Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде



бет5/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді. И.М.Сеченов интроспекция әдісін психикалық құбылыстарды тану әдісі ретінде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық қүбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті.
В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді негіздеді. Олар орталық жүйке жүйесі жүмысының қызметін әртүрлі атаған болатын: Бехтерев «біріккен рефлекс», ал Павлов - «шартты рефлекс» деп атады. Олар алғаш рет психологияға мінез-құлықты зерттеу пәні ретінде енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиологтардың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.
Д.Н.Узнадзе (1886-1950) ұстаным теориясы мен ғылыми мектепті басқарды, психикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамудың мәдени-тарихи теориясының негізін салушы Л.С.Выготский (1896-1934) болды, ойлау теориясы С.Л.Рубинштейннің және оның ізбасарларының еңбектерінде одан әрі дамыды.
Кеңес психология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған бұл кеңес ғалымдарының аға буыны болып табылады, ал практикалық-эксперименталдік түрде оны талдау кеңес психологтарының келесі буынының еншісіне тиді, оның ішінде аты әлемге танымал Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин(1902-1988), Д.Б.Эльконин, Е.Н.Соколов, А.А.Смирнов және т.б. есімдерін атауға болады. Олардың негізгі еңбектері 30-60 жылдардың арасында дүниеге келді.
Б.Г.Ананьев (1907-1972) қабылдау, педагогикалық бағалау психологиясы, адамтанудың жалпы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Оның ерекше сіңірген еңбегі Ленинград университетінде психология факультетін құру және «Ленинград психологтарының мектебі» атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын даярлаумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет