ҚОСЫМША
Түбегейлі
өзгерістер
Төртінші
индустриялық революция кезінде цифрлы – байланысты арналармен жəне
технологиялық
бағдарламалармен жабдықталған коммуникациялар қоғамды түбегейлі
өзгертеді
. Оның əсер ету аймағы мен жылдамдығы –адамзат тарихындағы басқа
өнеркəсіптік
революцияларға ұқсамайтын ерекше өзгерістер алып келеді.
Болашақ
бағдарламалық əзірлеме жəне қоғам мəселелері жөніндегі Бүкілəлемдік
экономикалық
форумның Халықаралық сараптамалық кеңесі бизнес
көшбасшыларының
пікіріне сүйене отырып, осы жаңа технологиялардың жалпыға
ортақ
игіліктерге айналатын уақытын, сондай-ақ осы ілгерілеудің жеке тұлға, ұйым,
мемлекеттік
органдар мен қоғам мүшелеріне тигізетін ықпалын анықтау мақсатында,
жоғары
қызметтегі 800 басшы арасында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл
жөніндегі «Түбегейлі өзгерістер – технологиялық бетбұрысты сəттер жəне
əлеуметтік
ықпалдар» атты зерттеу қорытындысы 2015 жылдың қыркүйек айында
жарияланған
болатын. Төменде осы зерттеуде ұсынылған 21 технологиялық өзгеріс, осы
технологияның
бетбұрысты сəті мен оның нарықта пайда болатын күндеріне қатысты
екі
қосымша беріліп отыр.
1. Импланттық технологиялар
Бетбұрысты
сəт: коммерциялық негізде қолжетімді алғашқы имплантталған ұялы
телефон
.
2025 жылға қарай: сауалнамаға жауап берушілердің 82%-ы осы бетбұрысты сəттің
нəтижесіне
үміт артады.
Құрылғылармен
жарақталған адамдар саны күн өткен сайын өсіп келеді, оның үстіне
құрылғылар
олардың денесіне қондырылған.
Құрылғыны
өзіңмен бірге алып қана жүрмейсің, сонымен қатар олар адам ағзасына
имплантталады
, сөйтіп сол адаммен байланыс қызметін, оның қайда жүргенін жəне
жүріс
-тұрысын анықтаумен қатар, денсаулығын қадағалау міндетін де атқарады.
Бұған
дейінгі жүрек соғысын реттеуші, тағы басқа сырттан əсер етуші құрылғылар осы
үрдістің
бастамасы ғана болатын. Денсаулықты жақсартуға арналған жаңа
құрылғыларды
шығару тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Бұл құрылғылар - аурудың
алдын
алуға, өз кезегінде адамдарға қажетті шараларға ертерек кірісуге, сырқат
деректерін
мониторинг орталықтарына жіберуге немесе қандай дəрі-дəрмек қолдану
қажеттігін
автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Тері
астына жазылған «ақылды» таңба-суреттер мен басқа да оңтайлы чиптер
бірегейлендірумен
қатар, əркімнің орналасқан жерін анықтауға көмектесе алады.
Дененің
ішіне имплантталатын құрылғылар, сонымен бірге «кіріктірілген»
смартфондар
арқылы əдеттегі сөздерді жəне ми толқындары мен басқа да белгілерді
оқу
арқылы айтылмаған ойлар мен көңіл күйді анықтауға көмектеседі.
|