Еріксіз қабылдау деп алдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады.
Ерікті қабылдау деп алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады.
Белгілі бір саладағы заттарды ерікті түрде жүйелі және ұзақ қабылдауды бақылау деп атайды. Мысалы, біз біраз уақыттың ішінде алма ағаштарының гүлдеуі қалай іске асатындығын бақылайтын болсақ, баланың тілінің дамуын бірнеше жыл бойы бақылауға болады. Адамның бір жүйелі, ұзақ жоспарлы қабылдауларға қабілеттілігін бақылағыштық деп атайды.
Апперцепция - қабылдаудың жеке тұлғаның ерекшеліктеріне,оның өткен тәжірибесіне, мамандығына, қызығуына тәуелділігі. Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау үрдісі сыртқы әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттердің бірі. Бұл адамның сыртқы қабылдау кезіндегі психикалық күйіне де байланысты. Адам қабылдауының құрамына енгізілетін психиканыңмазмұның апперцепция деп атайды.
Қабылдау қоршаған ортаның заттары туралы абсолюттік түрде дүрыс тусінік бере бермейді. Кейде заттарды біз теріс, өзгерген түрінде қабылдаймыз. Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзиядеп атайды.
Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет. Иллюзия қабылданатын затты теріс қабылдау, ал галлюцинациялар - бұл жалған қабылдаулар. Галлюцинация - жоқты бардай қабылдау, жалғанқабылдау.
Кеңістік пен уақыт - материя дамуының негізгі түрлері, заттар мен құбылыстар кеңістіктен орын алады да уақытқа байланысты өзгереді. Біз кеңістікті қабылдау туралы айтқанымызда, заттардың кеңістіктегі түрлерін қабылдау туралы, олардың кеңістіктегі көлемін қабылдау және кеңістіктегі қатынастарды қабылдау жөнінде айтқымыз келеді.
Монокулярлық қабылдау(бір көзбен қарау) төмендегіше іске асады. Заттың көз сәулелеріне әсер етуі, бұл заттың бейнеленуі, хрусталик арқылы сынады және көздің торында фотоаппарат сияқты кері бейнелеу пайда болады. Кеңістікті монокулярлық кабылдау толық еместігімен, дәл еместігімен ерекшеленеді.
Көп жағдайда біз заттар мен құбылыстарды екі көздің көмегімен қабылдаймыз. Оны бинокулярлық қабылдау деп атайды. Кеңістіктің тереңдігін ондағы заттардың жағдайын қабылдауда бинокулярлық қабылдаудың маңызы ерекше. Тек екі көзбен көру арқылы ғана тереңдікті дұрыс қабылдауға болады. Көбінесе адамдар бағдарды - беталысты күнге, жұлдызға, айға, ағаштың жапырақтарына, желдің соғуына тағы да сол сияқты заттарға қарай ажырата алады. Кәсібі кеңістікпен байланысты адамдар (малшы, керуенші, жүргізуші т.б.) кеңістікті күндіз де, түнде де, не боранды күнде де дұрыс қабылдай алады. Жақын жерді қараған кезде хрусталик шар тәріздес, ал алыс қашықтыққа қарағанда ол тегіс болады. Осындай көздің өте жақсы көруге бейімделуі аккомодация деп аталады. Көздің аккомодациясы үш өлшемді- қашықтықты, тереңдікті, жер жағдайын қабылдағанда ерекше мәні зор. Екі көздің көмегімен кеңістіктегі қатынастар толық және дәл қабылданады. Мысалы, бинокулярлық үшінші өлшем өте дәл қабылданады. Үшінші өлшемде (қашыктык, тереңдік) бинокулярлық қабылдауда (екі көзбен) көздің конвергенциясының үлкен мәні бар.