Мақсат: перифериялық қанды пайдаланып, қан тобын анықтау техникасын меңгеру.
Зерттеу әдісі: қарапайым реакциямен, стандарттық сарысулар көмегімен. Принципі: Бір атаулы эритроциттер агглютиногендердің плазма немесе сарысу агглютининдармен әрекеттескенде эритроциттердің жабысуы өтеді нақтырақ гемагглютинация реакциясы.
Материалдық ресурстар: 1. Пастеров тамшуырлары
2. Шыны таяқшалары
3. Ақ фаянс немесе пластмасс тәрелкелер
4. 5 минутке құм сағаты
5. Химиялық стакандар (тамшуырларды және таяқшаларды сақтау және жуу үшін )
Реактивтер: Оαβ(I), Аβ(II), Вα(III), АВ0(IV) топтағы стандартты гемагглютинияланған сарысулардың екі сериясы
Физиологиялық ерітіндіні
Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары
Зарарсыздандыру ерітінділері
Қалдықтарға арналған ыдыс
Іс-қимыл алгоритмі: 1. Тәрелкені таңбалаңыз
2. Жазуларға сәйкес Пастер тамшуырмен (сарысудың әр бір сериясы үшін бөлек тамшуыр) екі қатарға әр топтың екі сериялы стандартты сарысудың 2 тамшысынан жағыңыз
3. Стандартты сарысудың тамшысынан оң жағына 2 мм. аса емес қашықтықта 3 мм. диаметрімен зерттеліп жатқан қанның тамшысын жағыңыз
4. Таяқшалармен тамшыларды араластырыңыз (сарысудың әр бір сериясына бөлек таяқша) және тәрелкені шайқаңыз
5. Үш минуттан кейін барлық ұяларға физиологиялық ерітіндінің 1 тамшысынан қосыңыз . Араластырыңыз.
6. Тәрелкені шайқап тұрыңыз, 5 минут өткен соң реакция нәтижесін белгілеңіз
Реакцияның нәтижесін бағалаңыз:
a)Егер барлық үш топтың стандартты сарысулары теріс нәтижені көрсетсе, онда зерттелетін қанда агглютиногендер жоқ нақтырақ зерттеліп жатқан нұсқа О (I) бірінші топқа жатады.
b)Егер О(I) және В(III) топтағы стандартты сарысулар эритроциттерді агглютинацияны жасаса, ал А(II) сарусуымен агглютинация болмаса, онда зерттеліп жатқан нұсқада А агглютиногены бар, нақтырақ А(II) – екінші топқа жатады.
c)Егер О(I) және А(II) стандартты сарысулар оң реакцияны көрсетсе, ал В(III) сарысуы – теріс, онда қанның зерттеліп жатқан нұсқасында В агглютиногены бар, нақтырақ В(III) – үшінші топқа жатады
d)Барлық үш топтың стандартты сарысулары эритроциттерді агглютинация жасаса, зерттеліп жатқан қанда А және В агглютиногендер бар, оны АВ(IV) топқа жатқызады. Бірақ соңғы түйіндемені жасау үшін АВО(IV) стандартты сарысумен жасалған спецификалық реакцияға зерттеуді өткізу керек. АВО(IV) топ сарысуы зерттеліп жатқан қанмен агглютинация жасамаса ғана, онда қанды төртінші топқа жатқызуға болады.
Ескерту: Қан тобының анықталуы 15 – 25С температура кезінде жақсы жарықтану бар бөлмеде өткізіледі. Шыны таяқшаларды және тамшуырларды жуу үшін физиологиялық ерітінділері бар стакандарды дайындайды.