Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет32/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
Бейнелі ес - бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу, иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларында немесе көру,есту мүшелерінен айырылған адамдарда байқалады.)
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді.Мұңдай есті эйдетикалық ес (эйдос-грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Сөздік-логикалық ес - ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады.
Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандайкүш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады. Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, үзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді.
Қыска мерзімді ес - материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес(бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен қүбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзақ мерзімді ес - салыстырмалы түрде қабылданғанматериалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады.Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақмерзіміне қарай есептеледі.
Жедел есдеп қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естін, аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын алаанықталмаған мерзім бойы материалды есте сақтауға есептелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет