Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
Бейнелі ес - бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу, иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларында немесе көру,есту мүшелерінен айырылған адамдарда байқалады.)
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді.Мұңдай есті эйдетикалық ес (эйдос-грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Сөздік-логикалық ес - ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады.
Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандайкүш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады. Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, үзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді.
Қыска мерзімді ес - материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес(бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен қүбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзақ мерзімді ес- салыстырмалы түрде қабылданғанматериалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады.Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақмерзіміне қарай есептеледі.
Жедел есдепқысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естін, аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын алаанықталмаған мерзім бойы материалды есте сақтауға есептелген.