Көңілінде, халықтың жүрегінде



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ж.

Ж.ҮШКЕМПІРОВ

ҮШКЕМПІРОВ..

С.

С.ҚОНАҚБАЕВ

ҚОНАҚБАЕВ..

Е.ИБРАИМОВ.

Е.ИБРАИМОВ.

Б.ЖҰМАДІЛОВ.

Б.ЖҰМАДІЛОВ.

Б.АРТАЕВ.

Б.АРТАЕВ.

С.ҚОНАҚБАЕВ, Мəскеу Олимпиадасы.

С.ҚОНАҚБАЕВ, Мəскеу Олимпиадасы.

Е.ИБРАИМОВ, Сидней Олимпиадасы.

Е.ИБРАИМОВ, Сидней Олимпиадасы.

Кәсіпқой бокс

ЕКІ РАУНД, ЕКІ-АҚ СОҚҚЫ...

WBA жəне IBO 

тұжырымдары бойынша 

əлем чемпионы Генадий 

Головкин өзінің 31-ші 

кездесуін жеңіспен 

аяқтады. Бұл 

жолғы қарсыласы 

мексикалық Марко 

Антонио Рубионы 

жерлесіміз екінші 

раундта-ақ нокаутқа 

жіберді. 

Генадий  кəсіпқой  боксқа  ауысқалы  бері  

бірде-бір  жеңіліске  ұшырамаған.  Барлығы 31 

кездесу өткізсе, оның 28-де қарсыласын нокаутқа 

жіберген. 

Сондықтан, 

Генадийдің 

жеңіске 


жететіндігіне  еш  күмəнданбадық.  Ал  кездесу 

алдында «BoxingScene»  баспасына    берген 

сұхбатында  Рубио: «Мен өзімнің бірінші боксшы 

болатыныма  сенімдімін  жəне  сол  мақсатқа  жету 

үшін  еңбектеніп  жатырмын.  Менің  ойымша, 

Головкин – өте  жақсы  боксшы.  Біз  оның  жекпе-

жектерін көрдік. Бірақ, мен оған жақсы қарсылас 

атанып,  нокаутқа  жібере  алатыныма  сенімдімін» 

–  деп  аузымен  орақ  орған  мексикалық    боксшы 

өзіне  тым  сенімді  еді.  Ал,  əлем  сарапшылары  

болса  Генадий  7-ші раундқа дейін қарсыласын 

жеңе алмайды  десе, енді екіншілері  «Рубионың 

мықтылығын жоққа шығара алмаймыз,  сондықтан 

12  раундық  кездесу  көретін  боламыз»  деп  тон 

пішті.

  Алайда,  бəрі  басқаша  болды.  Алғашқы 



раундтан-ақ    жұлқына  шыққан  Рубио  Генаның 

жойқын 


соққыларының 

астында 


қалды.  

Жерлесіміз 

қарсыласын 

бұрыштан-бұрышқа 

қуып  жүріп,  ауыр  соққыларының  астына 

алды.  Головкиннің  соққыларына    тойтарыс 

бере  алмағаны    былай  тұрсын,  Марко    басын 

қорғаштауға  ғана  шамасы  жетті.  Ілініп-салынып 

бірінші  раундқа  əзер  шыдаған  Рубионың  бар 

қажыр-қайраты    екінші  раундтың 26 секундына 

дейін  ғана  жетті.  Басынан  ауыр  соққы  алған  ол 

кескен  теректей  сұлап  түсті.  Есін  əзер  жиған 

мексикалық  боксшы    жекпе-жекті  жалғастыруға 

ниет білдіргенімен, төрешілер кездесуді тоқтатты. 

Себебі,  маңдайдан  тиген  соққыдан    Марконың 

қолғабын көтеруге де мұршасы болмай тұрған еді.   

Осылайша WBA супер нұсқасы бойынша орта 

салмақтағы əлем чемпионы Гена өзінің əлемдегі 

теңдесі  жоқ  боксшы  екенін  тағы  бір  мəрте 

дəлелдеді. Енді жерлесіміз  Мигель Анхель Котто 

сынды даңқты боксшымен қолғап түйістіруге ниет 

білдіріп отыр.   

Əрине,  пуэрторикалық  боксшы  Котто  əлем 

чемпионы  ғана  емес,  бокс  тарихындағы  төрт 

салмақ  бойынша  белбеу  жеңіп  алған  даңқты 

боксшы.  Егер  Гена  мен  Коттоның    жекпе-жегі 

болатын  болса,  бұл  сөз  жоқ  ғасыр  айқасы 

болатыны  анық.  Алайда,  бұл  кезде  де  біздің 

батыр намысты қолдан бермейтініне сенімдіміз. 

й бокс


ынша

адий 

ші 

а

12

23 қазан,

№43 (471)

Жамбыл облыстық «АРАЙ» газетінің редакциясы ЖШС, ЖСК KZ51319Е010004665197, БСК ABKZKZKX, СТН 211500223161, КБЕ 17,  КНП 851, БСН 050740003533 «БТА банк» АҚ Жамбыл филиалы 

E-mail: aray2008@mail.ru

www.ar-ay.kz

МЕНШІК ИЕСІ 

 «Жамбыл облыстық «АРАЙ» 

газетінің редакциясы» 

жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі

Директор – 

Бас редактор

Гүлнұр ЕМБЕРДИЕВА



Газет 2012 жылғы 17 сəуірде Қазақстан 

Республикасы  Мəдениет жəне ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, мерзімді баспасөз 

басылымдарын жəне ақпарат агенттіктерін 

есепке алу туралы №12681-Г куəлігі берілген.

Дəулет ТӨЛЕНДІ – бас редактордың орынбасары

Шолпан БӨГЕНБАЕВА – жауапты хатшы

БӨЛІМДЕР:

Мəдениет жəне өнер – Хамит ЕСАМАН

Экономика жəне жастар саясаты – Серік ЖОЛДАСБАЙ

Ауыл шаруашылығы жəне əлеумет – Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Компьютер орталығы – Ғани СҮГІРƏЛИЕВ 

Фототілші  Алтынбек ҚАРТАБАЙ  

А – материалдың жариялану ақысы төленген

Газет аптасына бір рет шығады

Газет редакцияның компьютерлік 

орталығында теріліп, беттелді

Газет «Сенім» ЖШС баспаханасында 

басылды 


(Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22)

Газет индексі  – 66250



Тапсырыс  – №891

080012, Тараз қаласы, 

Ə.Əйтиев көшесінің 2-ші қиылысы, 7-а

Қабылдау бөлімі: 8 (7262) 43-69-00, 

43-69-04, Факс: 43-69-04

Тілшілер: 43-69-06

Бухгалтерия: 43-69-08 

Мекен-жайымыз:

Редакция 

телефондары:

Мақала авторы пікірінің редакция көзқарасын білдіруі міндетті емес

Жарнама мен хабарландырулардың мəтіні мен тіліне жарнама 

беруші жауапты

Газетте жарияланған материалдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп 

басуға болмайды

Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды 

жəне авторлар қолжазбасы өңделеді

Көлемі бес компьютерлік беттен асатын материалдар 

қабылданбайды

Кейбір суреттер интернет сайттарынан алынды

Таралымы 8140

Кезекші редакторлар:



Саятхан САТЫЛҒАНОВ, Мұратхан ƏЛІМХАН.

АҚШАМ

АҚШАМ

Гүлмира АҚҮРПЕКОВА, 

ҚР мəдениет қайраткері, əнші

Сырсарай


–  «Туған  жердің  түтіні  де  ыстық»  деп 

жатады. Елге атбасын жиі бұрасыз ба? 

–  Өнер  адамы  болғаннан  кейін  ауылға  жиі 

келе  бермейміз.  Дегенмен,  қолым  қалт  етсе, 

ауылға кеткім келіп тұрады. Кіндік қаным тамып, 

балалығым  өткен  Құланды  сағынамын  кейде. 

Өнеріммен    туған  жерімнің  атын  шығарып 

жүргенімнің өзі  үлкен қуаныш. 

–  Биыл  облысымызға 75 жыл  толып 

отыр. Сіз үшін туған жер несімен ерекше?

– «Ұядан  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

ілесің» – дейді.  Болашағыма  бағыт-бағдар 

беріп,  келешегіме  жарқын  жол  ашқан,  туған  

топырағым қашанда ыстық. Жерінің өзі бойыма 

ерекше бір күш беретіндей сезінемін.



–  Отбасыларыңызда  бір  ағаңыз  бапкер, 

інілеріңіз  актер.  Ақүрпековтерді  сан  салаға 

кім баулыды?

   – Əкем домбырада ойнайтын, ал анам əн 

айтатын.  Отбасында  он  ағайындымыз.  Аллаға 

шүкір,  бүгінде    сан  түрлі  салада  еңбектеніп 

жатырмыз.  Өнерде  жүрген  Кенен  інім  Ақтау 

қаласында,  Нұрмұхан  Жантөрин  атындағы 

драма  театрдың  актері,  сондай-ақ,  əкемнің 

інісінің  баласы  Мəлік  актер  болды,  əнге  сөз 

жазып, елдің алдында жүр. 

–  Сүйікті  əншілері  экраннан  көрінбей 

кетсе,  тыңдаушылары  іздей  бастайды.  

Сахна төрінен неге сирек көрініп жүрсіз?

– Осы сұрақты соңғы кезде жиі естіп жүрмін. 

Өнер  жолы  ауыр  жол.  Шығармашылығымды 

шыңдап,  жаңа  əндер  жаздырту  үшін    уақыт 

керек.  Менің  көрінбеуімнің  себебі – 

шығармашылық демалыс алуымда болса керек. 

Ол  демалыс  алға  ұмтылып,  күш-қуат  жинау 

үшін  керек.  Адам  биік  бір  таудан  екінші  тауға 

шығу  үшін  жерге  түседі.  Жəне  оның  арасында 

демалып,  қайта  жоғары  өрлейді.  Жас  кезімде 

қайда  шақырса  да  барып  əн  айта  беретінмін. 

Сол арқылы халыққа көрініп, танымал болдым. 

Қазір  шақырған  жерге    таңдап  барамын.  Жол 

жастардікі ғой.



– Қазіргі эстраданың артықшылығы мен 

кемшілігі туралы не айтар едіңіз?

– Қай кезде болмасын салыстырмалы түрде 

қараған  дұрыс.  Бүгінде  жастар  арасында  шын 

əншілер аз. Өнер деп туып, талантымен талайды 

тамсандырған аға буынның ізбасарлары  сиреп 

барады.  Барлығы  қаражатқа  келіп  тірелетіні 

де рас. Болашағынан үміт күттіретін, талантты 

кейбір  дарынға    үлкен  сахнаға  шығу  үшін 

қаражаттың  жетіспей  жатқаны  өтірік  емес. 

Таланттар талантсыздардың артында көрінбей 

қалып қойды. Ал, талантсыздар ақшаға сүйеніп 

алып,  жансыз  дауыста  əндерді  орындап 

сахнаны  бермей  жүр.  Сонымен  қатар,  бүгінде 

түрлі  шоу  жасайтын,  теледидарды  бермейтін 

жұлдыздар  халықты  жалықтырып  алды  деп 

ойлаймын. 



–  Қазақ  қыз-келіншектерінің  бойындағы 

қандай  қасиеттер  əлі  өз  күшінде  немесе 

қандай қасиеттері жоғалды?

–  Өнер  адамдары  көпшілік  алдында 

жүргеннен  кейін,  халықтың  айнасы.  Олар 

тек  əн  айтып  қана  қоймай  өздерінің  сырт 

келбетіне,  жүріс-тұрысына  мəн  беруі  керек. 

Жастар еліктегіш келеді. Ал, енді олар кімдерге 

еліктейді?  Əрине,  күнде  көріп  жүрген  өнер 

адамдарына.  Сол  себепті  əрбір  өнер  адамы 

өзіне  сыншы  болуы  керек.  Бүгінде  батысқа 

еліктеп,  жартылай  жалаңаш  сахнаға  шығып, 

қазақ  қызына  жат  қылықтар  жасап  жүрген 

қыз-келіншектерді  көргенімде  өзім  ұялып 

кетемін.  Олардың  бойларынан  инабаттылық 

пен ізеттілікті, мейірімділік пен нəзіктікті көргің 

келеді.  Ал,  кешегі  арулардың  жолын  қуып, 

аналарымызды ардақтаған Роза Əлқожа сынды 

қазақтың қыздарын біздер аз көреміз.

– Қазақтың дəстүрлі əн өнері төңірегіндегі 

пікіріңіз  қандай?  Дəстүрлі  орындаушылар 

қазір лайықты бағаланып жатыр ма?

– 

Бүгінде 



концерттерде, 

шоу 


бағдарламаларда,  жалпы  қайда  барсаң  да 

дəстүрлі əншілер екінші орында қалып жатады. 

Өйткені,  халықтың  əндерін  шынайы,  жанды 

дауыста айтатын əншілер лайық бағасын алып 

жүрген  жоқ.  Батысқа  еліктеудің  арқасында 

өскелең  ұрпақ,  жастарымыз  халық  əндерін 

ұмытып қала ма деп қорқамын. 

–  Сіз  үшін  атақты  болудың  маңызы 

қандай?  Жалпы,  өнер  адамына  ресми  атақ 

қажет пе?

–  Осы  уақытқа  дейін  ресми  атақтың  қажеті 

жоқ  деп  ойлайтынмын,  бірақ  қателесіппін. 

Дегенмен    оны  тілеп,  сұрап  алудың  қажеті 

жоқ.  Халықтың  жүрегінде  тұрсаң,  ықыласына 

бөленсең, ол кез-келген атақтан да жоғары.

  –  Бір  кездері  сахнаға  үш  бірдей  қазақ 

қыздары  Гүлмира  Ақүрпекова,  Гауһар 

Əлімбекова,  Баян Нұрмышева гитара ұстап

концерт  беріп  еді.  Бұл  жоба  неге  аяқсыз 

қалды?

–  Бұл  Нұрлан  Албанның  идеясы,  арнайы 

жобасы  болатын.  Қазақ  қыздарының  арасынан 

сахнаға  гитараны  алып  шыққан  жандарды 

жинады. Ақбота Керімбекова да қосылуы керек 

еді, бірақ Гауһар Əлімбекова, Баян Нұрмышева 

үшеуміз  ғана  шықтық.  Халықтың  көңілінен 

шықты,  көптеген  елді  мекендер  арнайы 

шақыртумен  шақырып  та  жатты.  Нұрланның 

басқа  да  жобаларға  қатысуына  байланысты 

бұл  тоқтап  қалды.  Бүгінде  əрқайсымыз  əр 

жақта  жүрміз.  Ал,  жалпы  гитараға  келер 

болсақ,  Өскемен  қаласында  жылда  гитарамен 

əн  айтатын  дəстүрге  айналған  фестиваль  бар. 

Осымен  екінші  рет  өткен  фестивальде  барлық 

гитарашылар жиналып, жанды дауыста концерт 

бердік. 

–  Əйел  адамның  өмірге  келгендегі 

алғашқы  парызы  ана  болу.  Сіз  қандай 

анасыз?

–  Менің  жалғыз  Фариза  атты  қызым  бар. 

Қазіргі  таңда  ол  Петр  Чайковский  атындағы 

Алматы музыкалық колледжінің ІІІ курс студенті. 

Өнер  жолын  қума  деп  айта  алмадым,  өзінің 

таңдауы,  жүрегінің  қалауы  осы  музыка  саласы 

болды.  Білім  алып,  алға  қойған  мақсаттарына 

жетсе  екен  деп  ойлағаныммен,  ең  бастысы

қызымның өз уақытында тұрмыс құрып, бақытын 

тапса екен деп тілеймін.



–  Өзіңізге  ұнамайтын  бойыңыздағы 

қасиетіңіз бар ма?

– Жас кезімде ұнамайтын қасиеттер болды 

ғой. Көп уайымға беріліп, орынсыз алаңдап, көп 

ойланып, бір шешімге келе алмайтынмын. Қазір 

ол  мінез  мүлдем  қалды.  Қытайдың  бір  нақыл 

сөзі бар «Алға жүрмеген адам артқа жүреді» – 

деген. Сондықтан тек алға деп өмір сүремін.

– Тəуекелге жиі барасыз ба?

–  Тəуекелдің  кемесі  суға  батпайды. 

Кез 

келген 


бастамадан, 

жаңашылдықтан 

қорықпаймын. 

–  Эстрадада  жүрген  жас  қыздардың 

тағдырына алаңдайсыз ба?

–  Қазіргі  кезде  өнер  мен  отбасын  қатар 

алып  жүрген  қыз-келіншектерді  көргенімде 

қызыға  қараймын.  Бүгінгінің  жігіттері  жарының 

таңдауына  түсіністікпен  қарап,  көзқарастарын 

оң  жаққа  өзгерткені  қуантады.  Біздің  кезімізде 

ондай болған жоқ. Өнер  айдынында қанаттарын 

кең қағып жатқан жастарға тек табыс тілеймін.



– Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан 

Арайлым ШАБДЕНОВА.

«БАТЫСТЫҢ ДАҢҒАЗАСЫ 

«БАТЫСТЫҢ ДАҢҒАЗАСЫ 

ДƏСТҮРЛІ ӨНЕРДІ ЖҰТЫП 

ДƏСТҮРЛІ ӨНЕРДІ ЖҰТЫП 

ҚОЮЫ МҮМКІН»

ҚОЮЫ МҮМКІН»

«Мисс Тараз – 2014» 



ТАРАЗ СҰЛУЛАРЫ САЙЫСҚА ТҮСПЕК

ҚАСИЕТТІ ЖЕР-АНАНЫҢ БАУЫРЫНАН ӨРГЕН ҒАЖАЙЫПТАРДЫҢ БІРІ – ТАРАЗ ШАҺАРЫ. 

ҚАРА  ЖЕРДІҢ  ҚОЙНАУЫНА  ЖАСЫРЫНҒАН  ҚҰПИЯСЫ  ҚАНШАМА.  ЖЕР  БЕТІНДЕ  ƏЛЕМНІҢ 

ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҺАРЛАРЫ САНАЛҒАН АФИНЫ, РИМ, ПАРИЖ СИЯҚТЫ ҚАЛАЛАР ДА БІР КҮНДЕ 

САЛЫНҒАН  ЖОҚ.  БҰЛАР  ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ  ҒАЛАМҒА  ТАРТУ  СЫЙЫ  ІСПЕТТІ.  СОЛ  СИЯҚТЫ 

ТАРАЗ  ШАҺАРЫ  ДА  ТАЛАЙДЫҢ  ЖАНЫН  ЕЛЖІРЕТІП,  ҮМІТІН  ЖЕЛБІРЕТТІ.  ƏР  УАҚЫТТА 

ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДА БОЛДЫ. ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ЖАСАРЫП, ЖАЙНАП КЕЛЕДІ. 

ТАРАЗДЫҢ ƏР ЖЫЛДАРДАҒЫ СИПАТЫ ТАРИХТЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА. ТАРИХТЫҢ ӨЗІ ЕСКІНІҢ 

СОҢЫ, ЖАҢАНЫҢ БАСЫ.

Фотошежіре

Қырмызы  гүлдей  құлпырған,  көркіне  ақылы 

сай  аруды  анықтауды  мақсат  еткен «MISS 

KAZAKHSTAN-2014» 

сұлулық 


байқауының 

өкілдері  «Баласағұн»  орталық  концерт  залында 

«Мисс Тараз – 2014» сұлулық байқауына аймақтық 

іріктеу  өткізді.  Қыз  сынында 17 ару  таңдалып 

алынды.  Алайда,  ендігі  жерде  үміткерлердің 

ішінен байқауға  небəрі 15 ару ғана қатысады. 

Байқауға  бойының  ұзындығы 1,68 метрден 

жоғары жəне жасы 16-ға толған қыздар қатысты.  

«ORVA FASHION AGENCY» сəн  агенттігінің 

директоры  Аяна    Нұржанованың  айтуынша, 

үміткер  арулардың  басым  бөлігі 16 жасқа 

толмағандар екен. 



–  Қазақ  қызына  тəн  инабаттылық  пен 

нəзіктікті,  мейірімділік  пен  сымбаттылықты 

тал  бойына  жинаған  арулардың  арасынан 

үздігін  таңдау  қиын  болды.  Бұл  іріктеуді 

алдын 

ала 

баннерлерге, 

жадынамаларға 

жазып 

жарнамалағанбыз. 

Сондай-ақ, «В 

контакте»  əлеуметтік  желісі  бойынша  онлайн 

хабарландырулар  арқылы  жүргізілді.  Бүгінгі 

келген  арулардың  барлығын  қатыстырғың-

ақ  келеді,  дегенмен  байқаудың  өз  шарттары, 

қойылатын  талаптары  бар, – дейді  Аяна 

Нұржанова. 

  Іріктеуге  келген  барлық  қыздар  ару  атағына 

лайық. Бірінің бағы, бірінің бабы шабатын байқауға 

Бақыткүл  Салходжай  сонау  Түркістан  жерінен  

келгенін  айтады.  Жасы  он  алтыға  енді  толған 

бойжеткеннің  байқауға  қатысу  үшін  тұрғылықты 

мекен-жайын  Тараз  қаласына  ауыстыруға  дайын 

екендігін айтып өтті. 

–  Шымкент  қаласында  өткен  сұлулық 

байқауына  үлгермей  қалдым.  Əлеуметтік    желі 

арқылы  сайысқа  қатыса  алатындығымды 

естігенде  қуанышымда  шек  болмады.  Бүгін 

іріктеуден өттім. Дегенмен, бұл тек бастамасы 

ғана.  Байқауға  дейін  көптеген  жұмыс  жасап, 

дайындалуым  керек.  Ең  бастысы – алға  қойған 

мақсатыма жету. Ол үшін, тіпті, тұрғылықты 

мекен-жайымды  осында ауыстыруға дайынмын. 

«Мисс Тараз» байқауында үздіктердің қатарынан 

көрінетіндігіме сенімдімін, – дейді Бақыткүл.

Сонымен  қатар,  іріктелген 17 қыз «MISS 

KAZAKHSTAN»   сайтына  тіркеледі  жəне  еліміз 

бойынша  онлайн  дауыс  беру    арқылы 5 қыз 

тікелей  сұлулық  байқауына  жолдама  алады. 

Аймақтық іріктеуге «MISS KAZAKHSTAN»  сұлулық 

байқауының директоры Қарлығаш Темірбаева да 

төрелік  етті.  Ұйымдастырушылардың  айтуынша, 

байқау  қараша  айының  басына  жоспарлануда. 

Ал, «Мисс  Тараз»  байқауында  үздіктердің 

қатарында көрініп, жүлде алған бойжеткен «MISS 

KAZAKHSTAN-2014»  сұлулық  байқауына  тікелей 

жолдама алып, облыстың намысын қорғайды. 

Алена 

РИВЛИНА, «Мисс 

Қазақстан» 

байқауының президенті:

– «Мисс  Қазақстан – 2014» финалында  он 

жеті  жыл  бойы  еліміздің  лайықты  өкілдерін 

таңдау  қазыларға  ғана  байланысты  болатын. 

Бүгінгі  таңда  жеңімпаздың  тағдыры  халықтың 

қолында  болмақ.  Байқаудың  финалында  біз 

тікелей  эфирден  онлайн  жəне SMS дауыс  беру 

үшін желі ашамыз. Соңғы сөз халықтың еншісінде 

болады.  Жеңімпазды – «Мисс  Қазақстан»  тəжі 

жəне  ақшалай 1 миллион  теңге  көлеміндегі 

ақшалай сыйлық күтіп тұр. 

Өткен  жылдары  байқаудың  таза,  ашық 

өтпейтіндігі 

жайлы 


біраз 

сөзге 


қалған 

ұйымдастырушылар  «биыл  барлығы  халықтың 

көз  алдында  ашық,  ешбір  шусыз  өтетініне  кəміл 

сенеміз» – дейді.



Арайлым БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ.

КЕШЕ мен БҮГІН

Абай атындағы драма театр. 1960 жыл. 

Абай атындағы драма театр. 1960 жыл. 

Облыстық қазақ драма театры. 2014 жыл.

Облыстық қазақ драма театры. 2014 жыл.

Орталық алаңның  сызбасын сызу. 1955 жыл.

Орталық алаңның  сызбасын сызу. 1955 жыл.

Орталық «Достық» алаңы. 2014 жыл. 

Орталық «Достық» алаңы. 2014 жыл. 

Привокзал алаңы. 1960 жыл. 

Привокзал алаңы. 1960 жыл. 

Теміржол вокзалы. 2014 жыл.

Теміржол вокзалы. 2014 жыл.

ҚАЗАҚ  ҚЫЗЫНЫҢ  СЫР-СЫМБАТЫН,  КЕРБЕЗ  ҚЫЛЫҒЫН,  ІЗЕТТІЛІГІ  МЕН 

СЫПАЙЫЛЫҒЫН ҚАЛАМЫНА АРҚАУ ЕТПЕГЕН ЖАЗУШЫ, ЖЫРЛАМАҒАН АҚЫН КЕМДЕ-

КЕМ.  КЕШЕГІ  ЖІБЕК,  БАЯН  МЕН  ЕҢЛІКТЕРДІҢ  ІЗБАСАРЛАРЫ  ҚАШАНДА  ТƏКАППАР, 

БИІК. ҚАЗАҚТЫҢ КЕРБЕЗ ҚЫЗДАРЫ ЕРКЕ ҚЫЛЫҒЫМЕН, АҚЫЛ-ПАРАСАТЫМЕН ЕРЕК. 

ҚАЙ  ЗАМАНДА  БОЛМАСЫН  ХАЛҚЫМЫЗ  ҚЫЗ  БАЛА  ТƏРБИЕСІНЕ  ҮЛКЕН  МƏН  БЕРІП, 

ЕРЕКШЕ ҚАРАҒАНДЫҒЫНАН ШЫҒАР, «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» ДЕГЕН АТ БƏРІНЕН ЖОҒАРЫ. 

Қаланың жалпы көрінісі. 2014 жыл. 

Қаланың жалпы көрінісі. 2014 жыл. 

Қалалық Телефон-телеграфтық 

Қалалық Телефон-телеграфтық 

станциясының ғимараты.

станциясының ғимараты.

«Казкоммерцбанк» ғимараты. 2014 жыл.

«Казкоммерцбанк» ғимараты. 2014 жыл.

С

ур



ет

те

р 



м

ұр

аж



ай

д

ан



 а

л

ы



нғ

ан

Су



ре

тт

ер



 мұражайдан

 алынған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет