Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады.Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардыңкөмегімен біздің ағзадан тыс жатқанзаттар мен құбылыстардың қасиеттерібейнеленеді. Түйсіктербұлмүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшықеттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстардыжәне біздің ағзамызды, оныңжекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктерпроприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлар дененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қанайналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердіңәсеріменалынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Көру түйсіктері. Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін.
Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан қоңыр түстер жатады.
Көру түйсігінің мүшесі көз болып табылады. Ол негізінен көз алмасынан және одан шығатын көру жүйкесінен түрады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы.
Есту түйсіктері
Есту түйсіктері - бұл дыбыстарды түйсіну. Дыбыстар екі түрге бөлінеді: музыкалық дыбыстар (әннің әуендері, музыкалық аспаптардың дыбыстары) және шулы дыбыстар (сылдырла ысқырық, тарсылдау, түрсілдеу, үрғылау және т.б). Ес түйсіктерінің мүшесі құлақ болып табылады.
Иіс түйсіктері
Иіс мүшелеріне ауыз қуысының жоғары бөлігінде орналасқан иіс жасушалары жатады. Иіс анализаторы үшін тітіркендіргіштерболып табылатын иіс шығатын заттардың бөлшектері ауызқуысына ауамен бірге енеді. Иіс заттары мен сезгіштік жүйкенің қозуы бас миға беріледі, біз әртүрлі иістерді түйсінеміз. Иіс пен дәм айыру түйсіктері адамның дүниетану үрдісінде де, жалпыпсихикалық әрекетінде де онша елеулі орын алмайды. Алжануарлардың, әсіресе дамудың төмен сатысында тұрғанағзалардың тіршілігінде ерекше орын алады. Бұл түйсінулерді соқыр, саңырау, сақау адамдардың тіршілігінде маңызы ерекше. Белгілі ғалым, сокыр, әрі саңырау О.И.Скороходованың айтуынша, ол иіс түйсінуін көзі көретіндер көзді қалай пайдаланса, мен солай пайдаланамын деген екен. О.Скороходоваиіс түйсігі бойынша белгілі жерлерді анықтайды және таныс адамдарды танып біледі.
Дәм түйсінулері
Дәм түйсінулеріне тәттіні, қышқылды, ащыны, тұздын түйсіну жатады. Дәм түйсінулері иіс түйсінулері сияқты белгілі дәмге тән заттар мен құбылыстарбойынша аталады. Мәселен, біз сүттің, еттің, майдың, нанның т.б.дәмі туралы айта аламыз.
Дәм түйсіктерінің мүшесіне тілдің жоғары жағы мен таңдайдыңжұмсақ бөлігі жатады. Тілдің сілекей белігінде ерекше дәморталықтары орналасқан. Ерекшеліктері бойынша әртүрлі дәмтүйсіктері тілдің жоғары жағына әртүрлі орналасқан. Тілдің негізгі немесе артқы бөлігі ащы дәмге ерекше сезімтал, тілдің: ұшы тәттіге сезімтал, ал шеттері қышқылға. Тілдің ортаңғы бөлігідэм түйсіктеріне сезімтал емес.
Тері түйсіктері
Тері түйсіктеріне түйсіктердің екі тобы жатады: сипай сезу және температуралық. Бұл түйсіктердің тері түйсіктері деп аталуының себебі: осы түйсіктердің аяқталған жүйке аппараттары (рецепторлар) теріде және біздің ағзамыздың сілекей қабықтарында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |