Зейін түрлеріНегізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.
Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Адам өмірінің барлық кездерінде еріксіз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - еріксіз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мысалы, қызықты кітапты оқуға еріксіз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу ерікті зейінді керек етеді.
Ерікті зейін деп алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын саналы түрде таңдай отырып, адам
санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықылыспен берілген дұрыс.
4.Түрлі қолайсыз жағдайларда да жүмыс істеуге машықтану. Мысалы, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-күрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істеу керек.
5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.
Зейіннің үйреншіктідеп аталатын түрі де бар. Үйреншікі зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақорындалатын зейін. Мысалы, бала оқуға төселсе, бұл оны тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Үйреншікті зейін ырықты зейін арқылы дамып қалыптасады.
Зейіннің негізгі қасиеттері Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне:ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығышоғырлануы жатады. Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екіші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт өз зейінін суреттеркөруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруы мен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады. Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануы дейді. Мысалы біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.
Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға бағытталуын айтады. Мысалы, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінің дүрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жолаушылардың, автомобильдердің және басқа трамвайлардың қозғалысы сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек.
Шоғырлану мен орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады.