Көрсетпесі: - белоктардың қасиеті бойнша білімді тереңдету және бекіту
Тұндыру реакциялары принципі: Белоктар ерітіндіде және де соған сәйкес организмде белокты молекула зарядынан және оның айналасындағы гидратты (сулы) қабықтан тұратын тұрақтылық факторы есебінен нативті жағдайда болады. Осы факторды жою белок молекулаларының жабысуына және тұнбаға түсуіне әкеледі. Белоктарды тұндыру реактивтер құрамы мен реакция жағдайына байланысты қайтымды және қайтымсыз болады. Клиникалық лабораториялық практикада тұндыру реакциясын қан плазмасынан белоктан альбумин және глобулин фракцияларын бөліп алу үшін, плазмадағы тұрақтылығының санды сипаттамасын анықтау, биологиялық сұйықтарда белоктарды анықтау және белоксыз ерітінді алу үшін қолданады.
Принципі: Белоктарды тұндыру факторы әсерінен белок тұнбаға түседі, бірақ бұл әрекетті (жоюды) тоқтатқан соің белоктар қайтадан ерігіш жағдайға оралады да нативті қасиетке ие болады. Қайтымды тұндырулардың бірі тұздытұндыру болып табылады. (NH4)2SO4 қаныққын ерітіндісімен белоктың альбуминді
фракциясы тұндырылады, жартылайқаныққан аммония сульфат ерітіндісімен – глобулин фракциясы тұндырылады.
Ресурстар: 1. пипеткалар
2. химиялық пробиркалар
3. су моншасы
4. термомонша
5. пробиркалар үшін тығындар
6. шыны үшін карандаш
7. сүзгі қағаздар
8. шыны таяқшалар
9. штативтер
10. реактивтер