Көңілінде, халықтың жүрегінде



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мақұлбек РЫСДƏУЛЕТ, 

Қазақстанның құрметті журналисі.

ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 

75 ЖЫЛ ТОЛУЫ ТУРАЛЫ СӨЗ 

ҚОЗҒАҒАНДА ХИМИЯ ӨНДІРІСІ 

ТУРАЛЫ   ЕРЕКШЕ АЙТПАСҚА 

БОЛМАЙДЫ. СЕБЕБІ, ЖАМБЫЛ 

ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ТІКЕЛЕЙ 

ХИМИЯ ӨНДІРІСІН ӨҢІРДЕ 

ДАМЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. 

ХИМИЯ ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУЫ БҮКІЛ  

АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ 

КӨТЕРІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАДЫ.  

ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ АЛПЫСЫНШЫ 

ЖЫЛДАРЫ  ХИМИЯНЫ ДАМЫТУ 

КОММУНИЗМДІ ЖАҚЫНДАТАТЫНЫН 

БИЛІК БАР ДАУСЫМЕН АЙТТЫ. 

СОНДЫҚТАН ДА ЖАҢА ХИМИЯ КЕН 

ОРЫНДАРЫ ИГЕРІЛІП, ҚАЛАЛАР БОЙ 

КӨТЕРДІ. ЖАМБЫЛДЫҢ ӨРКЕНДЕП 

ӨСУІНЕ, ҚАРАТАУ МЕН ЖАҢАТАС 

ҚАЛАСЫНЫҢ БОЙ КӨТЕРУІ  ҚАРАТАУ 

ЖОТАЛАРЫНДАҒЫ ХИМИЯ КЕН 

ОРЫНДАРЫН ИГЕРУМЕН ТІКЕЛЕЙ 

БАЙЛАНЫСТЫ. ЖАҒДАЙ ҚАНША АУЫР 

БОЛҒАНЫМЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

ЖЫЛДАРЫНДА-АҚ ҚОРЫ ЖАҒЫНАН 

ƏЛЕМДІ ТАМСАНДЫРҒАН ЖАМБЫЛ 

ЖЕРІНДЕ ХИМИЯ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ 

ҚОЛҒА АЛЫНДЫ.

Еліміздің оңтүстігіндегі əкімшілік-аумақтық бөлініс болып саналатын Жамбыл облысының 

көп бөлігі жазық. Шу өзені аңғарынан солтүстікке қарай Сарыарқаға дейінгі кең өңірді сазды, 

ұсақ шоқылы Бетпақдала шөлі, Шу – Талас өзені аралығын төбешікті-қырқалы құмды Мойынқұм 

шөлі  алып  жатыр.  Облыстың  оңтүстік-батысында  сұлап  жатқан  бүкіс  белді  Қаратау  жотасы, 

оңтүстігінде  Қырғыз  Алатауы,  оңтүстік-шығысындағы  Желтау,  Айтау  таулары  Іле  Алатауына 

ұласып  кетеді.  Дүние  жаратылып,  көк  шығып,  бұлақ  аққалы  бұл  өңірде  талай  тарихи  оқиға 

орын  алды,  талай  қасиетті  тұлғалар  ат  жалында  өтті.  Уақыт  өтіп,  замана  жаңарған  сайын 

облыстың  аумағы  да  түрленіп,  өзгеше  сипат  алды.  Алып  ақынның  атын  иемденген  жалғыз 

облыс санатындағы Əулиеата өңірінің бай тарихы, көркем келбеті, өзіндік жолы қалыптасты.

ТУҒАН ТОПЫРАҚПЕН ТЕЛ ӨСКЕН ТҰЛҒАЛАР

ТУҒАН ТОПЫРАҚПЕН ТЕЛ ӨСКЕН ТҰЛҒАЛАР

1939  жылы 14 қараша  күні  ұлы  қазақ 

даласында  аса  ірі  оқиға  орын  алды.  Əулиеата 

уезі  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  құрамынан 

бөлініп,  өз  алдына  дербес  облыс  мəртебесін 

иеленді.  Осы  күнге  дейін  талай  тарланбоз 

топырағына  аунап  өскен  Жамбыл  өңірінің 

беткеұстар  азаматтары  бұдан  кейін  де 

жарқырап  шықты.  Халықтың  алдында  жүріп, 

елдің  сөзін  сөйледі.  Аттың  жалында  жүріп, 

елдік  мəселелерді  көтерді.  Облыстан  шығып, 

атағы  əлемді  шарлап  кеткен  тұлғалар  бар  да, 

облыспен қатар туып, тел өскен толағайларымыз 

да баршылық. Облыстың өркендеуі, болашаққа 

қадам  басып,  белгілі  бір  жетістікке  жетуі 

олардың  əлі  күнге  дейін  көз  алдында.  Сол 

1939  жылы  талай  қазақ  аналары  дүниеге  ұл 

əкеліп, ұлт ұрпағын еселеді. Қазақ тарихындағы 

қанды  қаріппен  жазылатын  ашаршылық,  қызыл 

қырғыннан  кейін    заман  түзелмей  тұрғанда 

да  əрбір  қазақтың  шаңырағында  рухы  биік, 

парасаты мол қазақ балалары өсіп жатты. Олар 

болашақта  халықтың  қалаулы  тұлғаларына 

айналарын білген жоқ. Тек қана адамшылықтың 

ақ  жолы,  кісіліктің  киесі  оларды  ұшпаққа  алып 

шықты.  Кейін  өмір  ағымымен  əрқайсысы  əр 

тарапқа кетіп, туған өлке тарихында шешуші рөл 

атқаратын санаулы ғана ұрпақ қалды. Олардың 

үлкен  арманы  халыққа  қызмет  етіп,  облыстың 

дамуына өзіндік үлесін қосу еді. Сол топырақпен 

тел  өксен  толағайлардың  барлығы  да  бүгінде 

мерейлі  жетпіс  бес  жасын  тойлап  отырған  ел 

ағалары...

Өмірбек 


Байгелді 

облыстық 

ауыл 

шаруашылығы  басқармасы  бастығының  бірінші 



орынбасарлығынан  бастап,  облыс  əкіміне 

дейінгі мектептен өткен үлкен қоғам қайраткері. 

Біраз жыл облыс əкімі ретінде туған елде қызмет  

жасап,   халықтың  əлеуметтік-экономикалық 

дамуына өзіндік үлесін қосты. Жамбыл жерінде 

ауыл шаруашылығын дамытуды қолға алып, өз 

қолтаңбасын қалдырды. Өмірбек Байгелді Сенат 

депутаты, Сенат Төрағасы, Президент кеңесшісі 

қызметінде де абырой биігінен көрініп, халықтың 

қалаулы тұлғаларының қатарынан орын алды. 

Одан кейінгі бір белес Жандар Кəрібайұлы. 

Қарапайым  қазақ  отбасында  дүниеге  келген 

Жандар  Кəрібайұлы  алғашқы  еңбек  жолын 

Аса  ауылындағы  Б.Момышұлы  атындағы  орта 

мектепте  неміс  тілі  пəнінің  мұғалімі  қызметінен 

бастады.  Одан  кейін  Жамбыл  аудандық 

«Шұғыла-Радуга»  газетінде  əдеби  қызметкер, 

бөлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшы,  бас 

редактордың орынбасары, кейін бас редакторы 

болды.  Табанды  тілші,  еңбекқор  журналист 

кейіннен  тəжірибесі  толысып,  еңбегі  еленген 

шақта  облыстық  партия  комитетінің  идеология, 

кейіннен  ұйымдастыру  жəне  кадрлармен 

жұмыс  бөлімін  басқарды.  Облыстық  мəдениет 

басқармасының  басшысы  да  болды.  Жандар 

Кəрібайұлы  Сенат  депутаты  ретінде  де  ұлттық, 

елдік мəселелерді жиі көтеріп, топырақтың тегін 

танытты. 

Ал,  қазақ  балалар  əдебиетінде  Əлдихан 

Қалдыбаевтың  алатын  орны  ерекше.  Жазушы 

облыстың  рухани  өркендеуіне  өзіндік  үлесін 

қосты.  Облыстық  телевизия  жəне  радио 

хабарларын 

тарату 


жөніндегі 

комитетте 

редактор,  облыстық  «Еңбек  туы»  газетінде 

əдеби  қызметкер,  облыстық  партия  комитетінің 

нұсқаушысы  болып  қызмет  атқарды.  Кейіннен 

облыстық  «Ақ  жол»  газетінің  бас  редакторы 

болып  облыс  журналистикасының  дамуына 

əсер  етті.  Жазушы  ретінде  əр  жылдары  «Көк 

дөңгелек», «Қос тентек», «Су тасушы Əшірбек», 

«Мен – апамның  баласымын»  атты  əдеби 

шығармалар жинағы шықты. Ал, облыспен қатар 

дүниеге  келген  сондай  тағылымды  тұлғаның 

тағы  бірі  Сейітхан  Жошыбаев.  Медицина 

ғылымдарының докторы, атақты ғалым. Мəскеу 

қаласындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы 

ғылыми-зерттеу  институтының  аспирантурасын 

бітірген  білікті  маман  əр  жылдары  денсаулық 

сақтау саласында жемісті қызмет атқарды. Бүгінгі 

таңда  Тараз  қаласындағы  «Кардиохирургия 

орталығы» ЖШС-нің директоры болып отыр. 

Облыспен  қатар  туып,  қатар  өркен 

жайған  осындай  тұлғалар  облыстың  əр 

саласының  өркендеуіне  өзіндік  үлес  қосты. 

Осыдан  жетпіс  бес  жыл  бұрын  дүниеге  келіп, 

облыс  мерейімен  бірге  жасап  келеді.  Туған 

топырақтың  тектілігі,  ұлттың  болмысы  мен 

мінезі осындай азаматтардың жүрегінде жатыр. 

Сондықтан, Жамбыл өңірінің əрдайым жұлдызы 

жоғары  болады.  Тарихи  топырақ  өзі  түлеткен 

тұлғаларымен мəңгі мақтанады. Топырақпен тел 

өскен толағайлардың тұғыры қашанда биік. 

    Хамит ЕСАМАН.

ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕГЕН ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК

1-бетте


Отансүйгіштік  пен  қазақы  қайсарлықтың  үлгісі 

болған Құралай ару кесенесінің осынау мүшкіл халін 

байқаған  мойынқұмдықтардың  ойына  оны  қалпына 

келтіру  келгенімен,  қолдың  қысқалығы  мүмкіндік 

бермей жүрген еді. Осынау сауапты істің реті биыл 

келді.  Осы  өңірдің  тумасы,  Тараз  инновациялық-

гуманитарлық  университетінің  ректоры,  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Ерболат 

Саурықовтың қолдауымен Құралай сұлудың кесенесі 

қайта  бой  көтерді.  Жаңартылған  кесененің  биіктігі 

9,5  метрді  құрайды. «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу» 

кесенесі іспеттес етіліп, қабырғасы табиғи тастардан 

қаланған кесененің жаңа келбетін жасауға Қазақстан 

Суретшілер  одағының  мүшесі,  суретші-мүсінші 

Айдархан Сихаев үлкен үлесін қосқан.

Өткен аптада қайта жаңғырған тарихи кесененің 

ашылуы  салтанатты  түрде  өтті.  Оған  облыс  əкімі 

Кəрім Көкірекбаев арнайы келді.

Өз  сөзінде  облыс  басшысы  бұзылып  кеткен 

кесененің қайта бой көтеруі тарихи маңызы зор сəт 

екенін айтып өтті.

– 

Жамбыл  облысында 2000-ға  жуық 

тарихи-мəдени ескерткіш бар. Оның бесеуі жуырда 

ғана  ЮНЕСКО-ның  қорғауына  ілінді.  Олардың 

қайсысы  болса  да  қазақтың  тарихында  алар 

орны ерек. Құралай сұлу кесенесі де бұл қатардан 

тыс  қалмасы  анық.  Елін,  жерін,  тарихын  сыйлап, 

көрегендік  танытқан  Ерболат  Саурықовтың 

бұзылып  бара  жатқан  тарихи  ескерткішті  қайта 

көтергені үлкен азаматтық. Өмірден өткеніне екі 

жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де өжеттіктің 

мəңгі  символындай  болып  қалған  Құралай  сұлу 

кесенесі  бүгін  халықпен  қайта  қауышты,  –  деді 

облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы биыл ЮНЕСКО-

ның  қорғауындағы  мəдени  мұралар  тізіміне  енген 

сегіз  ескерткіштің  бесеуі  біздің  өңірден  екендігін 

айтып, облыс орталығындағы бұрынғы көк базардың 

орнында  жүріп  жатқан  қазба  жұмыстарының  аяқ 

алысы туралы да баяндап өтті.

Ал,  өз  кезегінде  Ерболат  Байұзақұлы  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Тарихқа  деген  құрмет – 

болашаққа салынған жол»,– деп өткенді құрметтеуге 

шақырғанын айтып өтті.



– 

Өзім осы Мойынқұм ауданының тумасы 

болғандықтан,  балалық  шағым  осы  жерде  өтті. 

Құралай  сұлу  кесенесінің  мүшкіл  халін  көзіммен 

көріп  өстім.  Оны  қалпына  келтіру  идеясы 

ойымда  жүргенімен,  оған  бел  шеше  кірісуге  əр 

түрлі  себептер  мен  мүмкіндік  болмады.  Оның 

сəті  биылғы  жылға  келіп  түсіп  отыр.  Мойынқұм 

ауданының  əкімі  Болат  Мəдікеновпен  ақылдасып, 

құрылысты бастап кеткен едік. 

Қазақ  жерінде  атадан  қалған,  тарихи  мəні 

зор  ескерткіштер  жетіп  артылады.  Əрқайсының 

жағдайы  əр  түрлі.  Көпшілігі  мемлекеттің 

қамқорлығында.  Алдағы  уақытта  Құралай  сұлу 

кесенесі де солардың қатарына енеді деген үмітіміз 

бар. Өйткені, 250 жылдан астам тарихы бар кесене 

жоңғар-қалмақ  шапқыншылықтары  кезіндегі  қазақ 

қыздарының көрсеткен қайсарлығының белгісіндей. 

Сол себепті де, ескерткіштің тек аудан үшін ғана 

емес, облыс үшін алатын орны жоғары. Сондай-ақ, 

жастардың  тарихты  құрметтеп,  қадірлеп  жүруі 

үшін де аса маңызды. 

Атадан  қалған  дəстүр  мен  құндылықтарды 

сақтау – бүгінгі  ұрпақтың  басты  міндеті  болмақ. 

Осы  істе  ешкімнің  де  қалыс  қалмай,  біріге  жұмыс 

істейміз деген ойым бар,– деді Ерболат Байұзақұлы.

Аудан  ақсақалдарының  атынан  сөйлеген 

Жапар  Сатылғанов  Келден  батыр  мен  Құралай 

сұлуға  жыр  шумақтарын  арнады. 1997-1998 

жылдары  бұл  жерге  арнайы  барып,  кесенені 

көргенін,  сол  кезде  құламаған  бір  босағасы 

ғана  қалғанын  айтты.  Бүгінгі  ұрпақтың  тарихты 

жаңғыртып, Құралай сұлу кесенесін қайта көтеруге 

атсалысқанына ризашылығын білдірді.

Сонымен  қатар,  Тараз  инновациялық-

гуманитарлық    университетінің    студенттері 

«Құралай  сұлу»  поэмасынан  үзінділер  оқып, 

жас  ақын  Наурызбек  Саршаев  қайсар  аруға 

арнаған  арнауын  шабыттана  оқыды.  Сондай-ақ, 

аруақтарға  құран  бағышталып,  облыс  басшысы 

кесене алдындағы ескерткіш тақтаны ашты.

Өткенін  ұмытқан  елдің  болашағы  жоғы,  өз 

тарихын  сыйламаған  халықтың  өзі  де  қадірсіз 

қалатыны  ғасырлар    дəлелдеген  аксиома. 

Сондықтан  да,  болашақты  ойлай  отырып, 

тарихты құрметтеу, өткеннің өнегесін бойға сіңіру 

–  келешегі  жарқын  елдің  тірлігі.  Келер  ұрпаққа 

берер өнегеміз, өзіміздің де ұмытылмасымыздың 

кепілі болмақ.

Ө. Байгелді

Ө. Байгелді

Ж. Кəрібаев

Ж. Кəрібаев

Ə. Қалдыбаев

Ə. Қалдыбаев

С. Жошыбаев

С. Жошыбаев

Өрлеу – өріс


9

23 қазан,

№43 (471)

Тойға тарту



ЖАҢА АЛЛЕЯ ЕҢБЕК ДАҢҚЫН ДƏРІПТЕЙДІ 

Облыс  орталығы – Тараз  қаласынан  тағы  бір  көрікті  аллея  ашылмақшы.  Көпшіліктің 

игілігіне арналған жаңа нысан облысымыздың жетпіс бес жылдық мерейтойына арналады. 

Төле би даңғылының бойындағы Қ.Рысқұлбеков саябағының алдынан ашылуы тиіс аллея 

«Еңбек даңқы» деп аталады. 

Көгеріштермен  көріктендіріліп,  субұрқақтармен 

сəн  қосқан  аллеяда  үш  тақта  орнатылып,  онда 

облысымыздың  даңқын  арттырған  азаматтардың 

есімдері  жазылған.  Тақталардың  біріне  облыстың, 

екіншісіне  Тараз  қаласының  Құрметті  азаматтары, 

ал  келесісіне  Олимпиада  жеңімпаздары  мен 

жүлдегерлері,  Əлем  жəне  Азия  ойындарының 

жеңімпаздарының  тізімі  жазылған.  Адамды  алға 

жетелеп,  абырой  əперетін  еңбек  екенін,  додалы 

тартыстарда  елінің  намысын  қорғап,  елену  ерлікпен 

теңдігін  дəріптейтін  жаңа  аллея  Тараз  қаласының 

келбетіне ажар қосары сөзсіз. 

–  Бұл  нысанның  құрылысын 16 қыркүйектен 

бастадық.  Жалпы,  құрылыс  құны 42 миллион 

теңге.  Аллеяның  жалпы  аумағының 25 пайызы 

көгалдандырылды.  Қарағай,  қайың  ағаштарымен 

қоса  ең  қымбат  тянь-шаньдық  боз  арша 

отырғызылды. Ағаштар арасына көгалдар төселді. 

Үш  субұрқақтар  орнатылды.  Олардың  біреуі  сегіз 

бұрышты  жұлдызша  кейіпте,  ал  қалған  екеуі 

тіктөртбұрыш қалпымен жасалды. Субұрқақтардың 

технологиясы  өте  бағалы,  бұл  Тараз  қаласындағы 

алғашқысы  болып  отыр.  Кəріз  құбыры  да 

тың  технологиямен  жүргізілді.  Оның  жиегіне 

қолданылған  гранит  тасы  Қордайдан  шығарылған. 

Ал,  жарықтандыруға  қолданылған  электр  шамдары 

«Тараз-энерджидің» 

өнімі. 

Аллеяның 

маңынан 

өтетін  жаяу  жүргінші  жолына  да  өзіміздің  асфальт 

төселді. Осы жол бойы мен аллея ішіне барлығы 15 

орындық  қойылды.  Жəне  осы  жолдың  бойындағы 

ағаштардың  түбінен  арық  жүргіздік.  Аллеяның 

құрылыс  жұмысына 50-ге  тарта  адам  жəне 20-ға 

жуық  техника  жұмылдырылды.  Сəндік  көгеріштер, 

əлгінде  айтылған  ағаш  түрлері  облысымыздың 75 

жылдық  мерейтойына  компаниямыздың  атынан 

тарту  етілді  десем,  артық  емес.  Себебі,  бұларға 

қаржы  бөлінбеген,  компаниямыздың  өз  тарапынан 

қосылып отыр, – дейді құрылысты жүргізуші мердігер 

компания  «СК  Тараз-Еврострой»  ЖШС-ның  участок 

басшысы Бауыржан Төлепов.

Небəрі  бір  ай,  бір  апта  уақыт  ішінде  жасалған 

«Еңбек даңқы» аллеясы көрер көзді сүйсіндіріп-ақ тұр. 

Ал, ой тереңіне үңілген кісіге еңбекпен көгерер кісінің 

бейнетпен жетер зейнетін айқындайды. 

Таспаға басылған тарих



ОБЛЫС ТУРАЛЫ ТҰҢҒЫШ ДЕРЕКТІ 

ФИЛЬМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Сəні келіскен, тұғыры биік, тұмардай 

қасиетті,  əулиелі  Əулиеата  өңірінің 

тарихы да қазақтың өзіндей қарапайым, 

сонысымен де күрделі. Облыс құрылған 

1939  жылдан  бергі  уақыт  ішінде 

облыстың  тарихи  баяны,  өсіп-өркендеу 

жолы,  бастан  кешкен  оқиғалары  тарих 

бедерінде таңбаланып қалды. Қазақтың 

қасиетінен 

алыстамаған, 

қоңырқай 

тіршілік  кешкен  халықтың  ырыздығы 

мен  несібесі  де  адалынан  болды. 

Еліміздің ең өркенді, көрікті əрі қасиетті 

аймағы  саналатын  Жамбыл  жерінің 

айтулы ақынның атымен аталуы да тегін 

болмаса керек. Бір ғана Шу алқабының 

өңірі  Керей  мен  Жəнібектің  хандық 

құрып, қазақ ұлтын ұйыстырған қастерлі 

мекені.  Асан  Қайғы  бабамыз  Жуалы 

жеріне  келгенде  арқалап  алып  кетейін 

десе,  ат  сауырына  сыймайтынын 

айтып  қамығыпты  деген  де  аңыз 

бар.  Алты  Алашты  аузына  қаратқан 

данагөй  Төле  бидің,  əулие  кейіпті 

Жамбыл  мен  Кененнің,  кескекті  ердің 

сойындай  болған  Тұрар  Рысқұлов  пен 

Бауыржан  Момышұлының  киесі  сіңген 

бұл  топырақтың  текті  болмауы  мүмкін 

емес  еді.  Одан  беріде  қазақтың  көркем 

сөзін  жүйелі  түрде  дəріптеген  Шерхан 

Мұртаза  мен  Əкім  Тарази  бар.  Мұның 

бəрі тарих, ұрпақ үшін тағылым болмақ.

Ұлы  Жібек  жолының  бойындағы 

баһадүрі  мен  батырлары,  ақындары 

мен  ғалымдары  көп  шыққан  Əулиеата 

өңірінің  тарихын  бейнелеп,  ұрпаққа 

жеткізуді жергілікті «Қазақстан – Тараз» 

телеарнасы  қолға  алды.  Облыстың  

жетпіс  бес  жылдық  мерейтойына 

орай  түсірілген  он  бөлімнен  тұратын 

«Жамбыл  тарихы»  деректі  фильмінің 

айтары ерекше. Мұнда синхронды түрде 

емес,  суреттер  арқылы  аудандардың 

құрылу  тарихы,  соғыс  жылдарындағы 

облыс  халқының  тіршілігі  суреттеледі. 

Сонымен  қатар,  облыстың  айтулы 

мерейтойына  орай  телеарнаның  өзге 

де  фильмдер  түсіруді  қолға  алғанын 

телеарна  директоры  əрі  сценарий 

авторы  Мейрамбек  Төлепберген  айтып 

берді. 

– 

Қазіргі 

қоғамда 

телевизия 

саласы 

қоғамдық-саяси 

өмірде, 

жұртшылық 

арасында 

бұрынғыға 

қарағанда  күшті.  Қазіргі  көрерменнің 

талғамы  да,  талабы  да  басқаша. 

Алайда,  бұрынғыларды  да  жоққа 

шығаруға  болмайды.  Тіпті,  елімізде 

жүздеп  саналатын  телеарналардың 

арасынан  ұнамды  хабарды  əркім-ақ 

қалайды. 

Телеарнаның 

сақталған 

аздаған  қоры  бар.  Алайда,  кейбірінің 

бояуы  өшкен.  Біразын  көшіріп  алдық. 

Енді  қазір  заманға  сəйкес  техникамыз 

бар,  мұнда  ештеңе  ешқашан  өшпейді. 

Мұрағатта  Тараз  қаласының  екі 

мың  жылдығына  арналған  хабарлар 

бар,  бірақ  сапасы  қазіргі  уақытқа 

сай  келмейді.  Сондықтан  мұрағатқа 

деген  көзқарасты  өзгерту  керек. 

Облыстың  жетпіс  бес  жылдығына 

арналған 

он 

бөлімнен 

тұратын 

фильмді 14 қазан  күні  эфирден  бердік. 

Мұнда облыс тарихы туралы əңгіме өз 

алдына,  тəуелсіздіктің  елімізге  алып 

келген  игі  жақсылықтары  айтылады. 

Одан  кейін  «Елбасы  жəне  жайнаған 

Жамбылым!»  атты  деректі  фильм 

түсірілді.  Мұнда  Елбасының  еліміз 

тəуелсіздік алған жылдан бері облысқа 

жасаған  сапары  қамтылған.  Яғни, 

1991  жылдан  басталған  сюжеттер, 

–  дейді  Мейрамбек  Мылтықбайұлы. 

Сонымен  қатар, «Жамбыл  менің  туған 

өлкем»  деген  бұдан  өзге  жиырма  үш 

минуттық  деректі  фильмге  облыстан 

шыққан  Социалистік  Еңбек  Ері  Мəрзия 

Ибрагимова,  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагері  Уəтай  Əлімходжаев,  кезінде 

облысты  басқарған  қоғам  қайраткері 

Өмірбек  Байгелді,  қазіргі  облыс  əкімі 

Кəрім 

Көкірекбаев, 



ақын-драматург 

Арғынбай 

Бекбосын, 

қаламыздағы 

Б.Момышұлы  атындағы  №45  мектеп-

гимназияның 

директоры 

Айша 


Ниязбекова  сияқты  елімізге  белгілі 

тұлғалар 

қатыстырылған. 

Аталған 


азаматтар  облыс  туралы,  туған  өлкесі 

жайлы  ой-пікірлерін  ортаға  салып, 

кеңінен 

толғанады. 

Айта 

кетейік, 



бұл  фильм  Мейрамбек  Төлепберген 

«Қазақстан – Тараз»  телеарнасының 

басшылығына 

келгелі 


бері 

қолға 


алынған  төртінші  жоба.  Бұған  дейін 

телеарна 

тарапынан 

Шерхан 


Мұртазаның 80 жылдығына,  Əкім 

Таразидің 80 жылдығына жəне Төле би 

Əлібекұлының 350 жылдығына арналып 

деректі фильмдер түсірілген болатын.



ӨТКЕН ӨМІР, АРТТА ҚАЛҒАН КҮНДЕР ТАРИХҚА АЙНАЛАДЫ. ӨТКЕНСІЗ 

БҮГІН БОЛМАЙТЫН БОЛСА, БҮГІНСІЗ ӨТКЕННІҢ ЕСКЕ АЛЫНБАЙТЫНЫ ТАҒЫ 

БАР. ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ƏРБІР БӨЛШЕГІ КӨНЕ ТАРИХ. ЕСТЕ ЖОҚ ЕСКІ 

ЗАМАНДАРДАҒЫ АТ ТҰЯҒЫНЫҢ ДҮБІРІ, БАБАЛАРДЫҢ ƏУЛИЕЛІ СӨЗДЕРІ, 

НАЙЗА ҰШЫНДА ОЙНАҒАН АҚИҚАТТЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТІНЕ 

ҚАТЫСТЫ КЕП. ҰЛТТЫҢ ТАРИХЫН ТАРАЗЫЛАП, ҰРПАҚҚА НАСИХАТТАУДА 

КӨРКЕМ ƏДЕБИЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ АЙРЫҚША. ТАРИХ ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛҒАН 

ТОҚСАН ТҮРЛІ ТОЛҒАМДАР МЕН БАРЛЫҚ БАЙЛАМДАР ҰЛТТЫҢ РУХЫНА 

СІҢІП, БОЛМЫСЫМЕН БІРГЕ ЖАСАП КЕЛЕДІ. СОЛ СИЯҚТЫ КИНО САЛАСЫ 

ДА ИДЕОЛОГИЯНЫҢ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛЫ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ. САЙЫН 

САХАРАНЫҢ СИПАТЫН КӨРСЕТЕТІН, КЕЛБЕТІН АШАТЫН ТУЫНДЫЛАРДЫҢ 

ӨЗІНІҢ ТАРИХҚА АЙНАЛҒАНЫНА ТАРИХ КУƏ. 

     Хамит ЕСАМАН

ƏУЛИЕАТАНЫҢ ƏЛЕУЕТІН ƏҢГІМЕЛЕЙТІН БЕС КІТАП

Əулиеата  өңірінің  облыс  ретінде  құрылғанына  жетпіс  бес  жыл  толуына  орай  бес  кітап 

жарыққа  шығарылмақшы.  Келмеске  кеткен  өткен  уақыттан  қалатын  деректер  қағазға 

хатталып, басылғанда ғана келер ұрпаққа құндылығын жоғалтпай жетері анық. 

  Қамар ҚАРАСАЕВА

Жыр алыбы Жамбылдың есімін иемденген облысымыз 

жайлы ой тербеген қаламгерлердің көркем шығармалары, 

осында қызмет етіп, елге еңбекпен танылған азаматтардың 

лебіздері, естеліктері жəне айтыскер ақындардың жырлары 

«Атыңнан  айналайын,  Əулиеата»  кітабына  жинақталды. 

Жинақты құрастырушы, жазушы-драматург Елен Əлімжан 

жаңа кітап жайында былай дейді:



–Жамбыл  атамыз  бір  жырында  «Атыңнан 

айналайын,  Əулиеата,  атыңды  мен  алды  деп  болма 

қапа»  дейді.  Кітапты  осылай  жыр  арнаған  ақынның 

өлеңімен аштық. Жинағымыз негізгі 3 бөлімнен тұрады. 

Жамбыл  Жабаев  атамыздан  бастап,  бүгінгі  Ерлан 

Жүніске дейінгі Əулиеатаның топырағында туған немесе 

осында  өсіп,  танылған  ақындардың,  жазушылардың 

облысымызға арналған туындылары келтірілді. Мысалы, 

Асқар  Тоқмағанбетов,  Сырбай  Мəуленов  секілді  белгілі 

қаламгерлердің  жəне  Шыңғыс  Айтматовтың  біздің 

өңірде  болған  кездерінен  алған  əсерін  бейнелеген 

əңгімелерінен,  Əбіш  Кекілбаевтың  «Талайғы  Тараз» 

кітабынан  үзінді  алынды.  Көпке  танымал  ақын  апамыз 

Фариза  Оңғарсынова  Жамбыл  облысын  екінші  туған 

жеріндей  көреді  екен.  Себебі,  осы  жақтан  жанына 

жақын  достар  тапқан,  солар  арқылы  мұнда  жиі  келген. 

Меймандос 

жамбылдықтардың 

дархан 

пейілінен 

марқайған  көңілі  туған  жеріндей  көрген  екен.  Сондай-

ақ,  орыс  жазушыларынан    Галина  Серебрякова,  Алдан-

Семенов,  ленинградтық  Леонидовтың  туындылары 

да  осы  кітаптан  орын  алды.  Жамбыл  атамыздың 

«Ленинградтық  өренім»  атты  өлеңінде  ондағы  жау 

қамағына 

алынған 

Ленинград 

қаласындағыларға 

арналғанын  білесіздер.  Сол  жау  қамауынан  шығып, 

Əулиеата  топырағына  табан  тіреген  қиын-қыстау 

сəттері  суреттелген  жазбасы  да  жаңа  жинаққа 

кіріктірілді.  Бір  қызығы – ол  Ленинградтың  Жамбыл 

көшесінде тұрған екен, кейінгі өмірі Жамбыл қаласында 

өтті.  Мүмкіндігінше,  Жамбыл  облысына  қатысты 

ақын-жазушылардың  туындыларын  жинақтадық,  бірақ 

бəрін  қамту  мүмкін  емес,  себебі  ондай  қаламгерлеріміз 

баршылық.  Тек  құрылғанына 75 жыл  толып  отырған 

облысымызға  тікелей  сəйкес  келетіндерді,  сосын  о 

дүниелік  болғандарды  алдымен  кіріктіруге  тырыстық. 

Сонымен  қатар,  бұл  кітапта  Жамбыл  өңірінің  өрлеуіне 

қызметтерімен  үлес  қосқандар  немесе  Əулиеатаның 

топырағында  туып,  еліміздің  өркендеуіне 

еңбек сіңірген азаматтар да жазылды. Бүгінге 

дейін Тараз қаласының ең көрікті жері болып 

отырған орталық алаңды алғаш жоспарлап, 

салған  қоғам  қайраткері  Асанбай  Асқаров 

секілді облысымыздың дамуына еңбек еткен 

азаматтардың осы өңір жайлы естеліктері 

де  бар.  Жəне  айтыскер  ақындардың 

арнаулары  да  ұмыт  қалған  жоқ.  Шорабек 

Айдаровтан  бастап,  Асхат  Қылышбекке 

дейінгі  Жамбыл  облысының  абыройын 

асқақтатқан,  туған  жерін  көркем  сөзбен 

кестелеген жырлары жиналды, – дейді. 

  Айтулы  мерейтойға  орай  шығарылған 

келесі  кітап  «Жамбыл  облысы – 75. 

Жылнама-шежіре» 

жайында 

жазушы-


журналист, 

облыстық 

мемлекеттік 

мұрағаттың  бөлім  басшысы  Мақұлбек 

Рысдəулет:

–  Сонау 1939 жылдың 14 қазанында 

Ақмола,  Семей,  Жамбыл  облыстары 

құрылған 

болатын. 

Негізінен 

ауыл 

шаруашылық жəне химия өндірісін дамыту 

мақсаты  көзделген.  Топырағы  шұрайлы 

Жамбыл  өңірі  ауыл  шаруашылығына 

қолайлы. Техникалық дақылдар, яғни қант 

қызылшасы, темекі, кендір, мақта, майлы 

дақылдар  егіледі.  Ал,  химия  өндірісіне 

келсек, 1935 жылы  Машкара  деген 

геолог  Қаратау  бөктерінен  химияның 

мол  кенін  табады.  Білесіздер,  барлық 

өндіріске  химия  керек. 1941 жылы  соғыс 

басталғанына қарамастан химия қолға алынады. Соғыс 

жылдарында  майдан  шебіндегілерге  жамбылдықтар 

мол  азық-түлік,  киім-кешек  жіберіп  отырды.  Міне, 

осы  кезеңдерде  ерен  еңбек  еткен  азаматтар,  тыл 

еңбеккерлері  жайында  жазылды.  Өңіріміздің 30-40 

жылдардағы  халықтың  демографиялық  тұрмыстық 

жағдайлары,  Жамбыл  қаласының  өркендеуі  де  осы 

кітапта суреттеледі. Кеңес дəуіріндегі билік партиясы 

80  жылдың  ортасында  құлдырай  бастады  да 1991 

жылдың 3 қыркүйегінде  қызметін  тоқтатты.  Партия 

қызметкерлерінің  сол  бір  жылдардағы  саяси  ұйымды 

сақтап  қалуға  тырысқан  жұмыстары  да  осы  кітапта 

айтылады.  Кітап  əр  жылдар  бойынша  жазылды  да 

кейінгі  жылдардағы  іс-шаралар,  тарихи  маңызы  бар 

оқиғалар хроника түрінде берілді. Жəне облысымыздағы 

Кеңес  Одағының  социалистік  еңбек  ерлері,  Құрметті 

азаматтары,  Олимпиада  чемпиондары,  облыстың 

бірінші басшылары туралы жазылды, – дейді.  

Тағы  бір  жинақ  көрікті  кескін-келбетінің  суреттерін 

жинақтайды. Яғни, бұл фотоальбомнан Əулиеата өңірінен 

бой  көтерген  зəулім  ғимараттар,  кəсіпорындар  мен 

əлеуметтік маңызы бар нысандардың заман талабына сай 

түрленген көріністерін көреміз.  

Біздің облысымыз түгін тартса майы шығатын шұрайлы 

жерімен,  сонысымен  шырайланған  жасыл  желектерімен 

ерекшеленеді.  Жапырақтарын  кеңге  жайып,  жан  біткенге 

сая  болар  ағаштармен  ажарланған  көшелер,  саябақтар, 

аллеялардың да суреттерін аталған кітаптан табамыз. 

Мерейтойға арналып шығарылып отырған бес кітаптың 

енді  бірі  «Тараз – Ұлы  Жібек  Жолының  маржаны»  деп 

аталды. Аты айтып тұрғандай мұнда көне шаһарымыздың 

тарихынан сыр шертіледі. Ежелден белгілі, бірнеше елдің 

арасын  жалғаған  Ұлы  Жібек  Жолының  бойынан  орын 

алған  Тараздың  тарихтың  темірқазығы  екені  дəлелді 

деректермен жеткізіледі. 

Облысымыздың  əр  кезеңде  жаңаша  бағыт  алып, 

дамуына  еңбектің  түрлі  саласында  үлес  қосқан 

азаматтарының  есімдерін  ескеру  де  мерейтойда 

ұмытылмады. 

Өңірдің 

өрлеуіне 

өзіндік 

үлесін 


қызметтерімен  қосқан  Құрметті  азаматтар  «Құрмет» 

кітабына жазылды. 

Жетпіс  бес  жасқа  жеткен  Жамбыл  облысының 

мерейтойына  тарту  етілген  бұл  кітаптар  елінің  өткенін, 

тегін  білуге  ниеттенген  əрбір  ұрпаққа  баға  жетпес 

құнды дүние болмақ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет