Іс-әрекет алгоритмі: 1. 1 химиялық пробирка алыңыз;
2. пробиркаға 30 тамшы сұйылтылмаған жұмыртқа ақуызын тамызыңыз;
3. 30 тамшы аммоний күкіртқышқыл, қаныққан ерітінді (NH4)2SO4 қосыңыз,
4. араластырыңыз;
5. 5 минуттан соң тұнбаны сүзіңіз;
6. сүзгіден тұнбаны шыны таяқшамен алыңыз да басқа химиялық пробиркаға
салыңыз;
7. тұнбасы бар екінші пробиркаға 5 тамшы су тамызыңыз, не пайда болды?
8. белоктың осы фракциясына биурет реакциясын жүргізіңіз. Ерітінді қандай түс
болды? Нәтижесін жасаңыз.
9. фильтраты (альбумин) бар пробиркаға аммоний күкіртқышқылы ұнтағын
(NH4)2SO4 ерітінді толық қаныққанға дейін, яғни тұздың еруі тоқтағканға дейін м
қосыңыз;
10. егер тұнба түссе, оны сүзіңіз;
11. су қосып биурет реакциясын жүргізіңіз
Іс-әрекет алгоритмі:
5 минуттан кейін тұнбаны сүзеді, сүзбеден тұнбаны шыны таяқшамен алады және пробиркаға салады оған 5 тамшы су Н2О қосады;
Осы белок фракциясына биурет реакциясын жүргізеді. Ерітінді қандай түске оялады, нәтижесін бағалаңыз.
Тұнбасы (альбуминмен) бар пробиркаға + аммоний сульфат ұнтағы(NH4)2SO4 ерітінді толық қаныққанға дейін, яғни тұздың еруі тоқтағаға дейін
Егер тұнба пайда болса оны сүзеді, ерітеді және биурет реакциясын жүргізеді.
Нәтижені бағалау: Егер тұндыру (тұз) факторы әсерінен белоктар тұнбаға түссе соңынан тұндыру әсерін тоқтатқаннан (жойғаннан) кейін, яғни су қосқаннан белоктар ерігіш жағдайына өтеді де өзінің нативті қасиетіне ие болады, онда бұл қайтымды тұндыру. Оңтайлы биурет реакциясы белоктың барын көрсетеді.