Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет6/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

С.Л.Рубинштейн (1889-1960) мен А.НЛеонтьев (1903-1979) Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда ерекше ұйымдастырушылық рөл атқарғандығын айтпай кетуге болмайды, сонымен қатар А.Н.Леонтьев қабылдау, ес, сана, жеке тұлға және психикалық даму проблемаларын теориялық және эксперименталдік тұрғыдан зерттеуге, елімізде психология ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Ол психологиялық «іс-әрекет теориясы» деп аталатын жаңа психологиялық теорияның негізін салды, соның нәтижесінде қабылдау, ес, ойлау, сана мен жеке тұлға үрдістері бұрын соңды болмаған ерекше шешімін тапты. Бұл теория өз төңірегіне психолог ғалымдардың аға буын өкілдерін топтастырды. А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен 40-50 жылдары мен 60-70 жылдары өз беттерімен зерттеу жолына түсті.
Елімізде кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптастыруда ерекше еңбек сіңірген қарымды да майталман психолог ғалымдарымыз Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, А.А.Соколов, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов, Д.Н.Узнадзе және т.б. ерекше айта аламыз.
Алдыңғы қатарлы кеңес психологтары психология ғылымының алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, осы міндеттерді шешу негізгі педагогикалық проблемаларды іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты. Кеңес психологтары педагогикалық психология саласында біршама іс тындырды.
А.В.Запорожец (1905-1981) Д.Б.Эльконинмен (1904-1984)біргебалаларпсихологиясыныңнегізінқалады.А.В.Запорожецтің ғылыми зерттеу саласына қабылдау, қозғалысжәне эмоция проблемалары кірді. Д.В.Эльконин ойын теориясы мен бала психикасы дамуының авторы ретінде белгілі ғалым, сонымен қатар В.В.Давыдовпен бірге мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың жаңатұжырымдамасының авторы болды. С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» атты іргелі еңбекті дайындап, бастырып шығарды. Еңбекке отандық, сонымен қатар әлемдік психология ғылымының озық жетістіктері кірді.
Нейропсихология саласында А.Р.Лурия (1902-1977) жоғары психикалық қызметтің анатомиялық-физиологиялық негіздерін зерттеді. А.Р.Лурияның ес пен ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін зерттеуге арналған еңбектерінің мәні ерекше болды. Оның еңбектері қазіргі кезде диагностикалық және терапевтік мақсатта кеңінен колданылып отырған қазіргі медициналық психология үшін ғылыми-психологиялық негіз болды.
Е.Н.Соколов (1920-2008)- еңбектері бүкіл әлемге кеңінен танымал болған көрнекті психофизиолог. Ол түс көру теориясын негіздеді, яғни адамдардың заттардың түсін қабылдауды түсіндірді. Ол зейіннің нейропсихологиялық негіздерінің құрылымына кіретін бағдарлы рефлексті ашты және сипаттап берді.
А.А.Смирновтың (1894-1980) еңбектерінің арқасында материалды есте сақтау мен қайта жаңғырту іс-әрекетті үйымдастыру мен жағдайларына тәуелді екендігі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет