Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет26/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Органикалық түйсіктер
Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті, шаршауды түйсінулержатады. Бұл түйсіктердің рецепторлары ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан: өңеште, карында, ішекте, қантамырларында, өкпеде, және т.б. Органикалық түйсінулер көпжағдайда эмоциялық толығумен ерекшеленеді. Мысалы: аурудытүйсіну немесе аштыкты түйсіну ерекше қолайсыз жағдайдағыкөңіл күйде болады, ал денсаулықты немесе тоюды түйсінуде өтежағымды жағдай ретіндегі көңіл-күйді бастан кешіреміз.
Адаптация деп түйсік мүшелерінің сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге бейімделуін айтады.
Тітіркендіргіштің әрекетінің өзгеруімен сезгіштік те озгереді. Күшті тітіркендіргіштерде сезгіштік артады, ал әлсіз тітіркендіргіштерде сезгіштік азаяды. Сондықтан да адаптация жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Күшті адаптация сипай сезу түйсіктерінде немесе әлсіз қысымда байқалады. Біз көп жағдайда киімнің ауырлығы мен қысымын сезбейміз, көзілдіріктің қысымын түсінбейміз. Кейде көзде тұрған көзілдірікті іздеп әуре боламыз. Адаптация көру,температуралық, иіс және сипай сезу түйсіктерінде күшті болады,ал есту және ауыру түйсіктерінде әлсіз байқалады.
Түйсінулердің қарқындылығы тек тітіркендіргіштің күшіне ғана байланысты емес, рецептор адаптациясының деңгейіне, сонымен қатар қазіргі кезде басқа да сезім мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезім мүшелері тітіркендіргіштерінің әсерімен анализатордың сезгіштігініңөзгеруін түйсінулердің өзара әрекеті деп атайды.
Сенсибилизация деп анализаторлық және жаттығулардыңөзара әрекет ету нәтижесінде сезгіштердің (лат. «еn»іbі1і» - қазақша сезімтал мағынасында қолданылады) артуын айтады.
Сенсибилизация- тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйкеорталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық қүбылыс.
Синестезия (гректің сөзі - «уnаі» tһе «і», қазақшасы - қосарласқан түйсік). Кейбір адамдардың түйсінулеріндесинестезия деп аталатын құбылыс байқалады. Бұл екі түйсіктің біртұтастүйсікке бірігуі. Синестезияның ерекше жиі кездесетін түрлерінің бірі «түсті есту» деп аталатын түрі, онда дыбысты түйсіну - шу, тон, музыкалық аккорд - көру бейнесін шақырады, жарықты немесе түсті елестету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет