Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет4/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Роберт Вудворте (1869-1962) көрнекті америка психологы,функционалдық психологияның негізін салушылардың біріболды. Ол бихевиористердің ұсынған «стимул-реакция» үлгісінжоққа шығарып, оның құрамына аралық буын- ағза менұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады. Сонымен,бихевиоризм қатты сынға алынып,мінез-құлықпсихологиясының реформасы басталды. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында тұрады деді.
З.Фрейд (1856-1939) австриялық психиатр және психолог,психоталдау бағытыөкілдерініңбихевиористерден,гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Жан Пиаже психология ғылымында генетикалық бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі, швейцария ғалымы, психологі. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында өлшеусіз еңбек сіңірген ғалым.
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында- когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу-нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт- когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады.
Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі-гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам проблемасын түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден бір дүрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Абрахим Маслоу гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет