Ғылыми зерттеудің бағдарламасын жобалау жолдарын көрсетіңіз.
Зерттеу жұмыстарын жоспарлау кезеңі Ғылыми зерттеулер үшін жұмыс бағдарламасын құрастыру Зерттеудің әдіснамалық және процедуралық бөлімдері. 2. Ғылыми зерттеу тақырбын таңдау Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар: Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі). Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы). Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы); Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу). Скрыть
1
2
1
ЗҚЖ негізгі принциптерін тұжырымдаңыз
Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуелді көптеген әдіснамалық құралдармен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріністердің бірлігінде зерттеледі. Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары бойынша, кез-келген психикалық құбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың бірлігінде қарастырылады. Психологияның негізгі қағидаларының бірі — детерминизмқағидасын (психикалық құбылыстардың себептік тәуелділігі) іске асыру психологиялық зерттеулерді объективтік принципке сәйкес құру болып табылады. Объективтік қағида адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға болады. Объективтік қағида зерттеулерде қолданылатын әдістер және зерттеушінің көзқарасы алынған нәтижелерге әсер етпеуін талап етеді. 2.Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады. Объективтік дүние әруақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін емес. Егер де психикалық құбылыстар үздіксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға бағытталған кез-келген зерттеулерді құру міндетті түрде қарастырылуы қажет. Психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анықтау жеткіліксіз, сонымен қатар психикасының қалыптасқан және қалыптасып келе жатқан жаңа ерекшеліктерін талап етеді.