Көңілінде, халықтың жүрегінде



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«ЕВРОХИМНЫҢ» АРҚАСЫНДА 

ЖАҢАТАСҚА ГАЗ КІРЕДІ

Мемлекет 

басшысы 

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

облыс 


басшыларына 

«өңірлерді  дамыту  үшін  шет  елден 

инвестиция тарту керек» – деп үнемі айтып 

келеді.  Осы  саясаттың  жемісі  ретінде 

Сарысу ауданының өндірісін дамытуға мол 

инвестиция  тартыла  бастады.  Нақтырақ 

айтсақ, 

негізгі 


капиталға 

салынған 

инвестициялардың  жалпы  көлемі  осы 

жылдың  алғашқы  он  айында 7,5 млрд. 

теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың 

тиісті  кезеңімен  салыстырғанда 3,2 есеге 

өсті. 

Жалпы, 


Сарысу 

ауданына 

инвестицияның  тартылуына  өткен  жылы 

жұмысын бастаған «ЕвроХим-тыңайтқыш» 

ЖШС мол үлес қосты. 2014-2018 жылдары 

жүзеге  асатын  алып  жобаға 356,6 млрд. 

теңге  қаржы  қарастырылған. «ЕвроХим-

тыңайтқыш»  ЖШС-нің  қыруар  қаржыны 

Сарысу  ауданына  жұмсауы  тегін  емес. 

Өйткені,  кеніште  фосфор  рудасын  өндіру 

бойынша  жобаның  қуаттылығы  жылына 

«Аралтөбе»  мен  «Кесіктөбеде» 1000 

млн.  тонна,  ал  Гиммельфарбта 2270 

млн.  тоннаға  дейін  жетеді.  Осындай 

қуатты  жобаның  жұмысын  жасауға 2 мың 

жұмысшы  жұмылдырылмақ.  Бұрғылап 

жару  жұмыстарының  бас  маманы  Асқар 

Əбдімомыновтың  айтуынша  «ЕвроХим-

тыңайтқыш» ЖШС-нің болашағы зор.

– Қазіргі таңда 300-ден аса жұмысшы 

осында  еңбек  етіп  жатыр.  Алдағы 

уақытта жұмысшылардың саны 2 мыңға 

жетеді  деп  жоспарланып  отыр.  Оның 

үстіне  келісім-шарт  бойынша  Сарысу 

ауданының  тұрғындарын  жұмысқа  алуға 

міндеттіміз, – дейді Асқар Зұлқайнарұлы.

Қазіргі таңда кенішке электр энергиясы 

мен  ауыз  су  тарту  қарқынды  түрде 

жүргізіліп  жатыр.  Өйткені,  осы  екеуінсіз 

мардымды  жұмыс  жасау  мүмкін  емес. 

Сондай-ақ, «ЕвроХимның»  арқасында 

Жаңатас  қаласына  болашақта  табиғи 

газ  берілуі  мүмкін.  Аталған  жағымды 

жаңалықты қала əкімі Дəуренбек Шалбаев 

өз сөзінде айтып қалды.



– 

Ел 

Үкіметі 

мен 

«ЕвроХим-

тыңайтқыш» ЖШС арасында Жаңатасқа 

табиғи газ кіргізу туралы арнайы келісім-

шарт  бар.  Өйткені,  аталған  компания 

өндірген  рудасын  газ  күйдіріп  шығарады. 

Осы  келісім-шарт  жүзеге  асса,  халыққа 

газ  береміз  деп  жоспарлап  отырмыз. 

Бұл игі жұмыс шамамен 2017 жылға дейін 

жүзеге  асып  қалуы  мүмкін, – дейді  қала 

əкімі.


Дəуренбек 

Шалбаевтың 

сөзін 

«ЕвроХим-Қаратау»  компаниясы  бақылау 



Кеңесінің мүшесі Еркебұлан Мырзағалиев 

те  растап  отыр.  Оның  айтуынша  алдағы 

уақытта  Жаңатас  тұрғындары  табиғи 

газдың игілігін көретін болады.



– Жаңатас қаласында табиғи газ жоқ, 

сондықтан «ЕвроХим» облыс əкімдігімен 

бірлесе  отырып,  Үкіметте  газдандыру 

жобасында  бастама  берді.  Жобалау 

2015  жылы  басталады,  сол  уақытта 

құрылыстың  мерізімі  де  белгіленбек, 

–  деп  мəлімдеген  болатын  Еркебұлан 

Шəкіртұлы.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 

АЛШАҢ БАСЫП КЕЛЕДІ

Сарысу ауданы тек кен өндірумен ғана 

емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығын 

дамытуда  да  алда  келеді.  Мəселен,  осы 

жылдың 

қаңтар-қыркүйек 



айларында 

ауданда  ауыл  шаруашылығы  бойынша 

өндірілген  өнім  ағымдағы  бағалармен 

есептегенде барлығы – 5 млрд. 198,1 млн. 

теңгені  құраған.  Нақтырақ  айтсақ,  өсімдік 

өнімі – 1 млрд. 690,1 млн. теңге, ал мал өнімі 

– 3 млрд. 497,4 млн.  теңгеге  жеткен.  Бұл 

көрсеткіш  өткен  жылмен  салыстырғанда 

104,2 пайызға орындалды. Ауданда 24954 

гектар егістік жер болса оның 4547 гектар 

(18,2%)  суармалы  егістік  алқабы.  Егістік 

жердің 20312 гектары (81,4%), суармалы 

егістік  жердің 3773 гектары (82,9%) ауыл 

шаруашылық құрылымдарына берілген. 

Сондай-ақ, ауданда мал басының саны 

тұрақты  түрде  өсіп  отыр.  Биыл  мүйізді  ірі 

қара 18,6 мың  басқа,  қой-ешкі 236,1 мың 

басқа, жылқы 5,3 мың басқа, түйе 1,9 мың 

басқа,  құс 22,3 басқа  көбейген.  Бұдан 

бөлек  ауданда  «Сыбаға»  бағдарламасы 

бойынша несие алғысы келетін шаруалар 

жетерлік.  Аталған  бағдарлама  аясында 

2011-2013  жылдары 8 шаруашылық 379 

бас  мүйізді  ірі  қара  сатып  алған.  Сондай-

ақ,  осы  бағдарлама  арқылы  «Ынталы» 

шаруа  қожалығы 82 бас  сиыр  алуды 

көздеп  отыр.  Сонымен  қатар,  Тоғызкент 

ауылдық округіне қарасты «Байбек» шаруа 

қожалығы  «Сыбағадан»  өз  сыбағасын 

алуға ниеттеніп жатыр.

Бұдан 

бөлек, 


ауданның 

шаруа 


қожалықтары  өздеріне  қажетті  техниканы 

сатып алуға ерекше ден қоюда. Түркістан 

ауылдық  округі,  Ə.Бүркітбаев  ауылына 

қарасты  «Медет»  шаруа  қожалығының 

төрайымы  Зерекүл  Ибатаева  «Жұмыспен 

қамту-2020» 

бағдарламасы 

бойынша 


жылжымалы тұрғын үй алды. Жылжымалы 

тұрғын үйдің құны 2 млн. 960 мың теңге. 

Аудандық  жұмыспен  қамту  бөлімінің 

басшысы Сəкен Мамытов:



– 

Ауданымыздың 10 азаматы 

жылжымалы  тұрғын  үй  алуға  өтініш 

берді. Алла қаласа, жылдың аяғына дейін 

толық  қамтылады  деп  отырмыз.  Бұл  

жылжымалы  тұрғын  үйдің  пайдасы  өте 

көп. Жазда шопандар жайлауға көшкенде 

өздерімен бірге алып жүреді. Іші толықтай 

жаңа 

технологиямен 

жабдықталған 

жылжымалы  үй  шаруаларға  қолайлы, – 

дейді.


Мал  жəне  егін  шаруашылығымен 

айналысатын    Зерекүл  Ибатаеваның 

қожалығында 1126 гектар жер бар. Аталған 

жердің 530 гектары  егістік  жер  болса,  ал 

қалған  жері  жайылымдық.  Осы  жердің 

арқасында  «Медет»  шаруа  қожалығы 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы 

аясында  үш  адамды  жұмыспен  қамтып, 

оларға жалақы төлеп отыр.

Сондай-ақ, 

Байқадам 

ауылдық 


округінде 2011 жылы  құрылған  «ЕРІК-Т» 

шаруа  қожалығы  өнімді  еңбек  етуде. 

Осы  еңбектің  арқасы  болса  керек,  шаруа 

қожалығының 

төрағасы 

Ерік 


Тоқаев 

тұрмысын  түзеп  алыпты.  Биыл  ол  төрт 

түлік  малдың  жем-шөбін  дайындауға  қос 

бірдей трактор сатып алған.



–  Биылғы  жылдың  мамыр  айында 

шаруа 

қожалығымызға 

 

МТЗ-82,1 

тракторын 3 млн. 750 мың теңгеге сатып 

алған  болатынмын.  Кейін  инновациялық 

лизингке  байланысты  ақшамның 50 

пайызын қайтарып, тағы да бір МТЗ-82,1 

трактор  сатып  алдым.  Қазіргі  таңда 

қос  тракторды  күнделікті  жұмыстарға 

пайдаланып,  нақты  нəтижесін  көріп 

отырмын.  Алдағы  уақытта  өзге  де 

техникалық  керек-жарақтарды  сатып 

алып,  жұмысымды  жандандырсам  деп 

отырмын, – дейді Ерік Елемесұлы.

Ерік 


Тоқаев 

сияқты 


Жанбөрі 

Сыздықов  та  мал  шаруашылығымен 

айналысады.  Алайда, «Убайділда-2001» 

шаруа  қожалығының  төрағасы    мал 

шаруашылығының  бір  ғана  саласымен 

шұғылданып  жатыр.  Нақтырақ  айтсақ,  ол 

ойсылқараның  күтіп  баптап,  оның  санын 

көбейтуге  əрекет  етуде.  Өзінің  айтуынша, 

бірыңғай түйе бағумен айналысудың тиімді 

жақтары өте көп. 



– Сарысу ауданы, оның ішінде Жайылма 

ауылы  түйе  бағуға  өте  жайлы  мекен. 

Өйткені,  қыста  қанша  қалың  қар  жатса 

да  түйеміз  қолдағы  шөпке  қарамайды. 

Əу, баста жұмысты екі-үш түйе бағудан 

бастаған  болатынмын.  Кейін  олардың 

саны  көбейгендіктен  бірыңғай  түйе 

шаруашылығымен айналысуға бел будым. 

Мал шаруашылығының білікті мамандары 

төрт  түліктің  бір  ғана  бағытымен 

айналысқан  тиімді  екенін  айтады.  Шын 

мəнісінде  түйеге  ерекше  ден  қойғаннан 

кейін  мал  сапасының  жоғарылағанына 

көзім 

жетті. 

Ал 

төрт 

түлікпен 

айналыссаң  төрт  жақты  болып,  істі 

аяғына  дейін  жеткізе  алмай  кетесің, – 

дейді Жанбөрі Убайділдаұлы.

Оның 

айтуынша, 



түйені 

арнайы 


будандастырудың  арқасында  5-6 литр 

сүт  алуға  мүмкіндік  туған.  Дəл  қазір 

аталған  шаруа  қожалығы 50-60 литр, 

ал  жаз  мезгілінде 100 литрге  жуық  сүт 

сауып  алатын  көрінеді.  Сол  шұбаттың 

бір  литрін  ол 300 теңгеге  сатады.  Қазіргі 

таңда  қарапайым  халықтың  арасында 

шұбатқа  сұраныс  өте  жоғары.  Жанбөрі 

Убайділдаұлы  осы  сұранысты  өтеп, 

шағын  цех  ашқысы  келеді.  Алайда,  оған 

қаржының  болмауы  қолбайлау  болып 

отыр. Ал, банктен несие алу қыл көпірден 

өткеннен бетер қиын. Əйтпесе, ол бірнеше 

рет  несие  алуға  талпынып  көрген  екен. 

Өкінішке  қарай,  ол  əрекетінен  нəтиже 

шықпаған. Əйтсе де, қолдау болса, шұбат 

өңдейтін шағын цех ашамын деп отыр. 

–  Шұбат  дайындайтын  цех  ашуда 

түрлі  мəселе  кездеседі.  Аудан  бойынша 

түйе  өсіретін 2-3 қана  шаруа  қожалығы 

жұмыс істейді. Ал, цех ашу үшін жүздеген 

литр  сүт  керек.  Алайда,  айналасы 

2-3  шаруа  қожалығынан  алған  сүтпен 

шаруаны  дөңгелетіп  əкету  мүмкін  емес. 

Оның үстіне қыс мезгілінде сүттің көлемі 

анағұрлым  азайып  кетеді.  Сондықтан, 

аудан  халқынан  шұбатты  қабылдауға 

болар  еді.  Алайда,  оның  сапасының 

қаншалықты  жақсы  болатынына  ешкім 

кепілдік  бермейді.  Кейбір  азаматтар 

пендешілік  жасап  сүтке  су  қосып  жіберуі 

əбден  мүмкін,  –  деп  сөзін  сабақтады  ШҚ 

төрағасы.

Кəсіпкер 

Алматы 


қаласындағы 

Ауыл  шаруашылық  институтына  барып, 

шұбаттың  сапасын  анықтайтын  аппарат 

алсам  деп  отыр.  Шаруа  қожалығының 

басшысы  сүт  қабылдаған  кезде  өнім 

өткізушілердің сапасына қарап ақша төлеу 

тиімді  екенін  айтады.  Шынында,  жұмыс 

бастамас  бұрын  шығаратын  өніміңнің 

сапалы  болғанына  ерекше  мəн  берген 

жөн.  Себебі,  сапалы  өнім  қандай  жағдай 

болмасын жерде қалмайды.

Серік ЖОЛДАСБАЙ.

ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ  БАТЫСЫНДА  ОРНАЛАСҚАН  САРЫСУ  АУДАНЫНЫҢ 

ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ ӨТЕ ҚЫЗЫҚ. НАҚТЫРАҚ АЙТСАҚ, КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ҚҰРЫЛҒАН 

АЛҒАШҚЫ  ЖЫЛДАРЫ    ҚАЗІРГІ  ҚАРАҒАНДЫ  ОБЛЫСЫ,  ЖАҢААРҚА 

АУДАНЫНДАҒЫ  САРЫСУ  ӨЗЕНІНІҢ  БОЙЫНАН 6000-ДАЙ  ШАҢЫРАҚ  ҮДЕРЕ 

КӨШІП,  ҚАРАТАУ  БОЙЫНА  ҚОНЫСТАНАДЫ.  КЕЙІН  ХАЛЫҚТЫҢ  ҰСЫНЫС-

ТАЛАПТАРЫН  ЖЕРГІЛІКТІ  БАСШЫЛЫҚ  ЕСКЕРІП,  ЖАҢАДАН  ҚҰРЫЛҒАЛЫ 

ЖАТҚАН АУДАННЫҢ АТАУЫН «САРЫСУ» ДЕП АТАУҒА КЕЛІСЕДІ. МІНЕ, ҚАЗІР 

СОЛ  САРЫСУ  АУДАНЫНДАҒЫ  МЫҢДАҒАН  ШАҢЫРАҚ    ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ 

ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА.

Ел мен жер

«Еңбек ерлері» аллеясы.

«Еңбек ерлері» аллеясы.

Аудандық əкімшілік ғимараты.

Аудандық əкімшілік ғимараты.

«Жеңіс» монументі.

«Жеңіс» монументі.

«Шынықсаң шымыр боласың».

«Шынықсаң шымыр боласың».

«Өз үйім – өлең төсегім».

«Өз үйім – өлең төсегім».

«Көксу» кен орны.

«Көксу» кен орны.



С

уре

ттерді

 түсірг

ен

 А

.Ах

ажанов

.

7

23 қазан,

№43 (471)

– 

Қанатбек 

Қайшыбекұлы, 

ел 

экономикасын  алға  сүйрейтін  саланың 

бірі- өнеркəсіп екені белгілі. Бұл тұрғыда 

Сарысу ауданында мақтанарлық өндіріс 

ошақтары  жетерлік.  Сондай  өндіріс 

орындарының  бірі – ауданға  үлкен 

көлемде  инвестиция  салып  отырған 

«ЕвроХим» 

компаниясы. 

Аталған 

компания  ауданға  табан  тірегелі  бері 

біраз  тірліктің  бойына  қан  жүгірген 

сыңайлы...

–  Расында,  өнеркəсіп  саласының  ел 

экономикасына  тигізіп  отырған  пайдасы 

орасан  зор.  Өнеркəсібі  дамыған  елдің 

болашағы  баянды,  халқының  қарны  тоқ 

болатыны əу бастан əмбеге аян емес пе? 

Ал,  ресейлік  «ЕвроХим»  компаниясының 

ауданымызға 

келіп, 

үлкен 


жұмысты 

бастауы  біз  үшін  үлкен  олжа.  Бұлай 

дейтін себебім, бүгінгі күнге дейін ауданға 

салынған  негізгі  инвестиция  көлемі 7,5 

млрд.  теңге  болатын  болса,  соның  басым 

бөлігі аталған компанияның еншісінде. Бұл  

компания ауданға келісімен,  аймағымызда 

игі бастамалар іске аса бастады. Дəл қазір 

400-ге жуық адам сол компанияға жұмысқа 

тартылды. Жаңатас қаласындағы пəтерлер 

осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  ғана  өтімсіз, 

ешкімге  қажетсіз  болып  тұрса,  бүгінде 

оларға деген сұраныс арта түскен. Мұның 

барлығы  жаңатастықтардың  əлеуетінің 

жоғарылағанын, халықтың қалада тұрақтап 

қалуға  ынтасының  артқанын  көрсетеді. 

Одан  бөлек,  қазіргі  уақытта  Жаңатас 

қаласының өзінде пəтер кезегіне тұрғандар 

саны 1200 адамнан  асса,  балабақша 

кезегіндегі  бүлдіршіндер  саны 600-ден 

асып  отыр.  Осындай  мысалдармен  үлкен 

компанияның ауданға келуі экономикалық-

əлеуметтік  жағдайды  өзгерткенін  көруге 

болады.  Шағын  кəсіпкерлікте  де  сеңнің 

қозғалғанын  аңғару  қиын  емес.  Мысалы, 

«ЕвроХим»-ның  көлік  қызметін  жүргізуге, 

жұмысшылардың 

арнайы 


киімдерін 

тігу  үшін,  сонымен  қатар,  сүт  өнімдерін 

өндіретін  шағын  цехтары  іске  қосылуда. 

Бұл  мақсатта  биылдың  өзінде  қала 

бойынша  жаңадан 33 шағын  кəсіпкерлік 

субъектілері тіркелді. Мұндай мысалдарды 

көптеп келтіре беруге болады. Сондықтан, 

аталған  компания  облыстың,  қала  берді 

ауданымыздың  жағдайының  жақсаруына 

барынша үлес қосады деп ойлаймын. 



– «Ел 

құлағы 

елу» 

демекші, 

«Жаңатасқа 

ресейлік 

«ЕвроХим» 

компаниясы  келеді»  дегеннен  халық 

арасында  «Жаңатас  жабық  қалаға 

айналады 

екен, 

тікелей 

Ресейге 

бағынады»  деген  əңгімелер  гулеп 

жүр.  Жуырда  Астана  қаласындағы 

Орталық  коммуникациялар  қызметінде 

облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаевпен 

болған  баспасөз  мəслихатында  да 

бұл  сұрақ  көтеріліп,  облыс  басшысы 

тиісті  жауабын    қайтарған  болатын. 

Дегенмен, осындай жел сөзге май құйып 

жүргендерге  тағы  бір  жауап  қайырып, 

нүктесін қойсаңыз...

–  Əрине,  ел  болған  соң  əңгіме 

айтылады,  аздап  түсінбеушілік  болып 

тұрады.  Дегенмен,  көзі  ашық,  көкірегі 

ояу  азаматтар  мұндай  өсек-аяңға,  жел 

сөздерге  ермейді  деп  білемін.  Əрине, 

компания  ресейлік  болған  соң  ел  ішінде 

осы  мазмұндас  əңгімелер  жылдам  тарап 

кетті.  Облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаевтың 

Жаңатас  қаласына  сапары  кезінде  де 

жергілікті  тұрғындар  тарапынан  мұндай 

сұрақ қойылған болатын. Кəрім Нəсбекұлы 

«Біз  тəуелсіз  мемлекет  болғандықтан, 

қандай  да  бір  елді  мекенді  басқа  елдің 

қарамағына  өткізу  деген  болмайды.  Ал, 

келген компания тек жұмысын істеп, өнімін 

өндірумен ғана айналысады», – деп нақты 

жауабын  берген  болатын.  Сондықтан 

мұндай  ақылға  қонбайтын  қауесетке 

сену – бекершілік.  Ал,  компанияның 25 

жылдық  жалға  алу  келісім-шарты  тек  кен 

орындарына,  зауытқа  қажетті  техникалық 

желілер  мен  жолдар  салуға  арналған  жер 

телімдеріне  ғана  жүреді.  Компанияның 

Жаңатас  қаласына  əлеуметтік  қолдау 

көрсеткенінен  басқа  қатысы  мүлдем  жоқ. 

Сондықтан,  бұл  əңгімені  қозғай  берудің 

қажеті  шамалы  деп  ойлаймын.  Тоқетері, 

Жаңатас ешқашан жабық қала болмайды. 

–  Ауыл  шаруашылығы  саласында 

мал 

басын 

көбейтіп, 

тұқымын 

асылдандыру  бойынша  мемлекетіміз 

түрлі  мемлекеттік  бағдарламаларды 

қолға  алып  жатыр.  Əсіресе, «Сыбаға» 

бағдарламасы  тірлігін  тіктеймін  деген 

шаруаларға  үлкен  мүмкіндік  беруде. 

Ауданда  асыраушы  салаға  берілетін 

мемлекеттік  көмектер  бойынша  қандай 

жұмыстар атқарылуда? 

–  Дұрыс  айтасыз,  қазір  шаруасын 

тіктеймін  деген  шаруаларға  мемлекет 

тарапынан  барлық  жағдай  жасалуда. 

Тек  ерінбей  еңбек  етіп,  тірліктің  жүйесін 

таба  білсең,  пайдаға  кенелу  бір  пəсте. 

Сондай  еңбектің  тəтті  дəмін  татып 

отырған шаруалар ауданымызда жетерлік. 

Мысалға, биылғы жылы аудан бойынша екі 

шаруа  қожалығы  «Сыбаға»  бағдарламасы 

аясында  өз  жұмысын  бастады.  Сол 

сияқты,  мал  тұқымдарын  əсіресе,  уақ 

малды асылдандыру бағытында мемлекет 

тарапынан  берілетін  субсидия  мен  ауыл 

шаруашылығына  арналған  техникаларды 

лизингке  алу,  оларды  инвестициялық 

субсидиялау ісіне де сарысулық шаруалар 

белсенді  қатысуда.  Алдыңғы  жылдары 

аталған лизингке алынған техникалар саны 

4-5 данадан аспаған болса, биыл олардың 

саны 10-15 данаға дейін жетті. 

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының 

өндірген 

өнімдерін 

субсидиялау 

да 


мемлекет  тарапынан  аудан  шаруаларына 

көрсетілген  үлкен  көмек  болуда.  Оған 

мысал, 2012 жылы ауыл шаруашылығына 

берілетін  субсидияның  көлемі  аудан 

бойынша 32 млн.  теңге  ғана  болса,  екі 

жылдың  ішінде  ол  сома 112 млн.  теңгеге 

дейін  өсті.  Яғни,  егіске,  мал  тұқымын 

асылдандыру  мен  техникаларға  берілетін 

көмек  көлемін 3 есеге  дейін  өсіруге  қол 

жеткіздік.  Бұл    жерде  баса  айтып  кетер 

мəселе  насихаттау  жұмыстары.  Ауданда 

осы  мақсатта  құрылған  арнайы  топтар, 

оның ішінде мемлекет тарапынан берілген  

көмекті  алған    шаруалар  ауыл-ауылды 

аралап,  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді. 

Нəтиже  міне,  көз  алдыңызда.  Мұнымен 

тоқтап қалуға да болмайды, əлі де халыққа 

мемлекет  тарапынан  берілетін  көмекті 

насихаттап, қолжетімді ете түсуіміз қажет.

–  Жуырда  мерзімді  басылымдарда 

ауданға  қарасты  Досбол  мен  Шығанақ 

ауылдарының  арасындағы  жолдың 

сын  көтермейтіні  туралы  жазылды. 

Шындығында, екі ауылдың арасындағы 

тас  жол  жүргіншілерге  біраз  қиындық 

тудыратын  секілді.  Бұл  мəселе 

төңірегінде  қандай  шаралар  жасалып 

жатыр?  Анығы,  ауыл  арасындағы  жол 

қашан жөнделеді? 

–  Жалпы,  ауданішілік,  ауыларалық 

жолдарды 

қоса 


есептегенде 880 

шақырымнан  астам  жолдарымыз  бар. 

Сіз  айтып  отырған  «Досбол-Шығанақ» 

бағытындағы  жолдың 55 шақырымы  құм 

ішімен  өткендіктен,  асфальт  төселмеген. 

Бұл  жолдар,  əрине,  орташа  жөндеуді 

қажет  етеді.  Осыны  негізге  алып,  облыс 

басшылығына  тиісті  ұсыныстарды  берген 

болатынбыз.  Бұйыртса,  аталған  жолдың 

мəселесі    алда  келе  жатқан  бюджеттік 

комиссияның  отырысында белгілі болады. 

Ал,  басқа  елді  мекендер  бойынша, 

Жайылма  ауылынан  облыс  шекарасына 

дейінгі  жол  былтыр  толық  жөндеуден 

өтсе,  Жаңатас-Қаратау-Күйік бағытындағы 

жол  бөлігі  тақтайдай  теп-тегіс.  Енді, 

Саудакент ауылы мен Жаңатас қаласының 

арасындағы 

«Итауыздың» 

маңын, 


«Саудакент-Ақкөл-Тараз» 

бағытындағы 

жолдың  ескірген  бөліктерін  жөндесек, 

жол  мəселесі  шешіліп  қалар.  Бұл  туралы 

арнайы  орындарға  ұсыныстар  беріліп 

қойды. 


– 

Елбасының 

қолдап, 

қуаттап 

отырған  «Моноқалаларды  дамыту» 

бағдарламасының  арқасында  Жаңатас 

пен  Қаратау  қалаларының  тамырына 

қан жүгірді. Бүгінде екі қала айтарлықтай 

өзгеріп,  сəні  мен  салтанаты  жарасып-

ақ  келеді.  Бірақ,  иесіз  қалған  үйлердің 

қаңқасы  көзге  оғаш  көрініп,  көңілді 

құлазытып 

жіберетіні 

бар. 

Осы 

жарамсыз 

үйлерді 

бұзып, 

орнын 

тегістеу жұмыстары  қалай жүруде? 

–  Əрине,  Жаңатас  қаласына  алғаш 

келген  адамдардың  санасында  осындай 

жағымсыз ойлардың болатыны анық. Бірақ, 

Елбасының  «Моноқалаларды  дамыту» 

бағдарламасының 

арқасында 

аудан 


орталығында көптеген жұмыстар жасалып 

жатыр. Қазір Құдайға шүкір, қала іші жарық, 

жасыл-желекпен абаттандырылып, көрінер 

көзге  күннен-күнге  құлпырып  келеді. 

Сондай-ақ,  республикалық  бюджеттен 

бөлінген  қаражаттың  есебінен  жарамсыз 

үйлерді  бұзып,  орнын  тегістеу  жұмыстары 

жүргізілу 

үстінде. 

Жалпы, 


Жаңатас 

бойынша 111 нысан  апатты  жағдайда  деп 

танылып, бұзылуға жіберу туралы арнайы 

шешім  қабылданған  болатын. 2013 жылы 

62  нысанның  орны  тазаланса,  биылға 

белгіленген 29 нысанда жұмыс істеп жатқан 

8  мердігер  компания  жұмыстарын  аяқтап 

қалды.  Қалған 20 нысан  келесі  жылдың 

жоспарында  тұр.  Бұйырса,  бұл  апатты 

үйлер  де  бұзылып,  орны  тегістелетін 

болады.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет