Классного руководителя



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата31.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#10757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Топтық сауал
Бүл  сабақ түрі  бағдарламаның белгілі  бір  тарауы  аяқталғаннан  кейін,  мате- 
риалды  қайталау және  бекіту үшін  өткізіледі.  Қайталауды  сабақтан  кейін  неме­
се  сабақ  үстінде  өтуге  болады.  Кеңесші,  мұғалім  жасаған  тізімді  пайдаланып, 
аз  тобының  әрбір  мүшесіне  сұрақ  қояды.  Бүл  кезде  оқушының  жауабын  топ 
мүшелері түсіндіреді,  толықтырады  және бірлесе  бағалайды.
Топтық сауал типінде  өткізілетін сабақ құрылымы топтық сабақ құрылымына 
үқсайды.  Айырмасы  тек  мынада:  кіріспе,  негізгі  және  қорытынды  бөлімдер 
(топтағы  оқушыларға  сауал  қою)  пропорциясы  1:8:2  болады.  Сыныпта  үйым- 
дастырылатын  бүл  сабақ типі  барлық  топтарда  бір  мезгілде  өткізіледі.  Бір-бірі- 
не кедергі  болмас үшін,  оқушылар  ақырын дауыспен  сөйлеседі.
Бір  сабақ  барысында  сыныптағы  барлық  оқушылардың түгелдей  білімдерін 
анықтауға  мүмкіндік  беретін  топтық  сауалнаманы  қолдану  сабақтың  жоғары 
қарқындылығын  арттырады.  Оның  үстіне  бүл  ұжымдық  әрекетті  ұйымдастыру 
формасы  оқушыларда  өзара талапш ылдық сезімін  және олардың оқуға жауап- 
кершілігін  тәрбиелеуге  мүмкіндік береді.
Мамандар  слеті
1-нусқа.  Оқушылар  Windows,  MS  Word,  MS  Excel,  MC  Access,  Corel  Draw, 
Frontpage  жэне  т,  б.  программалар  бойынша  мамандар  тобы  деп  есептеледі. 
Олар  тиісті  программа  шеңберінде  тапсырыс  беруші  фирмалардың  міндет- 
терін  атқарады.  Мамандар  міндеттері  -   тапсырыстың  ез  бейіндеріне  сай  ке- 
летінін дәлелдеу.

ТӘЖ1РИБЕ  АЛМАСУ
2-нусқа.  Оқушылар  ПЭВМ  операторлары,  есептеуші  орталық  бөлім  мең- 
герушілерінің, белгілі бір сала  мамандарын  (Денсаулық сақтау министрлігі,  білім 
беру  министрлігі,  т.  б.),  ата-аналардың,  жасеспірімдердің,  компьютерлік  ойы н­
дар салонының директоры рөлдерін орындайды.  Оқшау және ғаламданған  ком- 
пьютерлік  желі  проблемалары  талқыланады.  Әрбір  «маманға»  алдын  ала  тап- 
сырма  беріледі  -  аталған  проблеманы  өз  көзқарасы  тұрғысынан талдау керек.
3-нусқа. Топ оқушылары күрамынан темендегі рөлдерді орындаушылар таң- 
дап  алынады:  ҒЗИ  директоры  (оны  мұғалім  атқаруы  мүмкін),  ҒЗИ  бөлім  мең- 
герушілері  (командалар  басшылары),  ҒЗИ  бөлім  қызметкерлері  (қалған  оку­
шылар).  ҒЗИ  бөлімдерінің  атаулары  мынадай:  Windows,  MS  Word,  MS  Excel, 
MC Access,  Corel  Draw,  FrontPage,
Жүмыс  тәртібі.  ГЗИ  белім  жетекшілері  өз  бөлімдерінің  жүмысы  туралы 
есеп  береді,  бүл  кезде  әрбір  қызметкердің  әрекетіне  талдау  жасалады.  ҒЗИ 
директоры  есептерді  қабылдайды,  қорытындысын  шығарады,  бүдан  кейін- 
гі  жасалатын  жүмыс  жоспарын  белгілейді:  оқушы-қызметкер  ескермей  кеткен 
тақырып  пен  мәселелерді  қайталайды,  немесе  оқушылар  білімділігінің дербес 
деңгейлерін  ескере  отырып  жаңа  тапсырмалар  береді.  Сонымен  қоса  ол  ҒЗИ - 
дің тоқсан  бойынша  жалпы  жүмысын  қорытындылап,  баға  қояды.
4-нусқа.  Бұл  сабақ  түрі  тақырып  бойынша  белгілі  бір  бөлімді  оқығаннан 
кейін  еткізіледі  және  проблемаға жан-жақты  кезқарасты  білдіреді.  Команда  екі, 
үш  немесе  терт  адамнан  қүралады.  Командалардың  басшыларын,  атауларын 
және ұрансездерін таңдау  қажет.  Бір  минут  ішінде эр  команда  өз атаулары  мен 
үрансездерін  таныстырып,  оны  негіздейді.  Сабақтың  жалпы  үрансөзі  тақтаға 
жазыпып, талқыланады.  Командаларға тапсырмалар беріледі; тақырып бойын­
ша  бақылау  сұрақтарын,  кроссвордтар;  тестілер;  ребустер;  терминдер  сездігін 
жасау.  Бүл  тапсырмалар  орындалғаннан  кейін,  әрбір  команданың  жүмысы 
талқыланады,  жүмыс  қорытындысы  бағаланады  және  материалды  меңгеру 
дәрежесі  талданады.
Оқу  кездесуі
Оқу  кездесуі  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  меңгерілген  материалды 
қайталау кезінде жүргізіледі.  Ол параллель сыныптар  немесе бір сынып  коман- 
далары  арасында  үйымдастырылуы  мүмкін.
Оқу  кездесуінің  тақырыбын  мүғалім  немесе  сынып  активі  сынып  жиналы- 
сында анықтайды  немесе  сабақ үстінде тақырьіп және  еткізу уақыты  бекітіледі. 
Әділқазылар  алқасы  тандалады,  кездесуді  мүғалім  жүргізеді.
Ж үргізу  тәртібі.  Жүргізуші  бір  командаға  сүрақ  қояды.  Бірінші  болып 
қолын  көтерген  бала  жауап  береді,  бірақ  оның  командасының  мүшелері  оның 
жауабын  толықтыра  алады.  Жауап  айтарлықтай  толық  болмаған  жағдайда, 
қарсы  команда жауап  береді.  Жүргізуші  мен  әділқазылар алқасының  мүшелері 
қосымша  сүрақтар қоя  алады.  Бір мезгілде бірнеше оқушы тақтаға шақырылып, 
жазба  (сызу)  жұмыстарын  орындайды.  Шындап  келгенде  оқу  кездесуі  кезекті 
білімді  бағалау  болып  табылады,  тек онда  топтық жүмыстар жүрһзіледі.
Үжымдық  т әсілдегі  педагогикалы қ  технологиялар  туралы  егжей- 
т егжейлі  «Білім  беру  мекемесі  басш ысының  анықтамалыгы»  жур- 
налының  2010 ж.  №   9  санынан  оқыңыздар.
42 
СЫНЫП  ЖЕТЕКШІСІНІҢ  АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

ОҚИҒАЛАР  МЕН  ФАКТІЛЕР
Маңғыстау облыстық білім  беру  қызметкерлерінің тамыз  мәжілісі
25  тамызда  Ақтау  қаласында  облыстық  білім  беру  қызметкерлерінің  тамыз  мәжілісі 
болып  өтті.  Талқылауға  ұсынылған  негізгі  тақырып  -   «Қазақстан  Республикасындағы 
білім беру жүйесінің қазіргі даму стратегиясы: жаңа талаптар,  жаңа мүмкіндіктер».  Жыл 
сайын өткізілетін  бүл мәжіліске облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев  қатысып, сөз еөйледі.
Маңғыстау  облысында  білім  беру  жүйесіне  баса  көңіл  бөлінеді.  Соңғы  терт  жыл- 
да  бүл  саланы  қаржыландыру  төрт  есе  өсіп,  24,4  млрд.  теңгені  құрады.  Осының  ар- 
қасында  аймақта  облыстық  Үстаздар  үйі,  Білім  беруді  ақпараттандыру  орталықтары
және  қосымша  білім  беретін  «Дарын»  орталығы 
сияқты  бірнеше  Білім  беруді  қолдау  орталықтары 
ашылды.  Осының  нәтижесінде  республикалық  пән 
олимпиадаларындағы  жеңімпаздар  саны  9  есе  өсті, 
ал  халықаралықғылыми жобалар конкурстарынан об- 
лыс оқушылары  жыл  сайын  медальдар  алып  келеді.
Аймақта  Мемлекет басшысы  алға қойған,  мектепке 
дейінгі  балалар  мекемелерінің  (МБМ)  санын  арттыру 
міндеті  табысты  шешімін  табуда.  Үстіміздегі  жыл  ба- 
сынан  бері  облыста  25  МБМ  ашылды.  Оның  ішінде 
3  балабақша  мемлекет  меншігіне  қайтарылды,  мек­
тепке  дейінгі  22  шағын  орталықтар  ашылды.  Биылғы 
ж ы л д ь ің
  қыркүйегінде  840  орындық  3  балабақша  пайдалануға  берілмек,  ҚазІргі  кезде 
890  орындық  бес  МБМ  құрылысы  жүріп  жатыр.  Жақын  арада  тағы  480  орындық 6  мек­
тепке дейінгі  мекеме қүрылысы  қолға алынбақшы,  610 орындық тағы  үш балабақша жо- 
басы дайындалып жатыр.  Сондай-ақ  1970 орындық  10  МБМ ғимаратын  қайтару бойын­
ша жұмыс жүргізілуде.
¥БТ қорытындысы бойынша облыста орташа  балл 90,1  балл, яғни облыс республика 
келемінде  бірінші  орын  алып  отыр.  54  мектеп  бітіруші  өз  білімдерін  дэлелдеп,  «Алтын 
белгі»  ерекшелік  белгісіне  ие  болды.  Сонымен  қатар  100-ден 
аса  балл  алған оқушылар саны  екі есе артып  отыр.
Облыс  мектептері  қазіргі  заманғы  физика,  химия,  биология 
кабинеттерімен,  лингафондық  және  мультимедиалық  сынып- 
тармен  белсенді  жабдықталу  үстінде.  Мысалы,  орта  мектел- 
терді еңжаңа оқу қүралдарымен жабдықтау женінен  Маңғыстау 
облысы  Астанадан  кейінгі  екінші  орынды  алып  отыр.  Сонымен 
қоса,  осы  жылдың  соңына  дейін  облыстың  барлық  мектептері 
Интернет жүйесіне  қосылады.
Облыс  әкімі  Қырымбек  Кешербаев  аймақтың  педагогтер  қо- 
ғамдастығы алдына аймақтық білім беру саласын одан әрі модер- 
низациялау бойынша, оныңішінде, мысалы, балаларды мектепке 
дейінгі білім  және  тәрбие берумен  70 пайыз  қамту,  оқу процесіне 
инновациялық,  педагогикалық және ақпараттық технологияларды 
ендіруді одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар  міндет қойды.
Мәжіліс соңында бірсыпыра педагог «Қазақстан Респубпикасы білім беру ісінің үздігі», 
«ЬІ.  Аптынсарин»  кеудеге  тағатын  белгілерімен,  ҚР  Білім  және  гылым  министрлігінің 
қүрмет  грамоталарымен,  облыс  әкімінің  қүрмет және  алғыс  грамоталарымен  марапат- 
талды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТӘЖІРИБЕ  АЛ MACУ
КІШІ ЖЭНЕ  ОРТА МЕКТЕП  ЖАСЫНДАҒЫ 
БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН  ҚОЗҒАЛЫСТЫ
О й ь /н  балаларға  әлемді тануға  мүмкіндік береді,  тәрбиелейді,  оқы- 
ту  процесін  қызықты  ете  түседі.  Педагогтер  ойын  -   оқытудың,  ба­
лалар  жанын  қалыптастырудың,  дене  күші  мен  мүмкіндіктерін  дамы- 
тудың ең тартымды тәсілі екеніне  сенімді.
¥йымдастырылуы жеңіл,  мазмұны  бойынша жан-жақты әрі  нақты  ережелер- 
ді,  арнайы  құрал-жабдықтарды  және  ойыншылардың  ерекше  жаттыққандығын 
талап  ететін  ойындар қозғалысты ойындар деп  аталады.
Жүгіру,  секіру,  бағдарлану,  т.  б.  бар  қозғалысты  ойындар  кеңінен  таралған. 
Балаларды  спорттық  элементтері  бар  ойындарға  үйреткен  дұрыс,  олар  жыл- 
дамдық  пен  ептілікті  дамытуға,  әртүрлі  қозғалысты  біліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыруға  көмектеседі.
Қозғалысты  ойындар  мақсатты  түрде,  әрбір жекелеген  нақты  тапсырмалар­
ды,  оның  мазмұнын  ескере  отырып,  игерілетін  оқу  материалымен  тығыз  бай- 
ланыста  пайдаланылады.  Оқушылардың  ойын  әрекеттерін  үйымдастыруда 
олардың дене даярлығы дөңгейін, организм қызметінің ерекшеліктерін,  сондай- 
ақ  сабақ  өтілетін  сынып  тәртібін  ескере  отырып,  нөғүрлым  тиімді  әдістер  мен 
әдістемелік тәсілдерді таңдап  any  маңызды.
Кіші  мектеп  жасындағы  балалар  ерекше  қозғалғыштығымен  және  үнемі 
қозғалысты  қажет  етуімен  ерекшеленеді.  Алайда  ойынды  таңдап  алған  кезде 
кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  организмі  ұзақ  күш  түсіруді  көтере
ОИЫНДАР
С.  В.  Карандаш ов,
№   40 М М  О Б Б М д е н е  шынъщтыру м ұга л ім і, 
Семей  қ.
44
СЫНЫП  ЖЕТЕКШІСІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

ТӘЖ ІРИБЕ А Л МАСУ
алмайтынын  есте  үстаған  жөн. 
Олардың  күші  жылдам  сарқылады,  бірақ  ай- 
тарлықтай тез  қалпына  келеді.
7-9жаста (1-3-сынып оқушылары) табиғи қозғалысжиыны мол  (жүру, жүгіру, 
секіру,  лақтыру),  бірақ  айтарлықтай  жетілген  емес.  Бұл  дағдыларды  дамыту 
үшін қозғалысты  ойындарға  көбірек  көңіл  бөлген дүрыс.
Бұл  жаста  дагдылар  мен  біліктерді  меңгеру  сабақ  үстінде  еріксіз  есте 
сақталу арқылы (негізінен, ойын арқылы) жүргізілгені жөн. Оның үстіне, бұл жас- 
тағы  балалардың  анатомиялық-физиологиялық,  психологиялық  ерекшелікте- 
рін ескеру қажет.  Кіші  сынып  оқушысының организмі  қоршаған  ортаның әртүрлі 
әсерлеріне  тәуелді,  ал  баланың  өзі  шаршағыш  келеді,  Бұл  осы  жастағы  бала- 
лардың жүрегі,  өкпесі  мен  қан-тамыр  жүйесі,  ал  бүлшықеті,  әсіресе  арқа  және 
іш  бүлшықеті  жеткілікті  дамымаған,  әлі  нашарлығымен  түсіндіріледі.  Тірек  ап- 
паратының беріктігі айтарлықтай жоғары емес, демек, олардың зақымдану мүм- 
кіндігі  жоғары:  бұлшықеттің  әлсіздігі  мен  буындар  созылғыштығының  жоғары- 
лығы дене  сымбатының  бұзылуын  жоғарылатады.
Бүл жастағы  балалар үшін  сай  келетін  ойындар жарыса ж үгіру,  онда  бала­
лар азғана жүгіргеннен  кейін демалуға мүмкіндік алады.  Төменде сондай ойын­
дар түрлері  берілген.
Зал ортасындағы еденде бір-бірінен 6 0 -7 0  см қашықтықтағы екі параллель 
сы зы қ-  «ор»  сызылады.  Бір  не  екі  жүргізуші  -   «қасқырлар»  -   орда  болады. 
«Ешкілер»  бір  шетінде  («үйде»)  тұрады.  Залдың  қарсы  жағында  «жайылым- 
ды»  білдіретін  сызық  сызылады.  М ұғалімнің  сигналы  бойынша  «ешкілер» 
«ордан»  секіріп  өтіп  келесі  жаққа  жүгіреді.  Қасқырлар  «ордан»  шықпай  «еш- 
кілерді»  ұстап  алуға  тырысады.  Әр  жүгіріп  өткен  сайын  «ұсталғандар»  сана- 
лады.  Екі-үш  жүгірістен  соң  «қасқырлар»  басқа  ойыншылармен  алмастыры- 
лады.
Қозгалыстағы  ойынга  қатысушылар  алмасып  отыратын  ойындар 
да осы  типке жатқызылады.
Кез  келген  жастағы  балалар  қатыса  алады.  О йыншылар  саны  -   8-ден  40 
адамға  дейін.  Ж үргізуш і  таі-щалады.  Барлық  ойыншылар  бір-бірінен  ж ар­
ты  қадамдай  қашықтықта,  қолдарын  арқаларына  ұстап  шеңбер  бойымен 
тұрады.
Жүргізуші  шеңбердің  сыртымен  жүріп,  біреуді  қолымен  немесе  иығымен 
түртіп өтеді.  Бұл  осы  ойыншыны  жарысқа  шақырды деген  сез.  Түртіп  өтісімен 
жүргізуші  бір  жаққа,  ал  шақырылған  екінші  жаққа  жүгіреді.  Кездескен  сәтте 
екеуі  амандасады  (бір-біріне  қол  береді,  иіледі,  тізе  бүгеді,  т.  б.) да,  шеңберді 
айнала  жүгіріп,  бос  орынды  иеленуге  асығады.  Орынсыз  қалған  ойыншы 
ойынды  жалғастырады.
Ойыншыны  жарысқа  шақырушы  оны  тек  түртеді,  ұрмайды.  Ойыншылар 
шеңберді  айнала  жүгіргенде,  ешкім  оларға  кедергі  жасамауы  тиіс.  Жүргізуші
«Ордағы  қасқыр»
«Бос орын»
№   1 0   ( 2 2 ) - 2 0 1 0
45

ТӘЖ ІРИБЕ  АЛМ АСУ
бірден жүгіре жөнелмеуі  мүмкін,  шақырылған адам оның жүгіруін тосады,  тек ол 
жүгірген  соң  ғана  қарсы  жаққа  жүгіреді.  Кездескен  кезде  ойыншылар  міндетті 
түрде тапсырманы  орындайды.  Оны  орындамаған  адам жүргізуші  болады.
Бүл  жастағы  балаларға  жекелеген  қозғалыстарды  орындау,  олардың  жеке- 
леген  параметрлерін  сақтау  қиынға  түседі.  Балалардың тез  шаршауы  (әсіресе 
біркелкі  қозғалыстардан)  белсенді  қозғалысқа  даярлығынан  соншалықты  тез 
қалпына  келетінін  ескерген  жен.  Кіші  мектеп  жасындағы  балалар  зейіні  жет- 
кілікті  тұрақты  емес,  сондықтан  қозғалысты  ойындарда  олар  зейіндерін  жа- 
лықтырарлықтай  үзақ  шоғырландырмауы  тиіс.  Кіші  мектеп  жасындағы  бала- 
лардың  ерік-жігері  мен  тежеліс  функциялары  нашар  дамыған,  ойын  шартын 
ұзақ  түсіндіргенді  олар  толық  тыңдай  алмайды.  Көбіне  түсіндірмені  аяғына 
дейін  тыңдамай  жатып  олар  ойындағы  кез  келген  рөлді  ойнауға  тілек  білдіріп 
жатады.
1-2-сы ны п  оқушылары  оқуды,  жазуды  біледі,  бейнелі ойлай  алады,  сондық- 
тан  оларға өздеріне  белгілі  ертегілерге  негізделген  қозғалысты  сю жет т ік ой­
ындар  ұнайды.  Мұндай  ойындар  балалардың  шығармашылық  қиялдарын  қа- 
нағаттандыруға  көмектеседі.
Бұл  жас  кезеңінде  ойын  көмегімен  тәртіп  негіздері,  қоғамдық  тәртіп  ереже- 
лерін  сақтау  біліктері  қалыптасады.  Ұжымдық  ойындарда  тәртіп  нормалары 
туралы  қарапайым  үғымдар  тәрбиеленеді.  Қозғалысты  ойындар  кіші  мектеп 
жасындағы  балалар  өмірінде  үлкен  орын  алуы  тиіс,  өйткені  бұл  олардың  жас 
ерекш еліктеріне  сай  келеді.
1-3-сыныптардағы  кейбір  сабақтар  тұтастай  қозғалысты  ойындардан  тұ- 
руы  мүмкін.  Тұтастай  ойыннан  тұратын  сабақ  қатысушыдан  бірқатар  ойын  дағ- 
дыларын  және  ұйымдастыруш ылық  тәртібін  талап  етеді.  Мүндай  сабақ  бала- 
ларға таныс  2 -3  және  балаларға таныс емес  1 -2   ойындардан  тұрады.
Ойын  сабақтары  әрбір  тоқсанның  соңында,  оқушылардың тоқсанда  өтілген 
жаңа қозғалысты қаншалықты меңгергендерін байқау үшін, олардыңойын кезін- 
дегі  жалпы  ұйымш ылдығын  тексеру  үшін,  олардың  өткен  ойындарды  қан- 
шалықты  меңгергендерін  анықтау  үшін  каникулдар  алдында  өткізіледі  (негізі- 
нен  1-сыныпта) ж эне  оларды  ез  бетімен  өткізуге  кеңес береді.
Орта  мектеп  жасындағы  кезең (1 3 -1 5  жас) бойдың қарқынды  өсуімен сипат- 
талады,  әсіресе бүл  кезде қол мен аяқсүйектері тез өседі.  Осының нәтижесінде 
жасөспірімнің  қозғалыс  үйлесімділігі  бірсыпыра  бұзылады,  шеміршек  үлпасы 
сүйектенеді,  буындар  қозғалғыштығы  азаяды,  бұлшықет  көлемі  және  олардың 
күші  айтарлықтай  артады.
Егер  сабақта  күшті  дамыту  міндеті  қойылса,  онда  оған  қысқа  мерзімдік 
жылдамдықтық-күш тік  кернеуі  бар  және  қарсыластың  бүлшықет  қарсылығын 
тікелей  қол  тигізу  арқылы  жеңуге  арнапған  әртүрлі  формадағы  қосымша 
және  жетекші  ойындарды  қосқан  жөн.  Мүндай  ойындардың  негізгі  мазмұнды 
құрамалары  әртүрлі:  арқан  тартыс,  итеріп  жіберу,  ұстап  алу,  итеріп  шығару, 
күрес,  ауыр  атлетика  элементтерінен,  т.  б.  тұрады.  Аталған  міндетті  шешу 
үшін  әдейі  ауырлатылған  қозғалыс  операциялары  -   иілу,  жүрелеу,  етпеттеу, 
көтерілу,  бұрылу,  айналу,  жүгіру немесе балалар үшін ауыр  жүкті  көтеріп секіру 
өте  тиімді  болмақ.
46
$Ы Ң Ы Л  ЖВТЕКШІСІНІҢ АНЫІГАМі#ЛЫҒЫ
I

ТӘЖІРИБЕ  А Л МАСУ
Жасөспірімдік  кезеңде  ұлдар  мен  қыз  балалардың  күштік  және  жылдам- 
дық  мүмкіндіктері  арасындағы  айырмашылық  байқала  бастайды,  ойынды 
ұйымдастырған  кезде  оны  ескеру  қажет.  Қыздар  көбіне  музыкалық ойындарды 
ұнатса,  улдар  күштік  ойындарды  артық  бағалайды.  Жүгіру  жылдамдығы,  ке- 
дергілерді жеңу,  алысқа лақтыруға  арналған  ойындар  кезінде  әрбір  командада 
ұлдар мен қыздардың саны бірдей болуын  қадағалау қажет, ал кейбір жағдайда 
олар үшін  мұндай  ойындарды  бөлек өткізген жөн.
Жасөспірімдерге  өздерін  жақсы  жағынан  көрсете  алатын  ойын  түрлері 
үнайды.  Олар  көбіне  командалық  және  спорттық  ойындарға  ынта  білдіреді, 
онда спортпен  айналысуға  қажетті  кейбір  дағдыларын  шыңдайды.  Бүл  жер- 
де жастық  ерекш елік  деп  әртүрлі  спорт  түрлерінің  пайдалы  екенін  түсінуді, 
әділ  төрелікті  жоғары  бағалаушылықты  жэне  ойын  ережесін  адал  сақтау- 
ға  ұмтылыстарын  айтамыз.  Бұл  жастағы  оқушылар  үшін  сондай-ақ  өз  кү- 
шін асыра  бағалау,  мінез-қүлық тұрақсыздығы,  жоғары  әсерленгіш тік тән  бо­
лады.
Олар үшін  кедергілер жолағынан  өту, лақтыру,  секіру,  өрмелеу,  т.  б.  түріндегі 
эстафеталық жарыстар  кеңінен  пайдаланылады.
Еденге  диаметрі  4 -5   м  шеңбер  сызылады.  Жүргізуші  («мысық»)  ортада, 
басқа  ойыншылар  («торғайлар»)  шеңбер  сыртында  болады.  Мұғалімнің  сиг­
налы  бойынша  «торғайлар»  шеңберге  секіріп  кіріп,  секіріп  шыға  бастайды. 
«Мысық»  «торғайды»  ұстап  алуға  тырысады.  Ұсталған  «торғайды»  шеңбер 
қасындағы орындыққа отырғызуға  болады.  «Мысық»  3 -4   «торғай»  ұстаған  кез­
де, «ұсталғандар»  арасынан  жаңа  «мысық»  тағайындалады.
Ойыншылар  екі  командаға,  ал  эр  команда,  өз  кезегінде,  -   жүйріктер  мен 
лақтырушыларға  бөлінеді.  Лақтырушылар  қолында  әр  түсті  доптар.  Сөре  сы- 
зығына  жүйріктер  тобы  тізіледі,  әр  команданың  лақтырушылары  жүйріктердің 
артына  тұрады.  Сигнал  бойынша  ойыншылар  доптарын  мүмкіндігінше  алысқа 
лақтырады. Жүйріктер өз командасының доптарын жинап,  сөре сызығына келіп 
түрады.  Бірінші  болып  жүгіріп жеткен  команда  жеңеді.
Алаң шетіне кедергілер қойылады, альпинистер, саппен бір-бірлеп жыл-жып, 
кедергілерді  бірінен  кейін  бірін  жеңеді:  гимнастикалық  қабырғаға  өрмелейді, 
бөренеден  аттайды  немесе  астынан  еңбектеп  өтеді,  тастардың үстімен  жүреді 
(еденге  салынған  дөңгелектердің),  тау  езенін  кешіп  өтеді  (гимнастикалық 
орындық үстімен) және т.  б.
Мұғалім  кедергілерден  жақсы  өткендерді  атайды.  Мұғалім  ойын  барысын 
түсіндіріп  отырады.
«Секек торғайлар»
«Жүйріктер  мен  лақтырушылар»
«Альпинистер»
№   1 0   ( 2 2 )   -   2 0 1 0
47

ТӘЖІРИБЕ А Л МАСУ
I I
Бүл  сабақтардағы  ойын  материалына  талдау  жасай  келе,  мұғалім  ойын 
барысын  алдын  ала  толық  ойластырып  алуы  жэне  азарт  тудыруы  мүмкін 
сәттерді,  ойыншылардың  кезалдау  жасағысын  келетін,  ойынға  деген  қызы- 
ғуш ылық  азаятын  тұстарды  қарастырып,  бұл  қажетсіз  құбылыстың  алдын 
алуы  тиіс.
Балаларды  жақсы  білетін  мұғалім,  ойыншылардың  арасында  кім  капитан, 
кім  бастаушы  болатынын,  үйымшылдығы  нашар  балалардың қандай  рөл  атқа- 
ратынын,  әлсіз  жэне  енжар  балаларды  ойынға  қалай  тарту  жолдарын  алдын 
ала  қарастырады.
Кейбір  ойындарды  ойнату  үшін  мүғалімге  көмекшілерін  алдын  ала  даярлау 
қажет,  олардың  қызметін  анықтап,  қажет  болса,  ойын  ережесімен  жэне  ойын 
өтетін орынмен таныстырылады  (спортзал,  бассейн,  мектеп  ауласы).
Ойын  барысының  дұрыс  өтуіне  жағдай  жасау,  балалар  шығармашылығын 
дамытуға,  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  оятуға,  ережені  жақсы  меңгеруге, 
ойында жолдастық мінез-қүлықты игеруге, жеке қабілеттерін ашуына, үжым мүд- 
десі  жолында  күресе  білуге  баулу  өте  маңызды.  Мысалы, 
«Сүңгуірлер» 
ойы- 
нында төмендегідей  мазмұнды  қозғалыстар түрі бар:  су астында жүзу,  сүңгу,  су 
түбіндегі  заттарды  жинау.  Ойын  барысында  тынысты  тежеу,  көзді  ашып  сүңгу, 
су  астында  бағдарлану,  тез  қозғалу  дағдылары  дамытылып,  батылдық,  епті- 
лік,  жылдамдық,  үйлесімділік,  икемділік,  сондай-ақ  зейін  қою,  шешім  қабыл- 
даушылық,  төзімділік,  мақсаттылық,  реакция  жылдамдығы,  бағдарлану  тездігі 
тәрбиеленеді.
Шаңғы  даярлығы  сабақтарында  қозғалысты  ойындардың  рөлі  жоғары. 
Техника мен тактиканы меңгеру алғашқы қадамнан -  қозғалыс үйлесімділігі мен 
жылдамдықты дамытатын жетекші ойындар мен арнайы ойын жаттығуларынан 
басталады.  Шаңғышының  тепе-теңдігі  мен  үйлесімін  жетілдіретін  ойындарды 
сабақтың бірінші жартысында  өткізген дұрыс.  Бүл  сапаларды,  мысалы, 
«Темір 
жол салу» 
сияқты  қозғалысты ойындар арқылы шыңдауға болады.  Бұл ойында 
ойыншылар  қозғалыс  бағытына  бүйірлерімен  бір-бірінен  1  м  аралықта  сапқа 
тізіледі  де,  аяқтарын  қадай  басып,  «темір  жолды»  сала  қадамдайды.  Қарға 
түскен  шаңғысының  ізі  неғүрлым  түзу  де  анық  шыққандар  жеңіске  жетеді. 
Шаңғы  даярлығы  бойынша  қозғалысты  ойындар  мен  ойын  жаттығуларының 
құндылығы  сонда,  бұл  шаңғымен  қозғалу  техникасын  жетілдіру  және  бекіту 
бойынша  жұмыс  жэне  дене  сапаларын  тәрбиелеу  оқушыларға  байқаусызда 
жүзеге  асады.
Негізінен 
ойындар оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру мін- 
деттерін  шешуге  мүмкіндік  береді. 
Олар  оқушыларда  дене  шынықтыруға, 
қозғалыс  қажеттілігін  дамытуға  мүдделілік  тудырады.  Дұрыс  ұйымдастырыл- 
ған  ойын  әрекеті  оларда  жолдастық,  өзара  көмек,  жауапкершілік,  тәртіпті  мо- 
йындау, төзімділік,  өз қателігін мойындау сияқты сезімдерді тәрбиелеуге көмек- 
теседі.  Бірлескен  ойын  әрекеттеріне  қатыса  отырып,  оқушылар  өздерінің  эмо- 
циялық  жағдайын  тізгіндеуге,  табыстары  мен  сәтсіздіктерін  дұрыс  бағалауға, 
қарсыластары  мен  командалас  серіктестеріне  әдептілік  қарым-қатынасын 
қалыптастыруға  үйренеді.
СЫНЫП  ЖЕТЕКШІС1Н1Ң АНЫҚТАМАЯЫҒЫ


О ҚИ ҒА Л Д Р   МЕН  ФАКТ1ЛЕР
т
ш
ш
ш

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет