Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет3/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Сүзгіш қағаз

  5. Қара фон /қара қағаз/

  6. Ақ фон /ақ қағаз/

  7. Құрғақ химия: универсалды лакмус қағазы ph 1,0 – 10,0; ақуызды, глюкозаны, билирубинды, уробилинды, кетон денелерді анықтау үшін арналған тест-жолақтар.

  8. Шыны бойынша қарындаш

  9. Талдау бланктері

  10. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы


ЗӘРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ


Мақсат: зәрдің физикалық қасиеттерін анықтау дағдыларын игеру , зерттеу нәтижелері негізінде мүмкін патологиялардың бар болуын көрсетуге қабілетті қасиеттерге объективті бағаны беру.
Зерттеу әдістері: макроскопиялық, физикалық өлшеу.
Материалдық ресурстар:

  1. 10,0 мл, 1,0мл-ға тамшуырлар

  2. Пастеров тамшуыры /көз тамшуыры/

  3. Цилиндр 100мл. /50мл/

  4. Урометр немесе рефрактометр

  5. Химиялық стакан

  6. Центрифугалық сынауықтар

Реактивтер:

  1. 0,5% спирт бромтимол көк ерітіндісі ( ph 6,0 – 7,0 диапазонда бояудың аусу аймағы бар);

  2. Универсалды лакмус қағазы ph 1,0 – 10,0

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Резеңке қолғаптары

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Зәр талдау бланкі

  5. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

  6. Шыны бойынша қарындаш

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Зерттеу үшін бұтараны жуғаннан кейін таза ыдысқа жиналған зәрдің таңертенгі мөлшелін алыңыз.

  2. Тұнбаны алыңыз:

  1. 10 мл-ге тамшуырды алыңыз.

  2. Тамшуырды ыдыстың түбіне жіберіңіз.

  3. Түбімен тамшуырды жылжытып, үрімше көмегімен зәрді 10 м. көлемінде центрифугалық сынауыққа құйыңыз.

  1. Визуалды түрде анықтаңыз:

  1. Зәрдің түсі ақ қағаз фонында күннің көзіне көтергенде көрінеді: нормасы сарғылттау

  2. Тұнықтығын қара фонда кез келген бір затқа қарағанда анықтайды: нормасы тұнық

Тұнықтылықтың градациясы: тұнық, бұлдырлау, кішкене бұлдыр, бұлдыр

  1. Зәрдің реакциясын анықтаңыз:

  1. Центрифугалық сынауықты алыңыз

  2. 1,0 мл.зәрді құйыңыз

  3. Бромтимол көк индикатордың 1 тамшысын қосыңыз

  4. Шайқаңыз

  5. Реакцияны бағалаңыз

Бромтимол көк индикатормен анықтағанда градациялар: сары түс – қышқыл реакция; қоңыр – аз қышқыл; шөпке ұқсайды – нейтральды; қоңыр-жасылдау – аз сілтілі; жасыл және көк – сілтілі.
Универсалды лакмус қағазын пайдалануға болады: нормасы ph 5,0 – 7,0

  1. Урометр немесе рефрактометрмен салыстырмалы тығыздылықты анықтаңыз Нормасы 1,018 – 1,025

  2. Зәрдің иісі: нормасы ащы емес спецификалық

  3. Талдау бланкін жазып беріңіз

  4. Талдауды нормамен салыстырып, бағалыңыз.

  5. Жасалған зерттеулерге интерпретацияны жасаңыз:

  • Физиологиялық жағдайларда зәрдің түсі кейбір азық-түліктерді жегенде өзгереді (қызылша, ревень және басқ.). Жаңа туған балаларға 3-4 күн болғанда, кейбір жағдайларда 2-і аптаға дейін, зәрдің түсі қызғылттау болады, бұл несеп қышқылдың көп болуынан, олардың кристалдары жаялықтарда кірпіш түсті дақтарды қалдырады.

  • Патологиялық жағдайларда зәрдің түсі өзгереді. Боз түссіз зәр қантты және қантты емес диабетте, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, ішімдікті, диуретиктерді қабылдағанда болады; қоңыр немесе қоңырдан қаралау жіті гемолитикалық бүйрек кезінде; «ет жуындысы» түрі жіті немесе созылмалы гломерулонефриттің өршуі кезінде; сарғылт, жасылдау, «сыра» түсі механикалық немесе ұлпалық сарғаюлар кезінде.

  • Зәрдің бұлыңғырлануы формалық элементтердің, эпителилік жасушалардың, бактериялардың, сілемейдің, май тамшылардың көп көлемінде бөлуіне байланысты болуға мүмкін.

  • Зәрдің реакциясы тамақ режиміне байланысты өзгереді. Тамақта жануарлар нәруызының көп болуы ащы жаққа әкеліп соғады, ал өсімдік тамақ көп болса – сілтілік реакция пайда болады.

Патология кезінде зәрдің кенеттен ащы реакциясы қызба жағдайлар, қантты диабет, ашығу, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде болады. Зәрдің

  • сілтілі реакциясы – циститтер, гематурия кезінде,құсу және іш өтуден кейін, экссудаттарды және транссудаттарды сорғанда, кейбір дәрілерді қабылдағанда, минералды суды ішкенде болады.

  • Салыстырмалы тығыздылық зәрде ерітілген заттардың концентрациясы туралы түсінік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет