Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет30/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134
Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.
Шығармашылық қиял дегеніміз - дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей, шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау.
Қиял ерікті және еріксіз болып бөлінеді:
Еріксіз қиял - алдын-ала мақсат коймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәттеқанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда еріксіз су көздері туралы бейнелер жасалады.
Ерікті қиял алдын ала койылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш- жігерді жұмсау арқылы іске асады.
Қиялдың жан-жақтылығы оның іс-әрекетінің кеңінен таралатын салаларының қамтитын шеңберімен анықталады. Оның ішінде, сондай салалар болып табылатын табиғат, оның бүгіні мен болашағы және тарихи омірі, жердің қойнаулары мен жұлдызды аспан әлемі, техника мен өнер. Адам қиялымен неғұрлым көп саланы қамтыса, соғүрлым оның киялы жан-жақты болады. Қиял көп жағдайда шындық дүниеден жиі алшақтап келеді.
Қиял күшті және әлсіз болады. Қиял арқылы жасалынган бейнелер шындықты қабылдауға қаншалықты жақындауына байланысты қиялдың күші туралы айта аламыз. Кейде қиялдың қызметі сондай күшті байқалады, біз қиялдың нысандарын көргендей , естігендей немесе сезген сияқты боламыз. Осындай жағдайдареалдық шындық пен фантазия бейнелері арасында айырмашылық байқалмайды. Мысалы, Диккенс көзіне жас алып, өз кейіпкерлерінің бастан кешкен қиындықтары мен олімін еді.
Әрбір адам өзінің болашағы туралы міндетті түрде ойлайды, жоспарлайды. Адамның болашақтағы қажеттілік туралы ойлары арман деп аталады. Арман айқын немесе күңгірт болуы мүмкін. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген, келешекке бағытталған қиял процесі. Арман адамды алға ұмтылдыратын, итермелейтін себеп немесе іс-әрекеттің түрткісі болып табылады.
Өмірімен байланысты әсерлі қиял адамды еңбекке шабыттандырады, іс-әрекетке талпындырады. Ешқандай нәтижесіз қиялдаушылық адамды әлсіретеді, шындық дүниені өмірде іске аспайтын түс керумен ауыстырады. Сондықтан да қиялдай отырып, әруақытта да өзінің қиялының бейнесін бақылап отыру керек және күнделікті өмір тынысынан қол үзуге мүмкіншілік бермеу қажет. Арман, қиял күнбе-күн болашақты біздің бүгінгімізбен байланыстырғанда ғана пайдалы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет