Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


§2.2 Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдері)



бет27/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134
§2.2 Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдері)


Қабылдау дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысалы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз түсі, иісі, түрі, температурасы және т.б. қасиеттері бар белгілі заттарды қабылдаймыз. Біз сонымен қатар заттар мен құбылыстарды кеңістік пен уақытта кабылдаймыз. Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін жекелеген заттар мен құбылыстарды ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализтік-синтездік қызметі болып табылады. Қабылдау түйсіктер сияқты, осы негізгі мүшелері бойынша көру, есту, дәм және т.б. түйсіктерге жіктеледі. Біздің өмірімізде негізгі рөлді атқаратын көру және есту қабылдаулары. Сонымен қатар аралас қабылдаулар болып бөлінеді. Олардың бірдей мәні бар, біреу емес, екі немесе үш сезім мүшелері жұмыс істейді. Аралас қабылдауға мысал ретінде дыбысты кинокартинаны, теледидардынемесе операны көру-есту қабылдауын айтуға болады. Әрбір қабылдаудың құрамына түйсіктермен бірге бұрынғы тәжірибе мен қалыптасқан білім кіреді. Сонымен, қабылдау үрдісіне ес қызметі де қатысты. Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Кез-келген қабылдау пікір арқылы іске асады. Мысалы: «бұл адам», «бұл кітап», «бұл үй» және т.б. Адамның қабылдауы- заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне әсер еткен жай бейнесі ғана емес, сонымен қатар бар тәжірибенің негізінде ой елегінен өткен, талқыланған бейнесі болып табылады.
Қабылдауда эмоциялық көңіл-күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдауды құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойларымен байланысты сезімдер жатады. Сондықтан да біз «көңілді» немесе «көңілсіз» пейзаж, «қайгылы шөл дала», «қуанышты», «күлімсіреуді» және т.б. қабылдаймыз. Сезімдер қабылдаудың белсенділігін арттырады. Қабылдау үрдісінде зейін ерекше рөл атқарады, ол қабылдауды белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын (толықтық дәлдік және анықтылық) дамытады. Зейін сияқты қабылдау даерікті және еріксіз болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет