Үшінші деңгейдеалдыңғы шепке коммуникация үшін неғұрлым мэнділері: бір-бірінің ұстанымдары мен көзқарастарын түсінуге ұмтылу, басқалардың пікіріне құлақ асу, тіпті олармен келіспесе де және т.б. шығады, осы жағдайда коммуникация жекеленген қатысушылардың қосқан үлестерін, жеткен табыстарын жалпы бағалаудың қалыптасуына бағытталады. Жалпы бағалауға ұмтылу кедергілерге тап болуы мүмкін, бұл кедергілер коммуникацияға түсуші жекеленген қатысушылардың негізгі мақсаттарының әр түрлілігінде болады. Коммуникацияның осы үшінші деңгейі өзара қатынастардың ұжымдық сипатымен байланысты.
Тұлғааралық коммуникацияның тағы да бір ерекше сипаты оның екі деңгейлі құрылымы. Ортақтасу барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде өткізіледі. Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы - сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тэсілдер адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл-күйін түсінуі жэрдемдеседі. Ортақтасу кезінде олардың орны мен мәні өте биік. «Коммуникация айсбергінің» көрінетін ұшы сөз болса, көзге көрінбейтін су астындағы негізгі белімі бейсоз әдіс - тэсілдер. Ортақтасу серігі кері байланысты осы бейсөз жолдармен жүзеге асырады. Мысалы, сөзіне сенбей тұрсақ, серігіміздің бейсөз тэртібіне мэн береміз. Ым-ишаралар адамның сез астарында жатқан шынайы (жасырылған) ниеттерін анықтауға көмектеседі. Бейсөз құралдарға оптикалық кинестетикалық, пара және экстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.
Коммуникациялық ықпалдау шарттары мен түрлерін талдасақ,оның екі типін анықтаймыз. Коммуникатордың реципиентке жасаған эсерінің мақсаты мен құралдарына орай эміршіл жэне диалогтық коммуникация типтеріне болінеді.
Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникациялық кеңістікке, кеңістіктің ұйымдастырылуына, бейсөздік тэртіпке орай анықталады.
Психологиялық ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді. Әкімшілдік ықпал етуде «жоғарыдан-төменге» ұстанымы, диалогта - «тепе-тең» ұстанымы жүзеге асады. «Жоғарыдан-төменге» ұстанымындағы коммуникатор үшін р еципиент бағынышты халде больш, тек еріксіз тыңдап,, коммуникатордың сөзін сын айтпай қабылдауы керек. Осі{ бағыттағы коммуникатордың пайымдауынша, реципиенттің өд пікірі жоқ, бар болса да оны коммуникаторға қажетті бағыщ; озгерте салады. «Тепе-тең» ұстанымда тыңдаушы коммуникатор; жағынан ортақтасудың белсенді, оз пікірін қорғай алатын мүшео; ретінде қарастырылады.