Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Назар немесе зейін деп - адам санасының қоршаған ортадағыбелгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады.Зейін – басқалардыңішінен адамды қоршаған көптеген заттар менқұбылыстарды бөліп көрсету.
Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекшепсихикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мысалы, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетіорындаудың шарты болып табылады. Мысалы, қарапайымжұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеутехникаларымен жұмыс, ғылыми зерттеу жүмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Адамды қоршаған кептеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап көрейік, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тыңдайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есепшығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейінқойып орындайтынын аңғару қиын емес.
Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П.Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциялық заңы бойынша бас миалабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса бас мидың басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады. Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы басқаларына үстемдік етеді, оныдоминанта деп атайды, ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі. Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреунің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомскийдің зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті әсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталыгы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.