптан  тыс жұмысы  барысында  жетіледі.
Педагогтердің  кәпшілігі  сыныптан  тыс  жұмы сқа  мұғалімдер  ұжымы  және 
оқушылардың оқу  жоспары  мен  міндетті  бағдарламадан  бөлек ерікті  негізде, 
қатысушылардың барлығы ның мүдделері  мен  оқуш ы ларды ң жеке ерекш елік- 
терін  есепке  ала  отырып,  сабақтан  тыс  уақытта  жүзеге  асыратын  оқу-тәрбие 
үрдісі ретінде қарайды.  Сонымөн қатар,  сыныптан ты сж ұм ы сты  ұйымдастыру 
кезіндө  оқуш ылардың  таны мды қ  қүндылығы  мен  тартымдылы ғы  қатынас 
жүргізу  қажеттілігін  туғызатын,  оқуш ы ны ң  қатынас  жасай  білу  жетіктігін  да- 
мытатын  жаңа  материалдарды  пайдалануға  ынталандыратын  және  тарта- 
тын  қағида  ретінде  оқуш ы ларды ң  қатынас  ж үргізу  белсенділігін  де  ескерген 
жөн.
Пэн  бойынша  сыныптан  тыс жұмысты  жоспарлау және  еткізуде  әрбір  шара 
мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  оңтайлы  үйлескен  жағдайда  маңызды  және 
тиімді  болатынын  назарда  ұстау  қажет.  Осыған  байланысты  сыныптан  тыс 
жумыстың  барлық  түрлері  мектеп  әкімшілігі  тарапынан  үйлестірілуі  жэне  сы­
нып жетекшілерінің жұмыс жоспарымен,  мектептің қосалқы  басқару қызметімен 
дурыс сәйкесуі  тиіс.
Гимназиямызда  сыныптан  тыс жұмыс кезінде  білім  беретін  ортаны  жобалау 
және қүру қалай  жүзеге асырылады?
Гимназия  оқушылардың  қабілетін  дамытумен  белсенді  түрде  жүмыс  жүр- 
гізеді,  ол  субъектілі  экономикалық  тәжірибе  қалыптастыруды  да  қамтиды.
Экономикалық  тәжірибе  -   ұйымдастырылған  экономикалық  білім  беру  және 
мектеп үжымы жағдайындағы тәрбиелеу,  қолжетімді  экономикалық мәселелер- 
ді  шешу  бойынша  олардың  түрлі  қызметтерін  жүзеге  асыру  үрдісінде  алған 
қоршаған  орта  заңдылықтарын  оқушылар  санасында  жаңғырту.
Біздің гимназияда  оқушылардың  экономикалық  білімі  басым  (бейінді)  бағыт 
болып  табылады.  Ол  оқушылардың  экономикалық  білімді  терең  түйсіне  білуі- 
не,  оны  тұжырымға  айналдыруға  және  түрлі  қызметте  (оқу,  еңбек,  қоғамдық- 
пайдалы, жеке  кәсіпкерлік және  т.  б.) жүзеге  асыруға  бағытталадьі.
Экономикалық  білім  берудің  қолданбалы  сипаты  гимназия  оқушыларының 
экономикалық дәрежеде  ойлай  білу,  ез  бетінше  және  жедел  шешім  қабылдау, 
қатынас жасау  білігін,  бәсекеге  қабілеттілік,  кәсіпкерлік дарындылықтың  кұры- 
лымдық  құрамы  болып  табылатын  субъектілік  көрсеткіштерді  дамытуға  мүм- 
кіндік береді.
ҚР  Білім және ғылым  м инистрлігінің  бүйры ғы на  сәйкес,  «Э кономика және 
қаржылық  сауаттылық»  пәнінің  мазмүны  гимназияда  4 -6 -сы н ы п та р д а   0,5 
сағаттан  «Элем  тану»  (4-сы ны п)  ж эне  «Технология»  (5 -6 -сы н ы п )  пәндерін
■  I

САБАҚТАН  ТЫ С 
ҚЫЗМЕТТІ 
ҮЙЫ М Д АСТЫ РУ
оқытуда  енгізілген.  «Технология»  пәнімен  біріктіру  есебінен  7 -9   сыныптар- 
да  бір  жыл  бойы  0,5  сағаттан  Э коном ика  және  қарж ы лы қ  сауатты лы қ  не- 
гіздері  бойы нш а  сабақтар  енгізілген.  Э коном ика  10-11  сыныптарда  техно­
логия  сабағы нда  оқы ты лады .  М ектеп  бітіруш іл ер  жалпы   орта  білім  туралы 
аттестатпен  бірге  орта  ж әне  ш ағын  бизнес  менеджері  сертиф икаты н  алып 
шығады.
Пэн  бойынш а  сабақтан  ты с  қызмет  сабақты ң  жалғасы  болып  табыла- 
ды.  Гимназияда  оқуш ы лар  түрлі  бағыттар  бойынш а  белсенді  сабақтан  тыс 
қызметке  тартылады .  Гимназия  оқуш ы лары   қалалық  пән  олимпиадаларына, 
ғы лы ми  жобалар  конкурстары на,  «Восток»  орталығы  өткізетін  облыстық мек­
теп  олим пиадалары на,  «Дарын»  орталығы  өткізетін  барлық  интеллектуал- 
д ы қ  конкурстарға  табы сты   түрде  қатысады.  Гимназия  командасы  Бердск  қа- 
ласы ндағы   «Арманға  қадам  аттау»  халы қаралы қ  эконом икал ы қ  олимпиада- 
сына  он  бірінш і  рет  қатысты.  Біздің  гимназия  оқуш ы лары   экономика  және 
менеджментті  үлгілеу  бойынш а  бүкіл ресейл ік  чемпионаттан  да  сырт  қал- 
майды.
Оқушылар  гимназияның  «Экон»  республикасына  біріккен  өзін-өзі  басқару 
органдарының  жүмысына  атсалыса  отырып,  өмірлік  белсенді  үстаным  және 
субъектілік қабілетті  қалыптастыру  бойынша  жақсы  мектеп  жолынан өтеді,  бүл 
белгілі  бір  деңгейде  олардың  ұйымдастыруш ылық  және  қатынас  жасай  білу 
қабілеттерін  дамытады.  «Экон»  республикасы  -   өзін-өзі  басқару  органы  болу- 
мен  қатар,  оқушылар  экономикалы қ өзара  байланыс тәжірибесін  жинақтайтын 
ойын,
Оқу  жылының  басталуымен  әрбір  сынып  «экондар»  жинай  бастайды.  Бұл 
«экондар»  жақсы үлгерімі  үшін,  мектеп  қызметіне  көмектескені  үшін,  мектептегі 
және  мектептен  тыс түрлі  шараларға  қатысқаны  үшін  және т.  б.  беріледі.
«Экондар»  дәстүрлі  түрде  өткізіліп  отыратын  «Гимназия  күнінде»  сауда- 
саттыққа  шығарьілады.  Бүл  шараны  экономикалық  білімдер  онкүндігі  кезінде 
гимназия  оқуш ыларының  қосалқы  басқармасы  өткізеді.  Мұнда  шынайы  эко- 
номикалық  қатынастар  керсетіледі,  оқуш ылар  жетістікке  жету  үшін  өздерінің 
интеллектуалдық  және  күш-жігер  қабілетін  пайдаланады.  Ең  бастысы  -   оқу- 
шылардың  экономикалық  сипаттағы  оқиғаларға,  міндеттерге,  шараларға,  шы- 
ғармаш ылық конкурстарға тікелей  қызығушылығы  қамтамасыз етіледі,  жаңаша 
ойлау  қабілеттері  дамиды  және т.  б.
Гимназия  күнін  өткізу  кезеңінде  оқуш ылар  түрлі  конкурстарға  және  мұға- 
лімдердің,  өзін-өзі  басқару  органдарының тапсырмаларын  бөлумен  айналыса- 
тын  «Еңбек биржасы»  жұмысында  «экондарға»  ие  бола  алады.
ЕСТЕ  БОЛСЫН
Шаралар  жоспарлау,  әзірлеу  және  өткізуді  оқушылар  мұғалімдермен  бірлесіп  жүргізеді. 
Қосалқы  басқару  шараларға  дайындық  ұрдісін  бақылайды,  жүмыс  учаскелерін  бөледі 
жэне  гимназия  оқушыларының  бір  күн  бойғы  қызметін  бақылауы  тиіс  өз  өкілдеріне  белгілі 
бір  қүзырлар  береді.  Бірлескен  шығармашылықтың  дәл  осы  кезеңі  оқытудағы  субъектілік 
тәсіл  идеясын  жүзеге  асыру  үшін  маңызды,  өйткені  мұнда  шынайы  езара  байланыс жүреді, 
оқушылардың жеке  қабілеттері  шыңцалады.
30 
СЫНЫП  ЖЕТЕКШІСІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

САБАҚТАН  Т Ы С  ҚЫ ЗМ ЕТТІ  ҮЙЫ М ДАСТЫ РУ
И Н Н И Н
Оқу-еңбек практикасын  өткізуді де атап  өткен жөн.  10-сыныптарда  бұл  прак­
тика  экономика,  экономикадағы  математикалық  әдістер,  информатика  және 
іскерлік  ағылшын  тілі  бойынша  бейінді  курстар  түрінде  өткізіледі.  Экономика 
пәнінің  мұғалімі  H.  Н.  Симонова  жазғы  практикаға  арнап  бағдарлама  әзірледі. 
Оған бизнесті үйымдастыру және экономикалық міндеттерді  шешу,  интерактив- 
ті ойындар  («Менеджмент және экономикалық үлгілеу»,  «Банктер  іс-қимылы», 
«Келөшекке  инвестиция  салу»,  «Қор  нарығы»  және  т.  б.)  қолдану  бойынша 
практикалық жұмыстар  енгізілген.
Осы  курс  барысында  оқушылар  жаңа  біліммен  сусындайды,  қызметтер 
нарығы  мен  алынған  статистикалық  мәліметтерді  өңдеуге  зерттеулер  жүргізу 
аясында ездерінің емірліктәжірибелерін байытады.  Мұнымен  қоса, олар сауал- 
намалар  жүргізу  кезінде  қала  тұрғындарымен  тікелей  қатынас жасау,  өздерінің 
интеллектуалдық,  ұйымдастыруш ылық  қабілеттерін  практикада  қолдану  мүм- 
кіндігіне  ие  болады.  Қоғамда  болып  жататын  кептеген  үдерістерді  олар  эко- 
номикалық  тұрғыдан  дұрыс  бағалауға  үйренеді.  Оқушылар  жазғы  практикада 
экономика  бойынша  зерттеу  жобаларын  әзірлейді,  бұл  жобаларымен  мектеп 
жэне  қалалық жобалар  сайысына  қатысады.
Экономикалық  білім  басым  бола  отырып,  мектепте  білім  берудің жан-жақты 
мазмұнын  кемескілемейді,  керісінше  оған  езіндік  әр  беріп,  гимназия  келбетін 
қалыптастырады.
Ж А Ң А Л Ы Қ Т А Р
Мектеп  тамағы  30 теңге
Мектеп  тамағын  ең  аз  бағаға  ұйымдастыруға  тендер  жариялау 
тәжірибесі  өсіп  келе  жатқан  организм  үшін  өте  қауіпті.  Орал  қалалық 
мәслихатының  депутаттары  өздерінің  кезекті  сессиясында  осындай 
қорытынды жасады.
Сөйтсек,  аталған  тендерді  бүгінде  оқушыларды  күніне  100  теңгеге 
емес,  бар-жоғы  30-40  теңгеге  тамақтандыруға  даяр  кәсіпкерлер  ұтып 
алатын көрінеді.  Бұл жағдай биліктің мектеп асханаларын толыққанды 
тамақпен  қамтамасыз  ету туралы  ойын  түбірімен жоққа  шығарады. 
Бұл  мәселе  бойынша  педагогтерді  ғана  емес,  әлеуметтік 
жүмыс тобын да тартып,  егжей-тегжейлі зерттеу жүргізуге үсыныс жасалды.
Халық  қалаулыларының  пікірінше,  мектептердегі  ауызсу  сапасы  да  сын  кетермейтін  керінеді. 
Сондықтан да бұл жерде санэпидемстанция мен сараптама белімі және стандарттау мамандарының 
қатысуымен  кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс.
Мұқият  тексеріс  негізінде  мектептер  мен  мектепке  дейінгі  мекемелердегі  ауызсуды  тазарту 
женінде тиісті  шаралар  қабылданады.  Айта  кетерлік жайт,  қаланың бес  мектебінде асхана атымен 
жоқ,  балалар қарапайым буфет дәмін  қанағат етіп  жүрген  жайы  бар.
Экспресс К  газет і
№  10  (2 2 )-2 01 0
31

ТӘЖІРИБЕ  АЛМАСУ
,
ЭКСПЕРИМЕНТТІК САБАҚТАР ЖӘНЕ 
КІРІКТІРІЛГЕН  САБАҚТАР ЖҮРГІЗУДІҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
(пән  мұғалімінің тәжірибесінен)
А. И.  Семке,
№   11  М Б Б М  директ оры ,  К у б а н ь   цаласы ны ц  ецбегі  сіцген м үга л ім і,
Ресей -  2 00 0  ж ы л  м ү г а л ім і,  Я.  К о р ч а к  ат ы ндагы   сы йл ы қт ы ң лауреаты, 
К р а с н о д а р   өлкесі,  Е й с к  қ.
ІУ Іу ғ а л ім   ж аңа  т ақы ры пт ы   т үсіндірген  кезде  қаж ет т і  түсініктер 
мен  практ икалы қ  т апсы рм алар  бере  турып,  өт ілген  мат ериалды 
дуры с  әрі т олы қ т үсінуге  қол жет кізуі,  үлгірмейт індер  мен  қабілет т і 
оқуш ы ларды ң  қажет т ілікт ерін  ескеруі,  оларды ң  ш ыгармаш ы лы қ  ж э­
не  зият керлік  қабілет т ерін  дамы т уы   тиіс.  Б елсенді жум ы с  т үрі  қол- 
даны лат ы н  эксперимент т ік  сабақ  ж әне  инт еграциялы қ  сабақ  осы 
ж әне  басқа  көпт еген  т аны м ды қ  ж әне  білім дік  сәт т ерді  жет ілдіруге 
багытт алады.
Сабақта 
белсенді  жүмыс  түрін  қолдану  арқылы 
мұғалім  өздігінен 
білім  алу  және  жаңа  материалды  жүйелі  оқып-үйрөнуге  жағдай  жасайды. 
Танымдық міндеттерді  шешу кезіндегі жағымды тәрбиелік эсер 
қундылық 
бағдарларын  түсіну  кезінде,  яғни  сабақтың  мазмұнды  құрылымына  әрбір 
баланың  қатысуы  кезінде  пайда  болады.  О қуш ыны ң  сабақтағы  қүрауышты 
жүмы сын дамытатын 
ой  әрекетін  белсендіру арқылы 
оқу әрекетінен жоғары 
нәтижеге,  білім  беру  даярлығы  мен  тәрбиеліліктің  жоғары  деңгейіне  қол  жет- 
кізуге  болады.
Менің ойымша,  физиканы  оқыту Табиғатты  танудан  басталуы  тиіс.  Тірі және 
елі  табиғат  құпияларын  аша  отырып,  адам  көптеген  сұрағына  жауап  табады 
және  пәннің  практикалық мәніне  кез жеткізеді.

ТӘЖІРИБЕ  А Л МАСУ
Эксперимент™  сабақ  және  кіріктірілген  сабақ  сияцты  сабақ  түрлерін  жүргі- 
зудің  кейбір  тәсілдері  мен  әдістерін  қарастыра  отырып,  мен  пән  мүғалімдері- 
нің арсеналынан  берік  орын  алған 
оқытудың  ойын  түрін 
қолданбай  тұра  ал- 
маймын.  Бүл  ф ормалар  ой  және  таным  әрекеттерін  белсендіреді,  емін-еркін 
жағдайда  оқыту  процесін  ынталандырады.  Бүл  кезде  әрбір  баланың  ақыл-ой 
және  шығармашылық  әрекетке  жұмылдырылуы  өте  маңызды.  Ойын  түрлері 
әмбебап,  олар  сабақ  элементтері  ретінде,  дербес  сабақтар  немесе  сыныптан 
тыс шаралар түрінде  қолданылуы  мүмкін.
Психологтар  түсіндірмелі-иллюстрациялық  және  сөйлеу  әдістері,  «мен  си- 
яқты  жаса»  көрсетілімі  баланың  ойлау  қабілетін  дамыта  алмайды  деп  есеп- 
тейді.  Ойын  арқылы  оқыту  ой  әрекетінің  белсенділігін  дамытып  қана  қоймай, 
баланы  қосымша  ақпарат  іздестіруге  бағыттайды.  Топпен  ойындар  «қарым- 
қатынас  арқылы  оқыту»,  «әуестік  арқылы  оқыту»  принциптерін  жүзеге  асыра- 
ды. Ойынның эмоциялық тиімділігі ойынға  қатыса отырып,  оқушы ашатын ашы- 
лулар болып  табылады.
Физика  сабағында  төмендегідей  ойын  түрлерін  пайдалануға  болады:
-   логикалық,  яғни  адамның  зияткерлік  әрекетті  жүзеге  асыруға  қабіле- 
тін  дамытуға  қабілетті  ойындар.  Мысалы,  дербес  жұмыс  үшін  логика- 
лык 
«Үшінші  артық» 
ойынын  ұсынуға  болады.  Сөздер  тобынан  артық 
сөзді  алып  тастау:  шынжырлы  таразы,  стақан,  мензурка,  ареометр;  мас­
са,  көлем,  тығыздық,  күш;  миллиграмм,  тонна,  литр,  пұт;  темір,  су,  тығын,
-   зияткерлік,  ол  біліктілік  жасауға  қабілетті,  яғни  оқу  процесі  барысын- 
да  стереотипті  және  өзгерісті  жағдайларда  (проблемалық  жағдайда) 
танымдық  және  ш ығармаш ылық  сипаттағы  оқу  тапсырмаларын  шешуге 
қабілетті.  Бүл  қабілеттілік  алынған  білімдер  мен  дағдыларды  белсен- 
діру,  пәнді  меңгеру  әдістерін,  тәсілдері  мен  қүралдары  жүйесін  шығар- 
машылықпен  пайдалануға  негізделген,  ол  оқуш ылардың  оқуда  және 
өмірлік  тәжірибеде дербес  ақыл-ой  және  практикалық  әрекеттерге  даяр- 
пығын  қамтамасыз  етеді. 
Физика  сабағындағы  зияткерлік  ойын  мы­
салы. 
Бірінші  болып  Ж ердің  Ғаламдағы  ез  орны  туралы  идеядан  бас 
тартқан ғалымды ата.  Бұл ғалымның жүйесінде Жер басқа да  планеталар 
сияқты,  Күннің  осін  айнала  және  өз  осін  айнала  қозғалады.  Өз  идеясын 
ол  бірінші  рет  «Аспан  қозғалыстарына  қатысты  жорамалдарға  кішігірім 
түсініктеме»  атты  қолжазба  еңбегінде  1515  ж.  жариялаған  (ғалымның 
аты-жөні -  Николай  Коперник);
-   рөлдік  (ағыл.  Role-playing  game,  бұдан  әрі  -   RPG)  -   білім д ік  немесе 
көңіл  көтеру  мақсатындағы  ойындар,  онда  ойынға  қатысуш ы  қандай да 
бір  рөлді  алып,  соған  байланы сты   ойнайды.  RPG  қаты суш ы лар  сырт- 
тан  таңы лған  сценарийлік  мінез-қүлы ққа  бағынбайды,  ал  оқиғаны ң 
дамуы  ойы нш ы ларды ң  әрекетіне  байланы сты  болады.  Сөйтіп,  ойын 
процесінің өзі адамдар тобы ны ң қандай да бір ж ағдайдағы  мінез-құлқын 
үлгілеу болып  табылады.  RPG  сюжеті  мен  әлемі  рөлдік ойы нны ң негізін 
құрайды.  Әлем  толы ғымен  ойдан  ш ы ғарылған  немесе  қандай  да  бір 
көркем ш ы ғармаға негізделген болуы  мүмкін (кітапқа, ф ильмге,  пьесаға, 
т.  б.).  Рөлдік  ойы нны ң  басты  міндеті  әлемді  зерттеу  болуы  мүмкін, 
сондықтан  рөлдік ойынды  ф изика  сабағы нда  табысты  пайдалануға  бо-
фарфор;
№10 (22) -  2010
3-977


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет