1.Кинесикаадамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы
көріністерін зерттейді:
А) мимика бет әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді; Ә) жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді, Б) пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді;
2.Такесика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу,
беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию эрекеттерін
зерттейді;
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың
кеңістікте орналасуын зерттейді.
Кинесика термині грек тілінен алғанда «кіпезіз» - қозғалыс дегенді
білдіреді. Ол - адамдардың қарым-қатынасында қолданылатын барлық дене қимылдарының жиынтығын (сөйлеу аппаратынан басқа) зерттейтін ғылым. Оған сейлеу кезіндегі ым-ишарат, адамның бет құбылыстары (мимика), дене мүшелерінің қозғалыстары жатады. Сөйлеу тілінің нақты сипаттамасы лексика, грамматика, просодика салаларындағы ерекшеліктерді анықтаумен шектелмейді, өйткені тілдік қатынасты жүзеге асырудағы айтылмақ ойдың мағынасы көп жағдайда адамдардың қимыл-қозғалысына да байланысты болады. Акустикалық жүйеге паралингвистика жэне экстралингвистикажатады. Паралингвистика- бұл коммуникатор дауысыньщ
сапасы: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдылығЦ
интонациясы, логикалық екпіні. \,
§6.3 Қарым-қатынас деңгейлері, контактты әрекеттесудіц ' түрлері коммуникативті ықпал I Қарым-қатынастың түрлі жақтарының байланысы, олардьГ динамикасы Я.Яноушек ұсынған қарым-қатынастың деңгейлій схемасында неғұрлым айқын байқалады. Осы схеманың бірінші деңгейінде коммуникация өз тарапынан ақпарат беру мең қабылдауды, контактқа түскен индивидтердің бастапқЫ ақпараттылығында болатын айырмашылықтарды түзететін оның1 кодталуы мен декодталуын білдіреді. Алайда, осы деңгейдің өзінде коммуникация тек ақпарат алу мен беруге ғана теңеспейді, жасырын түрде ол қатысушылардың өзара қатынастарын да қамтиды. Мысалыға, сөйлеуші жағынан тындаушының беріліпі' отырған ақпаратты қалай қабылдауының антиципациясы орын{ алады, өз кезегінде өзі алған ақпараттың контекстін қайта қүрылымдайды: сөйлеушінің бастапқы ниеті, оның тәжірибесі,; білімдері жэне осы деңгейде бірлескен іс-әрекетпен тікелей байланыс жоқ.
Коммуникация екінші деңгейде нақ өзара сипатқа ие болады, мұнда ол қатысушылардың өзара мағыналарды беруі мен! қабылдауын көрсетеді. Осы деңгейде коммуникация олардың ортақ міндеттерді орындаудағы бірлескен іс-эрекеттерімен тікелей байланысты, ол тек қана іс- эрекеттегі емес, сондай-ақ сонымен байланысты коммуникациядағы функциялардың сараланып жіктелінуіне әкеледі. Соңғысы бұл жағдайда ақпараттау, сұрастыру, оқыту, нұскау беру, бұйыру жэне т.б. сипатқа ие бола отырып, бірлескен жұмыстың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Берілген коммуникация бағытталған білімдермен, ойлармен, шешімдермен алмасу бұл жерде міндетті бірлесе орындауға бағынған қажет мэліметтерді алуға, оқу материалын меңгеруге, жаңа білімдерді ашуға, бұйрық беруге жэне т.б.