Жады және назар
§2.4 Жадының анықтамасы, жіктелуі мен ерекшеліктеріжәне ұмыту
Біздің түйсіктенген және қабылданған заттармыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежедеесте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлыжағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастап кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұләрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мысалы, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.
Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.
Ес жұмысының физиологиялық негізгі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзарабайланысып, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.
Естің түрлері
Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайтажаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретіндеанықтауға болады. Мысалы, кейбір адамдар өте қиын естеқалдырады, бірақ оның орнына қайта жақсы жаңғыртады жәнеесінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдарды ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісіншетез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыға болады.
Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелербаршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негіз өлшемдерге сәйкес жіктеледі:
1) іс-әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі
2) іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі
3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әртүрлі тәжірибелік және енбекдағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, «алтын қолдары» жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |